Квас әзірлеу
Қара нанның тілімдерін духовкаға күйіп кетпейтіндей етіп кептіреді. Осылай кептірілген 1кг нанды кастролге немесе бачекқа салып, үстіне қайнап тұрған судан 8-10л құйылады. Аузың жауып 3-4 сағатқа қояды. Мұнан кейін тұңбаны сүзіп алып, оған 25гр ашытқы, 200гр қант, 25гр жалбыз салынады. Ыдыстың бетін салфеткамен жауып, осы күйінде ашу үшін 10-12сағат қойып қояды. Квас көпіршіктене бастаған кезде екінші рет сүзеді де ішіне 50гр мейіз салынған шөлмектерге құйып, аузың тығыңдап тастайды. Жапқаннан кейін тығыңдардың сыртың шпагатпен орап тастау керек. Шөлмектерді салқын жерге қоямыз. 2-3 күннен кейін квас дайын.
«Ой таным» журналынан
1 пікір