Видеоблог-3

Медиа Центр /
Біздің видео блогымыздың үшінші нөмірі де міне жарық көрді! Йә, бірақ уақыты созылып кетті бұл нөмірі шығамын дегенше. Негізінде камера сатып алып, бірден камерамен түсіреміз деп ойлағанбыз. Бірақ камера алуға ыңғайы келмеді. Енді сол камераны келесі айда аламыз деп жоспарлап жүрміз. Оның үстіне мен шашымды алып тастап едім. Шашым қысқа кезде камераға түскім келмейтін әдеті бар еді:) Бірақ бүгін сонда да не болса да түсіре берейік деп шештік. Менің жеке пікіріммен санасатын болсақ осы үшінші нөмірі бәрінен де қызықты болып шықты. Маған қатты ұнады. Ішінде күлкілі жері де көбірек болды. Енді осыны түсіріп шыққаннан кейін біраз шабытымыз ұстап күн сайын түсіріп тұруға ұйғардық. Әттең камераның жоқ болғаны! Камера болғанында бұдан 100 есе жақсы шығаратын едік. Ешқандай сапасы жоқ видеоның. Соткамен түсіріп жүрміз енді, соған да әзір қанағат дейміз. Соткамен түсірілген видеоның әрине дауысында да сапа болмайды. Айкеро студиясында ешқандай сапасыз продукттар шығып жатыр:) Қайтеміз енді барға қанағат. Видео блогымызды тамашалап жіберіңіздер:



Ұялы телефонға жүктеу

ИсточникӨмірдің өзі бұл

10 пікір

rauan
axaxaxaxa супер бірак качества мен актерлік кабілет мулдем жок
aitaber
Сендерге бір жаааақсы камера керек боп жүр ғой:) Жарайсыңдар Aikero Studio:)
rauan
ия сол біздерге жақсы бір спонсор керек боп тур гой
konvict
Жақсы режиссер де артық етпейді))))
aikedoku
Орданыкісің ба? Келсей бізге жақсы режиссер боласың.
Turekhan
bluff titler ма сондай емес пе?! Берш маған?!
Ais_97
Жақсы видео, тек жақсы түсіретін камера болса болғаны +1
khairbek
паражняктарын құтты болсын ДЖЕЙМС КАМЕРОН сымақтар
aikedoku
рахмет, бірге болсын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.