"7 мамыр-Отан қорғаушылар күні"

Құттықтаймыз! /

Айтабердегі қауымға бір сәлееееееееееееем)) Қымбатты да аса қадірменді жігіттер, аға-іні, бауыр, достар сіздерді «7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен» құттықтаймын!!! Мемлекеттік мереке мәртебесін алып, күнтізбеде қызыл түске боялған бұл күн нұр-шуағын ала келсін! Өмірлеріңіз өлшеусіз ұзақ, көңілдеріңіз көтеріңкі, бақыттарыңыз баянды, жарларыңыз бен сүйіктілеріңіз ең аяулы, жұмыстарыңыз оң, табыстарыңыз мол болуына тілектеспін!!!
Ел-жұртының тыныштығын күзеткен,
Ер-жігіттер, жыр арнаймын жүректен.
Құтты болсын мересі ерлердің,
Біздің бақыт қолдарыңда сендердің.
Ер-жігітті шын сыйласаң арулар,
Ең қымбат та, бағасыз сый бергенің.
Биік тұрар намысы мен жігері,
Мейірім мен нұрға толы жүрегі.
Ер жігіттер аман болсын әрдайым,
Мерекеге ақ тілекті арнаймын.

Мереке күндеріңіз көңілді өтсін. Дәл осылай сыйлықтың астында көміліп, бастарыңыз ғана көрініп тұрсын!!!

Шарап ашып шулатып, би-билеп, думандатып тойлаңыздар!!!

3 пікір

aitaber
Рахмееетус :)
AL-ASTER
Ерулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай.
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Әр түйірі ат болмай,
Атыңды байлап келгенде,
Қатын-бала жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!

P.S.: Мереке құтты болсын!
yesbolat83
Отанын, елін, жерін сүйетін айбынды азаматтарымыз саны арта берсін! Мереке құтты болсын, жігіттер!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.