Көктем мерекесі құтты болсын!
Барша Қазақстандық, оның ішінде Айтаберлік қыз-келіншектерді көктем мерекесі 8-ші Март мейрамымен құттықтаймын.Баршаңызға мықты денсаулық, от басыларыңызға таусылмас жылылық, дастархандарыңызға береке,өмірлеріңізге мереке тілеймін.Мейрамдарыңыз құтты болсын!!!
11 пікір
Сіздер — біздерді шабыттандыратын бұлақ көзімізсіздер ғоооо, ал біз:
… шаруаның ауырына, күннің суық, ыстығына қарамайтын…
… ақша көбірек табу үшін, кейде күні бойы жұмыс істеуге тура келетін…
… күннің көп бөлігін компьютерде(біреуіміз көлікте тағы солай) тесіліп отыруымыз...
бұның бәрі аюға шыққан аңшының айтқанындай, қаншалықты биігіне қарамастан тау шыңына шығып, алып жануармен күшің тең келмесе де жығыса кету, бұлар тек үйге аю терісін әкелу үшін ғана, сондағысы күлкі шуағын көру үшін. Яғни жанұя жағдайы керемет болуы үшін, және де астын сызып айтарлықтай сіздердің жүздеріңіздегі күлкі шуағы, қылықтарыңызға куә болу.
Мейрамдарыңыз құтты болсын!
(Үйленбеген өзімді, жанұя тірегі, отағасы орнына қойып жазғым келді)Қыздар құтты болсын мерекелерін, күндерінді керемет өткізіңдер. Сыйлықтың астында қалыңдар))