Мобильді жүйелерге шолу. Бірінші бөлім.

Ұялы телефондар /
Қазір бәрімізде телефон бар. Жай телефон емес, мобильді телефон. Қазіргі модильді телефондар тек сөйлесу құралы емес, олар енді ақылды телефон болды немесе смартфон болды. Біз смартфон арқылы интернетке шығамыз, суретке түсеміз, навигатор ретінде қолданамыз, бейнебайланыс орнатамыз. Бірақ көбісі сапалы байланыс іздейді, ия сапалы байланыс әрине керек, бірақ сапалы байланыс — «сапасыз» жасалған қытай телефондарында да бар. Ал біздің санамызда әлі де тек Nokia телефондарында немесе смартфондарында ғана сапа бар секілді. Бірақ қазір олай емес, бұл брендттің әлемдегі смартфондардың үлесі небары 10 пайыз. Оған кінәлі Nokia компаниясының смартфондар нарығын дамытпай тежеп қалуы. Ескі Symbian негізіндегі жүйеде жасалған смартфондарды әлі де әшекейлеп сатуда.

Apple компаниясының бастығы (CEO) Stive Jobs iPhone-ды таныстыруда. 2007 жыл MacWorld Expo.

Осы сәтті өз игісіне пайдаланған Apple компаниясы, 2007 жылы MacWorld Expo концеренциясында өзінің тұңғыш сенсорлы iPhone смартфондарын ұсыақ iPhone тұңғыш серсорлы смартфон емес, сенсорлы смартфондар оған дейін де болды ғой. Онда iPhone-ға тоқтала кетейік, смартфондар нарығына революция (келіспейтіндер эволюция деп оқысын) жасаған iPhone-ның ерекшеліктерін атап өтейін. Ыңғайлы интерфейс немесе ыңғайлы басқарылуы. iOS, бұл толықтай сенсорлы басқаруға арналып жасалған ОЖ.

iPhone шыққанда барлық ОЖ-лер QWERTY клавиатурасы немесе ыңғайсыз стилус арқылы басқарылатын. iPhone-ға дейінгі смартфондарға бағдарлама орнатып көргендер болса түсінеді, ал iPhone интуетивті, түсінікті интерфейс ұсынды немесе басқару ортасын ұсынды. iPhone-ның тағы бір ерекшелігі ол жылдамдылығы, Apple компаниясы өзінің тауарларын толықтай өзі жасайды, ішіндегі барлық компоненттері, оның программалары толықтай сәйкестендіріліп жасалды. Алайда, 2008 жылы әлемге әйгілі Google компаниясы да смартфон нарығындағы потенциалын байқап, өзінің android ож-нің бірінші нұсқасын шығарған болатын. Бірақ android, iOS-қа қарағанда кодты ашық ОЖ болатын. Осының арқасында Android ОЖ-ін кез-келген телефон шығарушы өздерінің смартфондарында пайдалануға мүмкік алды.

Бірақ алғашқыда android әлі смартфондар нарығын жаулауға дайын емес еді. Бірақ уақыт емші, қазіргі таңда android ОЖ 30дан смартфон жасаушы компания қолданады. Күн сайын әлем бойынша 700 мыңнан астам android жүйесінде негізделген смартфон белсендіріледі, google қызметтеріне қосылады. Әйгілі IDC аналитикалық орталықтың мәлімдемесі бойынша, android негізіндегі смартфондардың үлесі 60% жуық.

Android 4 ОЖ негізінде жасалған Asus Padfone және Padfone Station.
Ал соңғы шыққан android ОЖ-нің 4-ші нұсқасы тек смартфондарда емес, планшеттерге де орнатылады. Осының арқасында, смартфонға бөлек, планшетке бөлек программа немесе ойын жасаудың қажеті жоқ. Бір ойыныңызды немесе бағдарламаңызды планшетіңізде де, смартфоныңызда да бірдей қолдануыңызға болады.

Бірінші бөлімнің соңы.

7 пікір

qyrmyzy
Саған Android деген ник жарасады, негізі
balgalym
барлық жерге пікір жазып үлгіріпсің :)
qyrmyzy
Асығу керек, тындыру керек барлығын!
Ешкімнің күтпей жарлығын!
Апармай кешке, асығу керек, асығу,
Түстегі ісіңнің қалдығын
©

Үлгеру керек!
balgalym
посттарыңды жазщищ оданда :)
qyrmyzy
Сен кеткен соң жазам
pari
Жалпы жазба жаман ееемес, маған ұнады.Екінші бөлімді асыға күтетін боламын :)Іске сәт!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.