Өте дәмді

Асыңыз дәмді болсын! /
Уа, халайық! Мыны жазбам енді жартылай жарнамаға да ұқсайтын түрі бар-ау, не де болса кешіккен жазба болды. Ештен кеш жақсы деген.

Сіркіреп жауын жауып тұрған 8 наурызда Берікболдан мынадай журнал алып едім, тойыс ол беріп еді:
"Өте дәмді" атты журнал осы жылдың ақпан айынан жарыққа шығып жатыр екен. Айына бір рет шығатын бұл журнал қазақ тілінде жарық көреді. Енді бастап шығып жатқандықтан болар, онда байқау жүріп жатыр. Яғни, сіз онда өзі қолыңызбен жасалған ерекше мәзірді суретке түсіріп жіберу арқылы 3000 бірлікке ие бола аласыз.
Тап қазір аталмыш журналдан өзімді қызықтырған бір мәзірді ұсынсам деп едім. Таңғы ас үшін оңай, әрі дәмді келеді.

Қарақұмықтан (гречка) жасалынған бұл мәзір «немісше дайындалған котлет» деген атқа ие. Осы мәзірді ВК әлеуметтік желісінен көргеніммен жасай қойған жоқ едім, тағы алдымнан шыққан соң сіздерге ұсынуды жөн санадым.

Сонымен, тазалықты сақтай отырып, Алла атымен бастайық. Бізге керектілер:
1. Қарақұмық — 3 кесе:
2. Жұмыртқа — 4 түйір;
3. Пияз — 5 түйір; (үлкендеу)
4. май — қуыру үшін;
5. тұз, бұрыш дәміне қарай;

Дайындалу жолы: Алдымен қарақұмықты пісіріп аласыз:

Пиязды текшелеп турап, майға қуырасыз:


Екеуі де суыған соң, қосып үстіне жұмыртқа, тұз, бұрыш қосып, араластырасыз. Егер котлетіңіз шашылып кетіп жатса тағы бір жұмыртқа қоссаңыз болады:
… .

Дайын болған қоспаларды қасықпен, болмаса қолмен пішінге келтіріп майға екі жағын да қызарта пісіріп аласыз. Дайын котлеттер:



Дәл сол күні гуляш пісіріп едім, сол тағаммен ұсынғанға таптырмайтын боп шықты)))) Гуляш демекші… осы бір тағам жайлы бір әнек бар еді ғой, сол есіме түседі ылғи. Содан кейін болар мәзірін ұсынып жатпаймын. Әнек мынау:

Екі дос кездесіп қалады. Біріншісі:
— Әйеліңмен ажырасып кетіпсің ғой, неге?
— Ол гуляш істей алмайтын.
— Қызықсың, гуляштан да басқа тағамдар жетіп-артылады ғой
— Бары бар ғой, бірақ ол гуляштан басқа ештеңе пісірмейтін...
қықықық, міне:


Ертең Блогқұрылтайға келем деушілер жолға пісіріп алса жарайды. Ас дәмді болсын!

8 наурызда Берікбол сыйлаған гүлді шекер салынған суға салып қойған болатынмын, міне, бүгін оныншы күн иісі де, өзі де қалпында тұр. Сәтті пайдаланып, Берікболға алғысымды білдіремін!



Сурет сапасыздығы үшін кешіріп қойыңыздар. Көріскенше, достар!!!

24 пікір

4o4
мәссаған))) басың жасайт, гречкадан котлет жасау деген)))))))))) тамаша)
korwinin_kyzy
тойыс

РАХМЕТ! НЕАБЫШНЫ ШЫҒЫПТЫ

Бірақ превый мен второйды жеп алған кезім еді
Соңғы өңделген уақыты:
mairosh
котлет, қарақұмық котлеті, Берікбол, Өте дәмді, журнал, Майрош)))
ыыы...:)?
Ошм әдемісің. Котлет ооо
4o4
қарын шұрылдаватр енді ана гарнирлерді көріп)))))
qyrmyzy
Иә, қарақұмықтан жедім котлет. Біртүрлі. Етпен үйренген соң ба…
mairosh
qyrmyzy
шын, балаға шоколад дп кәмпит беріп қойған сияқты :(
AKA
Ваааай би, мадис! Аспаздықтан бес екеніңізді білеміз ғой, ал былай негізі соңғы сурет мені қызықтырып отыр :))))
AKA
Айтпақшы, гуляш деген не ол?
Korkem
гуглдан сұраңыз
AKA
Гуглдан сұрайтын болсам сізге жазбаймын ғой, қалқатай. Былай жақсы мәзірлерді гуляшпен жасалатын салсаңыз жақсы болар еді. :)
ZevsKO
Көөркеем, менің сізге ұсынысым бар. Жекеге жазыңыз, Айтаберліктерге сюрприз жасайық!
yerbol89
Өппәәәнәәә Берікбол мұжық екенсін. :) Гүл әдемі, бірақ Көркем гүлден ед адемі. Маған ұнады +1 де йін десем мен + бассам +4 қосылады екен. Сондықтан +4 :)
qyrmyzy
сол, бізде қуанып отырған жайымыз бар :)
korwinin_kyzy
Пияз — 5 түйір;
(үлкендеу)
уааахахаххахаахахахааххаххахаххахахаххахаха
qyrmyzy
Айтқандай, гүлді ұзақ сақтау үшін осылай қант қосылған суға салып қою керек, расымен. Раушан гұлін уақыт өткен сайын сабағын кесіп отыру керек екен. Ал Қырмызы гүлін алдымен жылы суға салып (жарты сағаттай), сосын суық суға салады екен. + суды күнде ауыстырып отыру қажет. Жүрекпен жылытылған гүл солмайды ©
AshTrollToqTrollmenOinamaide
жемес едім, қарақұмық ұнамайтъ нәшшәр
өте дәмді болатын шығар негізі
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.