Қазан кәуәп

Асыңыз дәмді болсын! /
Қайырлы күн достар! Мен де бір тамаша ас мәзірін айтқанды жөн көрдім. Қазан кәуәп деген, алдымыз көктем көгалға шыққанда жасап жеуге болады. Әңгімені созбай асқа кірісейік, алдымен жаңа сойылған қой етінен адам санына қарай аламыз, құйрық қосып турап бұқтырамыз бұқтыруға тұз, майонез, дәмдеуіштер қосып жақсылап араластырып 2-3 сағатқа ет салынған ыдыстың бетін жауып қоямыз. Етіміз дайын болғанша беке(айва) ағашынан істіктер дайындаймыз, жіңішкелігі қаламдай ұзындығыда сондай болғаны жөн, тазалап аршып ұштаймыз, дайындаған істікке құйрық май мен етті араластырып өткіземіз, өткізіп болғасын, қазанның астына құйрық майды жұқа етіп кесіп теріп шығамыз да, үстіне помидор, пияз, болгар қалампыры (болгарский перец ) турап, саламыз, оның үстінен кәуәбымызды теріп шығамыз да, бетін бүркеп жауып қоямыз. Астына отты алдымен бір қайнатып сосын маздатып отырып жағамыз, шамамен 45-60 минөт аясында асымыз дайын болады. Асыңыз дәмді болсын!!!
Ескертпе картоп салуға да болады еттің астына.

18 пікір

yerbol89
Аузымнын суы ағып кетті ғой Ереке! Алла нәсіп етсе бір сарыағашқа өтіп қолыңыздан дайындалған Қазан Кәуап жеп қайту керек болды ғой. :)
Erlan
Қазан кәуап тамаша екен дәмі де, мұрнымызға исі кеп кетті,
Рембрандтың «кір жуып жатқан әйел» картинкасын көргенде мұрныма кірдің исі келіп тұрды деп еді Ғабит Мүсірепов атамыз. Мағанда қазан кәуаптың дәмі кеп кетті шынында Сарығашқа қыдырып бару керек екен. Үйреніп алатын екен.
Yasin
есік ашық келсеңіздер қой сойып күтіп аламын
Zhanat
көкке шыққанда жасап көру керек екен, біз жақта көбіне сірне жасаймыз.
VVVWWW
Zhanat, сол сірне жайында толық жазсаңыз, қалай дайындалатынын таба алмай жур едім (әр кім әр қалай айтады), мүмкін бөлек пост етіп
Zhanat
дайындау жолын жазу оңай ғой, суреттерімен бірге бірде пысырып салармын.сонда жақсырақ болады.
VVVWWW
Ондай болса тіпті тамаша болар еді, алдын ала рахмет!
Jako
Сірне — деген біздің жақтың сырбазы болар деп ойлаймын.
Zhanat
иә, кей жерлерде солай атайды екен. созақ деген жерде солай аталатын бір екі күн бұрын естідім
Jako
Ясин, мына қазан кәуап деген тағам барбекьюда жасалған кауапқа ұқсайма деймін, міндетті түрде істеп көремін.
Yasin
Жаке, ия солардың тағамы шамалы өзгешілігі етті айва ағашына өткізіп жасайды Алла жазса жасасам суреттерін қоямын
qyrmyzy
Ағааааааа, на не? Оразада?
Yasin
қайсы?
qyrmyzy
жазбаны айтам да
Yasin
жазба қаңтар айында жазылған ғой
qyrmyzy
сонда да…
Yasin
Оразада бір жасап жегім келіп жүр ауыз ашарға
qyrmyzy
аааааааааааааааааааа
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.