Асылбек Еңсеповтың орындауындағы тамаша күйлермен бөлісе кетсем

Медиа Центр /


Көңілім құлазып ауылымды аңсағанда, кейде бір демалып ән тыңдағым келсе Асылек Еңсеповтың екі күйін тыңдайтын едім. Жеке басым Асылек Еңсеповтың шығармашылығына тәнтімін. Асылбектің орындауындағы екі күймен бөлісе кетсем қарсы болмайсыздар деген ойдамын. Сіздер де тыңдап домбыраның әсем әуенімен сусындап отырыңыздар. Садық туған жерді шет жақта жүріп сағынсаң осы күйді бір тыңдап аларсың. :)

Асылбек Еңсепов -Құралай

Асылбек Енсепов — Река любви


Бейнеклипі

10 пікір

Korkem
Әсіресе мынау «река любви» дегені ғажап екен! Ұнады…
Көңілім құлазып
)))
Togzhan
Иә, мына күй өте тамаша шыққан, әсіресе бейнебаяндағы табиғат көрінісі адамға бір керемет сезім сыйлайды…
Jako
Әуезді, сазды бірақ менің түсінігімде «КҮЙ»-деген домбыраның қоңыр үні,қазығымның сағымды, сары даласы, сол даланы дүркіреткен көп тұяқтяң дүбірі.Бұл жерден оны көре алмадым.Бұл енді еврокүй болар.Музыкалық өремнің төмен екендігіне кешірім сүраймын.
yerbol89
Дұрыс айтасыз ағасы. Күй тек өзі орындалып күмбірлеп шығады, бірақ әр заттың заманына қарай демекші. Басқа да әуенмен әсерленіп тамаша, құлақа жағымды етіп өзгертілген күй кімнің болса да жүрегіннен орын табары сөзсіз. Осы екі әсем әнмен ұштастырылыған Асылбектің орындауындағы күйлер жүрегімнен сазды әуенімен орын алды.
Jako
Ербол, мен бабалар көзімен қарайтын адаммын ғой, көп нәрселерде көзкарастарым қазіргі уақытпен қабыспай жатады.Бала кезімде эстрадалық(ВИО) ансамбльде гитарамен Сарыарқа күйін орындап сол кездегі музыка білгірлерінен таяқ жегенмін.Содан домбыраға көшіп кеттім.Сол таяқ есіме түсіп кетті.Сол сыншылардың мына күйді естімей кетіп қалғанына қуанып отырмын, жүрегі қысылып қалар еді.Менің сөзіме шыли мән бере бермеңдер.
Керемет)шынымды айтсам мен Асылбектің фанатымын ғо, кейде шаршап шалдығып бір жерден келгенде соның өлеңін қосып ұйықтап қалған кезім болды… Асылбектің күйлері адамды күшті дем алдырады) Оның любой күйі керемет!
erke_ky3
Асылбек Еңсеповтың барлық күйлері жанға сондай жағымды. Жүрегіңді тебірентпей қоймайды. Шынымды айтсам мына «Река любви» күйін бұрын соңды тыңдап көрмеппін. Керемет! Рахмет Ербол
AKA
Мынадай етіп әнді қалай салуға болады. Кивиге жуктеп, кодын қойсам шықпай тұр. Айтып жібере аласыз ба?
Салу менікі, тыңдау сенікі. жақсы күй. базар жоқ!

Zhanat
Асыобектің күйлерін сүйіп тыңдайтындардың бірімін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.