Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз! /


Бүгін той! Бүгін думанды күн! Бүгін туған күн!

Иә, бірімізге — дос, бірімізге — аға, бірімізге -іні, енді біріміздің сүйіктісіZhanat ты туған күнімен құттықтаймыз!!!



Жанат аға, Айтабердің қанша қолданушысы, қанша қонағы болса, сізге деген соншама тілегі болары анық! Ендеше, қабыл алыңыз:



Yasin :
Арманың Астанадай асқақ болсын!
Мәртебең Бәйтеректей биік болсын.
Көңілің Сарыарқаның самалындай.
Басыңа бақыт, дәулет, шаттық қонсын!!!

Інім,әркез асулардан асыңыз,
Аман болсын алтын сіздің басыңыз.
Туыс -туған ақ тілекпен жиналды.
Құтты болсын 29-ға келген жасыңыз!!!

Уақыт — ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалық шақ жағалауына қол бұлғап, адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.

Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардын алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бақытпен жет.

yerbol89
Бір басы екі бас болып, бізге үлгілі аға болып жүре берсін. Бірінші туған анасын, сосын туылған Жанатты құттыктаймын. Көп жасап, айналасындағы адамдарға қуаныш сыйлап жүре беруіне тілектеспін. СЖ-ға кіріп тұрыңыз :)

zhomart :
Құрметти Жанат мырза, туған күн қутты болсын! Сүйгеніңнің сүйктісі болып, бақыттың базарында басын бақыттан айналып жүрсин! Алланын сүйкті құлы болуды жазсын, өмірдегі бар жақсылықты тілеймін.

khairbek :
Әшейінде ауыз жаппай, той дегенде өлең таппай…
Туған күнің құтты болсын болсын!
Қуанышты, бақытты күндер көп болсын!
Әрдайым аспаның ашық болып,
Іс табысты, денсаулық мықты болсын!

Madi
Жанат аға, туған күнiңiз құтты болсын! Бiрiншi байлық — денсаулық, екiншi байлық — ақжаулық демекшi, барлық байлықтарыңыз түгел болсын. Бiзге, жастарға, қызықты посттарыныз көбейе берсiн. Бұл өмiрде бақытты өмiр деген болмайды, бақытты сәттер деген болады, сол бақытты сәттерiңiз көп болсын!


«Амен» махаббаттарыңыз берік болсын —

Дастарханыңыз жиналмасын —

Ауырмаңыз , спортпен айналысыңыз !

Жұмысыңызға мол табыс тілейміз!

Әрқашан былай жүріңіз —

Мынадайдан шаршамаңыз —

Ал, бәріміз естелікке суретке түсіп жіберейік:

Очм, ертерек тойға барайық —

Кездескенше

37 пікір

yesbolat83
Жәке, туылған күнің құтты болсын. Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпей, өзіңе қымбат жандардың арасында бақытты боп жүре беруіңе тілектеспін. Қазағымның сүйікті ұлы бол!
Zhanat
Рахмет. Аумин!
khairbek
сонғы жағын кесып тастапсын гой и,? барин коспадынба?
Zhanat
меніңі туған күніме арнап рокошки пысырмадың ба))
korwinin_kyzy
пысрмадынбан несы,? узбечке солев кеттынго
Zhanat
өзбекше емес, біз жақта солай айтамыз
Jako
Жанат, мен де құттықтаймын!Өміріңнің қиыншылық жақтары аз,қуанышты, шуақты жақтары мол болуына тілектеспін!
Zhanat
айтқаныңыз келсін аға! сіздей немере сүюге жазсын осындағы жастарға
mairosh
о ағау сіздің де туылған күніңіз кеп қалыпты ғой. Туылған күніңізбен. Өмірде бақытты бол. ИИ жаным ағам сол))
Zhanat
Қорапта қоян бар ма, секіре береді))) рахмет.
Korkem
Құттықтаймын!неужели, үлгердім))
Zhanat
рахмет, үлгермедің))
Ais_97
Жанат аға туған күніңізбен, мол бақыт, зор денсаулық тілеймін!
Zhanat
Айсара қарындасым рахмет.
менін туған күнім өтіп кетті Қырмызы.....(((
Жанат ер екенсізғо туған күніңізбен!
followme_alik
(: Туылған күніңмен, Жәке. :)
Zhanat
Қырмызы қарындасым үүлкен рахмет, саған Алла разы болсын!
Zhanat
Жоғарыдағы тілек айтқан жігіттерге де рахмет
Abylai
Мынау қащааан? Айтаберге Екі күн кірмеп едім, бәәәрінен құр қалыппын. Кеш те болса бір құттықтавжверейін. Ал Жанат аға, туылған күнің құтты болсын, қандай бақыттысың туылған күніңді құттықтап жатыр, ал біреулердің туылуы мүмкін күндерін құттықтап жатыр ((( ощм бақытты бол, аңсаған армандарыңа жет, тездетіп үйлен енд.
Ademi
ал біреулердің туылуы мүмкін күндерін құттықтап жатыр
әбден жәбірленіпсің-ау, жігітім:)
Abylai
((( Абылай уақытында туылғанда ғой (((
Ademi
((( Абылай уақытында туылғанда ғой (((
уақытында туылу мүмкіндігі болмаған соң туылған да. Шүкіршілік ет, уаще тумағанда не болатын еді...??? Біреулер КҮНсіз, біреулер АБЫЛАЙсыз, біреулер ҰЛсыз…
Тәйт! Естімейін енді!!!
Abylai
ұрспащ
Ademi
Кешірші. Кофені көп ішіп жіберіп, жүрегім нетіп, не бов отырм
Zhanat
рахмет Әбеке. кешеден бері көп естіген тілегім үйлен деген тілек, сол тілектеріңді бір орындамасам ба)))
Aikona
Туған күніңізбен! Үлкеееен бақыт, мықты денсаулық, керемет сәттілік тілеймін! Өзіңіз армандаған арманға жетіп, табысқа жете беріңіз!
Zhanat
аумин айтқаныңыз келсін
korwinin_kyzy
ал енды біздің Айтабердегы Жанұямыздын уйытқысы, асыл аке абзал жар, балаларыннын суйыкты акесы, акесынын суйыкты баласы, қарандастарынын суйыкты агасы, агаларын суйыкты сіңілісі Жанат осылай қатарыннын алды болып жұре бер, не айтайын енды
Жони туған күніңмен. Белестерді бағындырып, асқарлардан ас. Асау атыңды ертеп мін (жатып күлген түрім)
Zhanat
Рахмет, Асето!
Ademi
Біздің туған күнді айтам да… жылда бір сарында… баяғы бейне… баяғы сыйлықтар… баяғы орын.
Aikona
өзгерту өз қолыңда ғой…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.