Ақ тілекпен
Ассалаумағалейкум, құрметті Айтаберлік қауым!




Бүгін Айтаберде үлкен той! Үлкен қуаныш! Сайтымыздың аяулы да, қадірлі, нәзік те, сұлу қолданушысы, сайтымыздың админі Садық Шерімбектің туылған күні. Сонау 1991 жылдын 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жарияламас бұрын 26 қарашада шыр етіп дүние есігін айқара ашып іңгәләп
Туылған күніңіз құтты болсын!!! 
Бала-Садық
Садық деп ол баланың атын қойды.
Біртүрлі болды нұсқасы,
Порымды мынау баланың.
Алдымдағы жақсылар,
Келбетіне қарағын.
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей,
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей.
Құлағы болды қалқандай,
Мұрынына қарасаң,
Сығымданған талқандай.
Көзі терең зындандай,
Басқан ізін қарасаң,
Көрінед оттың орнындай.
Аузы үлкен ошақтай,
Азу тісі пышақтай.
Иегі бар сеңгердей,
Бір блоггер болды сол күнде-ай.
Құрметті Садық аға! Осынау айтулы күні Сізге деген зор құрметімді білдіремін. Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілеймін! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспін! Өзіңдей кең пейілді, дархан көңілді адаммен дәмдес болуды бұйырған жандардың шынайы ықыласын уақыт шыңдай түсіп, жасыңа жас қосылған сайын айналаңа тілектес, ниеттес адамдар көбейе түссін!
Құдайым көктем берсін,
Көктем берсе – көптен берсін,
Құдайым жаздай берсін,
Жаздай берсе – жазбай берсін,
Құдайым күздей берсін,
Күздей берсе — үзбей берсін,
Құдайым қыстай берсін,
Қыстай берсе – қыспай берсін!,- демекпін.


28 пікір
Шынымен жасағаныңдай-ақ екен)))