Өмірдегі ең үлкен ұстазым...
..25-жыл мұғалім болды. Мамамды айтам… Шәкірттердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі, әлі де тәрбиелеу үстінде.
90-шы жылдардағы 2,5 мыңдық айлықтың өзін бірнеше айлап алмай жүрді. Бірақ оқытты. Жарық жоқ болды. Шырақ жағып қоятын мектепте… Жылу жоқ болатын. Қолғаппен ұстайтын борды…
Ең бастысы — інім екеумізді тәрбиеледі. Бізбен мақтанатын… бірақ, өзінің осындай қылып тәрбиелегенін ойына да алмайтын…
Бір жерлерге барасың… Барған адамың бетіңе қарап тұрып: -Сен Раушан апайдың баласы емессің ба?,-дейді… Тірлігің тез бітеді Мақтаныш кернейді бойыңды…
Ұрсады… бірақ еркелеткендей естіледі…
Кей кезде тыңдамай кетеміз… еркелік қой…
Жасы біразға барды… бірақ оқушыларынан, бізден қуат алатындай…
Өмірдегі ең үлкен ұстазымызды құттықтауды ұмытпайық!
32 пікір
рахметҰмытып кетіппін ғой таңертен құттықтауды… Бүгін грамота береді екен гарано :)
Мен ес білгелі балабақшада жұмыстейді, шамасы анамның да стажы 25 жылға жақындады-ау димін :)
Менімен мақтанарлықтай дәрежеге жетпедім бірақ, болашақта, Алла бұйыртса, болашақта!
Әдетте мұғалім апайларда жалпы қыздар қауымының тырнақтары болуы заңдылық. Ерсі пікірлегенше, жөнімізбен кіріп жөнімізбен шығайық посттан
Бүгін ұстаздар күніне арналған концерттік бағдарлама болған-ды. Өте күшті өтті. Сонда өлең айтып нетіп келген жайым бар.
Барлық ұстаздар қауымын, болашақ ұстаздарды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!