Жаңа жыл құтты болсын!

Құттықтаймыз! /


Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.
Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!
Айтаберліктер сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Отбасылық бақыт, береке, саулық әкелсін! Алға қойған барлық мақсаттарыңыз орындалсын! Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!

Құтты болсын Жаңа жыл!!!

Өкпе жоқ ескі жылға денсаулықпен,
Жеткізген жаңа жылға аман-есен.
Ескі жыл алып қал! — деп ауырлықты,
Тілейік жаңа жылдан жақсылықты.
Жаңа жыл алып келсін бәрімізге,
Алдымен бірінші боп денсаулықты.
Содан соң бірлік, тату, тәттілікті,
Қайғысыз жақсы іс пен сәттілікті.

Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,
Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.
Көрсетпей ешбір бетін жамандықтың,
Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын.
Ел тыныш, бала-шаға аман болып,
Дос-жаран, ағайынмен орта толсын.
Қуаныш әкелетін әрбір жанға,
Жаңа жыл, ағайындар, ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

4 пікір

Yasin
қайдағы жаңа жыл бізде Оңтүстікте қаралы күн «мысыққа ойын, тышқанға өлім» деген осы екен ғой
Ais_97
Білем кешірім сұраймын
Jako
Ясинді түсінуге болады, Айсара.Садық та бүгін сайтта қаралы күн жариялаған, ертең Қазақстан бойынша, азаматтарымызды бір сәт аза тұтайық.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.