Өзбекше палау дайындаймыз

Асыңыз дәмді болсын! /
Кеше «Paint редакторымен Палау республикасының жалауын жасаймыз» деген постты көріп, палау есіме түсіп, палау дайындау туралы жазғым келіп кетті.
Отбасыға (6-8 адамға) палауды дайындау үшін бізге:
Асыңыз дәмді болсын!: Өзбекше палау дайындаймыз
1. Ет – 700 г
2. Күріш — 1 кг
3. Пияз — 0.5 кг (5-6 үлкен пияз)
4. Сәбіз — 1 кг
5. Күнбағыс майы
6. Дәмдеуіштер — 50 гр(зира немесе палауға арналған дәмдеуіш)
Палауды дайындаудың бірнеше жолдары бар, бірақ қай жағдайда болсын қазансыз дайындау мүмкін емес.
1. Палауды дайындардан алдын қазанды жақсылап жуып аламыз.Содан соң қазанды қатты отқа қоямыз.
2. Қазанды отқа 5-7 минутқа қалдырып, одан соң май қүямыз.
3. Қазанды отта аздап түтін шыққанға дейін қалдырамыз, әдетте ол 8-10 минутқа дейін созылады.Ал осы уақытта пиязды жартылай сақинаша кесіп дайындаймыз.
4. Қазанға пиязды салған сәттен бастап, оны араластыра бастаймыз.
Ескерту: Қазанның қақпағын жабуға болмайды.Қазанның қақпағы күріш салынған соң ғана жабылуы тиіс
Асыңыз дәмді болсын!: Өзбекше палау дайындаймыз
5. 7-10 минуттан соң пияз сарғая бастайды.
Дәмді палау тек пиязды жақсылап қуырсаңыз ғана шығады. Қуырылған пияз палаудың дәмі мен түсіне үлкен септігін тигізеді.
6. Пияз қуырылып жатқанда етті кубик формасына ұқсатып кішкене бөліктермен кесеміз.
Пияз қалай қуырылып болған сәтте қазанға етті саламыз.Қазанды арластырып, еттің түсі қарауыта бастағанға дейін қатты отта ұстаймыз.
Еттің қуырылу уақыты 15 минуттар аралығында болуы керек.Қазанды 1 минут сайын араластырып тұруды ұмытпаймыз.
7. Сәбізді алдын ала тазалап ұзын бөлік етіп кесеміз. Ет куырылған соң қазанға сәбізді саламыз. Қазандағы тағамды 15-20 минут қуырамыз, бірақ араластырып тұруды ұмытпаймыз.
8. Содан соң қазанға қайнаған суды құямыз. Су қазандағы тағамды толығымен жауып тұру қажет, бірақ сол уакытта қазандағы тағамнан асып кетпеуі керек. Нәтижесінде қазанда зируақ деп аталатын тағам шығады.
Асыңыз дәмді болсын!: Өзбекше палау дайындаймыз
9. Қазандағы отты барынша азайтып қоямыз. 1 шай қасық тұз және қалауымызша дәмдеуіштер себеміз.
10. Енді қазандағы зирвақтың дәмін көреміз. Жағымды тұзды дәм пайда болу керек.Зирвақтың тұзды дәміне қорқудың қажеті жоқ, тұзды дәм күрішті пісіргенде азайып кетеді.
11. Күрішті пісіргенге суды қайнату керек. Күрішті тазалап жуамыз. Кейін жылы су құйып сол суда 15 минут қалдырамыз.
12. Қазанның астындағы отты барынша көбейтеміз.Зируақтын үстінен күрішті саламыз, кәкпірмен күріштің бетін тегістейміз. Содан соң қазанға қайнаған су құйылады. Су күріштен небәрі 1,5 см ғана асып тұруы қажет.
13.Қазанның астындағы оттың мөлшерін ауыстырмай, су күріштің мөлшерінен азайғанға дейін ұстаймыз. Бірақ отта ұзақ ұстап қоймаңыз )))
Ескерту: Қазандағы тағамды қозғауға болмайды.
14. Қазандағы күріштің дәмін көреміз, күрішіміз жартылай пісуі керек. Егер күріш қатты және жартылай піспеген болса, қазанға тағы қайнаған су құю қажет.Қайнаған суды абайлап құю қажет, өйткені күріштің формасын бұзуы мүмкін.
15. Енді палауды дайындауды ең манызды және жауапкершілігі жоғары сәт түсті.Күріш тек жартылай пісуі қажет,өйткені ол қақпағы жабылған қазанда тағы 15-20 минут пісуі керек.Егер осы уақытқа дейін күріш піскен болса, онда алдыңғы уақытта сіз күрішті қатты пісіріп жіберіп, палаудың дәмін әбден бұзуыңыз мүмкін.
16. Енді қазанның астындағы отты барынша төмендетеміз. Қазандағы күрішті кәкпірдің көмегімен қазанның ортасына жинаймыз.Қазанның ортасына жиналған күріштің бірнеше жерінен тесеміз.Сосын қазанның қақпағын жауып қоямыз.
17. Палауды 10-15 минут барынша азайтылған отта ұстаймыз.
28. Қазанның қақпағын ашып тек күрішті ғана араластырамыз (тек күрішті). 10 минут отта ұстаймыз.Сосын отты өшіреміз.
19. Дайын болған күрішті кәкпірмен араластырамыз.Күрішті, сәбізді, етті бәрін біркелкі араластырамыз. Егер сіз осы жоғарыда жазылған кеңестердің бәрін дұрыс орындасаңыз, онда сіз піскен және дәмде күріш аласыз. Бұл дұрыс дайындалған палау. Егер сіз дұрыс орындамаған болсаңыз — күріш шикі немесе қатты пісіп кеткен болады.
20. Дайын болған палауды легенге салып, отбасыны дастархан басына шақыруға болады.
Асыңыз дәмді болсын!: Өзбекше палау дайындаймыз

21 пікір

gulli
керемет! бірақ, фото суреттерді көбінше салғанында оқуға да қарауға да қызық болар ма еді? ссіз тек жуа қуырылып жатқанын салыпсыз(. соңғы піскен кезіндегі суретте де бір сайттан алынған(
scorpion
Палауды өзім дайындап суретке түсірейін десем аузым берік.Басқа сайттан алып ара арасына тығып қойсам бола ма?
gulli
сонда мына жазғаныңыз өзіңіз емес пе
scorpion
хе хе )Жазғаным өзімдікі, суреттер өзімдікі емес
gulli
болатын болар,,,
AKA
Шымкенттіктердің бірі палау басуды көрсетіп жіберсе, видеомен болса тіпті керемет болар еді. Сол жақтың палауы қалай боларын білгім келеД. :))
scorpion
Біз де шымкенттебіз ғой
AKA
зируақ
деген не зат? «Леген» дегеніңізге қарап Шымкенттен екеніңізді түсіндім. Бірақ, дәл осы әдіс ең кең таралғаны ғой, Шымкентте тағы да басқа түрлі-түрлісін жасайД қой, әсіресе өзбектер шашыратып тұрып. Сол күріштердің суреттерінен болса ең құрығанда :))
AKA
палауды легенге салып
Әлі күліп отырмын
rauan
сіздерде тазик па?
directxr
Выкусыңа байланысты тағы мейіз, ноқат дегендерді де қосатын еді ғой…
ardak1996
тууу Айбол леген не зат ед, ұмытып қалдым? куштіго тамақ пісіріп білетін сияқтысыз)
Azamat
Палауды керемет жақсы көремін! Сілекейімді шұбырттыңызғо!
ereke_enu
Осы ай палаудан шығып қалған шығарсың?)
scorpion
Жоқ, анда-санда жегім кеп қалған кезде, азық түлік бар болса істеймін.
ereke1108
Леген деген Табақ!
ardak1996
уууу күшті. Палау, күріш)))
mttorebek
Осы мәзір бойынша бастағанмын, күріш салғаннан кейін «миым ашып» екі рет су құйып қайнатсам күрішім жартылай піспеген сияқты болды… Ара-арасын тестім де, салафанмен бетін жауып 15-20 мин астын жәй қойып қойдым… Уф дұрыс пісті, болмаса мына жазбаның соңындағы дұрыс піспей қалуы мүмкін деген сөйлемнен қорқып едім… Рахмет жазба үшін, мұнан басқа дұрыс жазылған жазба таппадым өзім интернеттен…
Kan
қолың дерт көрмесін дәмді шығар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.