Журналист болғың келе ме?

Медиа Центр /
Бір күні көптен көрмеген сыныптасыммен кездесіп қалдым. Әй да, сөйле келіп,"Қалайсың? Қалай жағдайың?" деген жаттанды сауалдардан кейін күйбең тірліктің әңгімесіне көштік.

-Не істеп жүрсің? Қайдасың?
-Алматыда оқып жатырмын, ҚазГУде
-Мәәәә, КазГУде, күштісің ғой ә! Кім боласың бітіргенде?
-Журналист боламыз ғой
-Мааа, журналист боласың ба не? Мeнің арманым ғой журналист болу. Телевизордан көретін болдық қой сені.
-Хех, арманың болса неге түспедің?
-Білмеймін, басқа саланы таңдап кете беріппіз ғой,
-Әлі де кеш емес оқуға, арманыңды іске асырмайсың ба?
-Өй, қойшы, икем керек қой оған…

Міне, осындай әңгімелерден кейін олар өздері-ақ қаша бастайды. Бәлкім, бойларындағы жалқаулық желкесін мықтап басқан болар… Дегенмен, осылай айта бастасаң бәрі қаша бастайды.

Бұл жерде біреуге бірдеңе деп айтып, өтірік пәлсапаланудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы әр адам айтар сөзі мен тілегін ұштастырып, байланыстырып сөйлей білуі тиіс. Содан кейін барып, арманның орындалуы немесе оны орындауға жол дегендерді ойлауға болады. Ия, бәлкім кейбіреулердің қаражат жағынан проблемалары болып, сосын өз ойы мен сезімінде шатасып қалып жататыны бар шығар. Ия, біздің заманымызды университетте оқудың өзі мұң. Оқуды әке шешеңнің қалтасы көтере бермейтіні тағы бар. Мұндай жағдайда не оқу, не жұмыс жоқ күй кешіп жүре бермей, оқуды да жұмысты да жасайтын мүмкіндіктер қарастыру керек.

Журналист болғың келе ме? Жарайды. Курстарға бар. Ешкім шектеп тұрған жоқ. Жақында журналистер дайындайтын мектеп MediaSchool журналист болуға талаптыларды жинамақ.
18–ші наурызға дейін жазыл да, оқи бер. Үш ай оқып, бір ай қалаған жеріңнен практика өтіп, қабілетің керемет болып жатса, жұмысқа да орналасасың. Басқа студенттерден ұтатын жерің, қысқа мерзім ішінде журналистік курстің базалық негіздемесің біліп аласың. Егер еңбектене түссең, мықты жұмыс табуың да ғажап емес. Журналистика саласындағы жетекші мамандармен пікір алмасып, ойыңды шыңдай түсесің. Бастысы, лекциядағыдай ұйықтап отырмайсың, тренинг түрінде өтетін сабақта жаңа достар табасың. Оқу ақысы да тым қымбат емес. Айына-25000 теңге.

Тек қана журналистік курс емес, басқа да шеберлік арттырар курстар бар. Соларға барып шыңдалуға болады. Қазіргі кезде экономисттің оқуын оқып алып, жұмыс таба алмай қиналып жүргеннен гөрі, электрик курсын оқып, экономисттің еңбекақысынан жоғары жалақы алуға болады.

Тек… Тек… Өмірді қиындатудың керегі жоқ.

Р.S: курс жөнінде толығырақ білгіңіз келсе мында өтіңіз
www.facebook.com/groups/medianet.kz/

32 пікір

satirik92
қай жерден қалай оқуға кіреді досым айтып жіберші?
satirik92
авторға рахмет
VVVWWW
Журналист болу үшін ең бірінші талант керек емес пе (екі ауыз сөздің басын құрап жаза алмайтын мен сияқтылардан қанша жыл оқытсаң да ештеңе шыға қоймас) Мысалы даусы жоқ адамды оқытып әнші қыла алмайсың, қисық аяққа доп тебуді үйретем деп ешқашан футболист қыла алмайсың деген сияқты ғой
ZevsKO
99% еңбек,1% талант деген позицияны ешкім өтірік ойлап таппаған болар. Егер екі ауыз сөздің басын құрай алатын болсаң еңбектенуге болады. ал икем болмаса қанша тырыссаң да ештеңе шықпайды дегеніңмен келісемін. Бірақ «мобильді журналистика» пайда болар болса, алып кетуге болады.
VVVWWW
Менің айтқым келгені «журналистика» өнер, ол өнерге қабілеті жоқ болса ешқашан ешкімді үйрете алмайсың, әрине болады ғой журналистсымақ етіп шығаруға (әлгі АКА айтқан Шымкеттік газеттеріндегідей), бірақ олар ешқашан шын мамандық иесі бола алмайды (мысалы мені оқытып талантты ақын қылып шағарыңызшы десем, менен ақын шығар ма екен).
Сіздер өздеріңіз журналист болғасын байқамайсыздар, одардың өмірге деген көзқарасы, психологиясы мүлдем өзгеше болады (мысалы бір оқиғаны қабылдауы). Қалай түсіндірсем екен, журналист ол жәй адам көре білмеген нәрсені жеткізуші
Соңғы өңделген уақыты:
qyrmyzy
Журналисикаға өнер(ақындық қасиет, әнші, биші, күйші, актер) қаже емес. Журнилисика ол — журналистика. Ақпарат таратушы!
qyrmyzy
ВВВ, ешкім диктор болып тумайды. Дауысын дұрыстайды тек. Арнайы жаттығулар мен күтімнің арқасында әдемі дауыс пайда болады. Иә, келісем, журналистердің оқиғаны сараптауы, қабылдауы басқа да қарапайым елден өзгешеленеді, әрине тәжірибенің арқасында. Журналистер көбіне психолог болады. Өнер адамы емес. Аудиторяны тарту үшін актриса, әнші, бишілерді жүргізуші етеді бүгінде, сосын қазақ ілін еркін меңгерген орыс ұлтын :(
VVVWWW
Айтысу үшін емес жәй өз ойымды білдіргенім ғой пікірталастыру үшін, сен де жақсы айттың (мүмкін солай болар), әркім өз пікірінде қала берсін (әйтпесе ұзаққа созылып кететін түрі бар)
qyrmyzy
мен де айтысу үшін жазғам жоқ, қоғамда сондай стереотип бар: кішкене өлең жазса, «ойыбай, сен талантсың, журфакқа түс»
VVVWWW
Рахмет, мен бірақ өз ойымда қаламын: «Журналистика — ол өнер»
ZevsKO
satirik92 мен танысу бақытына ие болдым! Алақай!
ZevsKO
журналистиканы өнер деп қабылдауды қойып, нақты былаптысыз, боямасыз, фактілер арқылы оқырманға дұрыс, тұнық ой, идея беріп, түсіндіру ретінде қабылдау керек. Математика туралы формуланы байланыстыра отырып, сауатты жазған таза журналисті өз басым көрмедім…
begymsulu
Байқаймын, журналистикаға деген ойымыз мүлде сәйкес келмейтін сияқты. ол өнер! сауатты жазатын журналист мүлде жоқ деп айта алмайсыз.
begymsulu
Міне, осындай әңгімелерден кейін олар өздері-ақ қаша бастайды. Бәлкім, бойларындағы жалқаулық желкесін мықтап басқан болар… Дегенмен, осылай айта бастасаң бәрі қаша бастайды. дәл осы сөзді неге жазғаныңызды түсінбедім. сіз мүмкін журналистиканың тек жаман жағын көріп үйреніп алған шығарсыз. Талантыңыз болса, сізге ешкім де кедергі емес. Барып оқып, бола беріңіз. Қазақта қандай мықты журналистер, публицистер болған және бар… Қаласаң кез келген мамандықтан минус табуға болады.
ZevsKO
Жаман жағын көрсетіп алушылар бар. Содан айтып отырмын. Өз армандарынан қол үзетіндерге арнап жаздым
mairosh
Иә, бұл да керек мамандықтың бірі шығар:) Әр кім өз мамандығы жайлы жазса керемет болар еді…
yesbolat83
Мен журналист болуды қатты армандағам. Хабар арнасының жаңа ашылған кезі, Зейін Әліпбек, Ләззат Танысбай, Тілеуғабыл Мыңжасарұлы, Азамат Кенже секілді диктор боп көгілдір экран арқылы қазақстандықтар алдында жаңалықтар айтуды армандаған болатынмын. Қазір ойлап отырсам бәәәрі қызық. Ол арманым орындалмады.
Журналисттерді өте сыйлаймын және түсіністікпен қараймын еңбектеріне.
satirik92
Қайта талпынып көрмедіңіз бе?
satirik92
Кез келген мамандық қайтпас қажырлық, және сансыз еңбекті талап етеді. Журналист болу арманым!
qyrmyzy
әлі де кеш емес
korwinin_kyzy
Нартай Аралбайұлы Болат Наргожин арнайы КТК үшін Алматыдан
ZevsKO
кумиріңіз ғой деймін а?
korwinin_kyzy
Жоқ ашейн жаналық қарап қарап жатталып қалған есімдер го))
yesbolat83
Есболат Амангелді, Николай Кишенин Хабар агенттігі Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласынан.

Көршінің қызы, менің айтқаным қалай?
korwinin_kyzy
Николай Кишенин

Әуесбайдын Қанаты дей салмадынба))))))))))))) өлдеееем
yesbolat83
Николай Кишенин Хабар телеарнасының мықтыыы таспаға түсіретін операторы ғо. Не мазақ етесің.
korwinin_kyzy
жоқ ешқандай мазах жоқ өзім осылай күлем пыросты, негізі естіп жүрген аттардын біріго жүзін көрмесекте осы ЛАНЗАР ЛЮСАН дегенді кім көрт? мен тек атын естідім хахахахахахаахахахахахах
geofizik_001
маған оқушы кезімде мұғалімдер КазГУ-ға журналистикаға түс,қабілетін бар дейтін. Ал мен өзімнен мықты журналист шығатынына сенімсіз болдым. Қазір инженермін(КазНТУ),өкінбеймін.Журналист болу үшін мықты сөздік қорың болуы керек,әр оқиғаны қарапайым емес көркемдік тілмен жеткізе алатындай қабілетің болуы керек. Қымбатты, журналисттер, сәттілік сіздерге!
ZevsKO
ия, журналист болу оңай емес, жүрегі елі үшін езіліп, бірақ мәселені салқынқанды әрі обьективті жаза білудің өзі адамнан өзіне деген адалдықты талап етеді.
erke_ky3
Журналист боламын деген адамды осы салаға машықтайтын, журналистика факультетінің студенттеріне университетте үйренбегенді үйрететін MediaSchool-ға көптеген алғысымды білдіремін. Пост күчті Зевско!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.