Телефонды суға түсіріп алсаңыз...
Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да, ұялы телефонымызды суға түсіріп алдық немесе осындай жағдайдың куәсі болдық. Мұндай жағдайда не істеу керек? Назарларыңызға телефоныңызға екінші "өмір" беретін кеңестерді ұсынамыз.
Не істеуге болмайды?
Телефонды сілкуге болмайды. Бұл оны толығымен істен шығаруы мүмкін: су толығымен платаларға ағып, элементтерге кері әсерін тигізеді.
Телефонды микротолқынды пештің, феннің немесе басқа қызу құрылғылардың көмегімен құрғатпаңыз. Олар телефон ішіндегі сымдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
Не істеуге болады?
Біріншіден телефондағы батареяны алып тастап, сим картаны ұяшығынан шығарып алыңыз. Сим-картаны неғұрлым тез шығарсаңыз, соғұрлым ақпараттың сақталу ықтималдылығы жоғары болады.
Телефонды үрлеп, оны орамалмен құрғатып сүртіп алған жөн.
Телефонды бірнеше сағатқа күріші бар тәрелкеге қойыңыз. Күріш телефондағы қалған ылғалды өзіне сіңіріп алады.
Телефонды күріші бар тәрелкеден алып, оның бетін құрғақ шүберекпен сүртіп, сим-карта мен батареяны орнына қойыңыз. Сіздің телефоныңыз іске қосылуы керек.
Егер сіздің телефоныңыз батпаққа немесе унитазға түсіп кетсе, оны антибактериялды немесе спиртті майлықпен сүртіңіз
Толығырақ мына жерде www.massaget.kz/tehno/faq?tag=%D2%B1%D1%8F%D0%BB%D1%8B+%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%84%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D1%8B+%D1%81%D1%83%D2%93%D0%B0+%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BF+%D0%B0%D0%BB%D1%81%D0%B0%D2%A3%D1%8B%D0%B7
11 пікір
Ол қалай болды?
Жазда балдар суға түсіп жүрген еді… Менің телефоным қалтамда еді.есімнен шығып кетіпті. Судан бір баланы шығарып аламын деп жүрген кезде, мені біреу суға итеріп жіберді… телефоным суға батты… шығарып алдық…
Мен не істедім?!
Телефонның тез ашылатын бөлшектерін ашып, СИМ карта менен флешканы құрғақ жерге қойдым, экранды, сотканы күнге кептірдім.кешке үйге келген соң песоктің ішіне 2 күндей уақытқа салып қойдым…
Нәтиже қандай?
Экран жасамай қалды, ауыстырдым