Тәуелсіздік күні-мерекесі құтты болсын!
Таразда биылғы Тәуелсіздік күні-мерекесі Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші алдында Желтоқсан оқиғасы батырларын еске алып, оларға тағзым етіп, гүл қоюдан басталды. Қалалық оркестр тартылыпты.Бір минут үнсіздіктен кейін, гүл қою рәсімі болды.Биыл ауа райының қатты аяздығына қарамай адамдар өте көп жиылыпты, соған орай қойылған гүл де өте мол болды.Әкімшілік бұйрығының араласқаны(кейбір кісілер тізімге тіркеліп жатты, мұғалімдер шығар деп ойладым) байқалып тұрса да адам қарасының көп болғаны өзіме ұнады.Барлықтарыңызды Тәуелсіздік күні-мерекесімен құттықтаймын!Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі, Елімнің арта берсін берекесі!
10 пікір
Мерекеміз құтты болсын.
Бұл үрдіс қайдан шыққанын білмеймін, әйтеуір тек қана орыс халқында ғана емес әлемнің біраз елдерінде қоолдапнылады-ау деймін. Ал еенді молда шақырып құран түсіру дегенің құлаққа енеді, мүмкін ұйымдастырушылар ауа райынан сескенген болар.