Көтерген шаңырақ биік болсын!

Құттықтаймыз! /

Аллах Тағала бұл дүниеде әрбір нәрсені жұп жұбымен жаратты. Жақында діндегі бір ағам өзінің өмірлік жарын таңдап, шаңырақ көтерді. Жас шаңырақ иелеріне ар-Рахман Аллах екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Абдуллаһ ибн Амр (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында дүниенің баршасы нығымет, ол нығыметтің ең қайырлысы – әйел», – дейді. Осындай ең үлкен нығметке ие болып отырған ағамның құрған шаңырағы биік болып, керегесі кеңейе берсін.
«Қиямет күні арштың айналасына кейбір кісілер үшін орындықтар қойылады. Олардың беттері толған ай сияқты болып тұрады. Адамдар қияметтің қорқынышынан қорқып тұрғанда, олар еш нәрседен қауіптенбей отырады. Адамдар қорқыныштан қалтырап тұрады, олар қалтырамайды. Олар Алланың достары болғандықтан оларға қорқыныш та, қауіп-қатер де жоқ. Адамдар сұрады: «Олар кім, я Алланың Елшісі?» Пайғамбарымыз (оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар Алла жолында достасқан кісілер»,-деп жауап берді». Сіздерге де осы орынға отыруға ар-Рахим Аллах нәсіп етсін.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бір тайпа адамдар бар, олар пайғамбарлар да емес, шейіттер де емес. Бірақ олардың мәртебесін пайғамбарлар да, шейіттер де армандайды».
Сахабалар: «Я Расулуллаһ бізге олар жайлы айтып беріңізші»,-десті.
Пайғамбарымыз (оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар Алла жолында достасқандар, Алла жолында бірге отырғандар, Алла жолында бір-бірінен хабар алып, зияратқа барғандар»,-деді. Осындай пайғамбарлар мен шейіттер де армандайтын мәртебені сіздерге бұйыруды нәсіп еткей.
Көзді ашып жұмғанша өтіп кететін, қамшының қысқа сабындай мына жалған дүниенің сынақтарына бірге төтеп беріп, бақыт шыңына бірге шығыңыздар. Теңіздің бір шетінен қарасаң, шеті көрінбейтін мөлдір суды көресің, сол сияқты шаңырақта орнаған сүйіспеншілік те берекелі әрі шексіз болсын.
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Жақсы көретін әрі жиі туатын әйелдерге үйленіңдер! Расында, мен (Қиямет күні) басқа үмметтердің алдында сендердің көптігімен мақтанамын!»дейді. Үй-іші балалардың күлкілеріне толып, жүрегінде иманы тұнып тұрған салиқалы, ізгі ұрпақты тәрбиелеп, қартайған кезіңізде жаңыңызға жалау, қолғанат болатын ұл-қыздарды ал-Уаһһаб Аллах сіздерге нәсіп етсін!
Амирали — Айгерім араларыңыздан сыйластық кетпесін, бір-бірлеріңізге сүйеу болып ин ша Аллах бірге қартайыңыздар). Амин.

3 пікір

Kan
құттықтаймыз! некелері мәнгі болсын.
yesbolat83
Үй-іші балалардың күлкілеріне толып, жүрегінде иманы тұнып тұрған салиқалы, ізгі ұрпақты тәрбиелеп, қартайған кезіңізде жаңыңызға жалау, қолғанат болатын ұл-қыздарды ал-Уаһһаб Аллах сіздерге нәсіп етсін!
Әмин.
satirik92
Әумин. Әдемі түзілген.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.