PHP-дің математикалық функциялары. Радиан дегеніміз не? (sin() функциясы)

Алдыңғы апта менің басыма бір ой келді, математикадан (алгебра, геометрия) автоматты түрде формула бойынша есеп шыгаратын сайт ашып қойсам ба екен деп. Ойлауын ойланып алдым да енді программасын жазайын десем бір түйір формуланы білмейді екенмін. Екі күн отырдым да дискриминант пен пропорцияны есептейтін программаны әрең дегенде жаздым. (( Иә математика білмей программист болу қиын екен. Математиканы білмейтін программист ол даусы жоқ әнші сияқты ЫЫЫ.

Сонымен айтайын дегенім аз аздан гуглдан сұрап википедиядан сұрап бірдеңелерді жаза бастадым. Сау болсын Тоғжан математигіміз ерінбей біраз формулалар мен терминдерді түсіндіріп берді. енді аздап математикадан хабарым бар деп айта аламын.))

формула мен есептердің программасын жаза келе синус, косинус, тангенс, котангенс есептейтін формулаларға да жетіп қалдық. php-да sin(), cos(), tg() деген функциялар бар екен. Соларды ештеңені ойланбастан программаға салып жібердім.

(Ары қарата менің мылжың жазуларым. оқығыларың келмесе бірден қызылмен жазылған жазуға деген қатарға өтіп кетіңіздер)))

енді мәндерін берсем жауабы дұрыс шықпайды. Тоғжан айтады sin(90) градус 1 (бірге) тең болу керек дейді. Ал программа sin90o = 0.893996663601 деп шығарып тұр.

неге екен деп гуглдан сұрадым. Гугл айтады
sin() функциясы берілген санның синус аргументін қайтарады. Мәнін радианмен жазылу керек дейді

сосын ары қарата уикепедиядан Радиан дегеніміз не деп едім
Радиан[1] — араларындағы доғасының ұзындығы осы шеңбердің радиусына тең, шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрышқа тең СИ жүйесіндегі жазық бұрыштың бірлігі. деп жауап берді. Шынымды айтсам осы жерден ештеңені ұқпадым.

Гуглға қайтадан бардым ба градусты қалай радианға айналдырам деп жаздым, ол радианды қалай градусқа айналдырады деп түсінген болуы керек сірә, былай жауап берді:
Градусқа айналдыру үшін, бұрыштың радиан мәнін 180 ге көбейтіп, Пи-ға бөлу керек дейді.

осы формуланы кері айналдырып жібердім де бұрыштың градусын 180 ге бөліп, Пи-ға көбейтіп едім міне ғажап, есеп шығып тұр ))

Қызылмен жазылған жазу )))

Код былай шықты:


echo 'sin'.$a.'<sup>o</sup> = '.sin($a/180*M_PI); // M_PI деген php дің тұрақтысы (Константа) пи саны


Мынау исходный коды, керек болса ))


<div><br />
<form name="sin" method="post" action="?">
<i>sin</i> = <input type="text" name="a" class="input" /><sup>o</sup>
<input type="submit" name="sin" value="Шешуі" />
</form>
<br />
<?
if($a && $sin) {
echo 'sin'.$a.'<sup>o</sup> = '.sin($a/180*M_PI); 
}
?>
</div>


сосинус, тангенс де осылайша шығарылады. php-да котангенс функциясы жоқ, котангенс табу үшін косинусты синусқа бөлесіңдер ))

кейбір сөздер мен терминдерді қате жазуым мүмкін, айып етпеңдер.

17 пікір

Moldir_96
Керемет, Абылай! Жасаған еңбегіңіздің жемісін көріңіз!
Togzhan
Программа жазуды үйренушілерге біршама мәлімет беріліпті! Жарайсың, Абылай)
Arhun
тамаша, Абылай! Бірақ сенің жасаған есеп шығарушы сайтты тексеріп, байқап көретіндей болсақ… жақсы болар еді
Abylai
рахмет)) шамамен онбес формула бойынша есеп шығаратын программа жазып қойдым. келесі апта біткесін сілтемесін беремін )
MSHERIMBEK
Сілтемесін жекеге емес. Осы сайтқа пост қылып жарияласың жақсы болар еді. Көпшілікке қажет қой
muza
mina jer matematikalik programmalrga kop komegin tigizgen edi kezinde.bari shag za shagom korsetilgen Wolfram|Alpha
aikedoku
Мә саған плюс!)))
Abylai
жақсы математиктер ол жақсы программист болады.
аса ұлы программисттердің матетатикадан білімі «математиканы жақсы білемін» дегендерден асып кетпесе кем емес. сонда оларды жақсы математик демесек кімді айтамыз?

менмін деген «аса ұлы программисттердің» математикалық білімін тексеріп көрейік
Хоппер Грейс (программист) акончила физико-математическое отделение колледжа Вассара;

Кнута Дональда Эрвина (программист) Автор всемирно известной серии книг, посвящённой основным алгоритмам и методам вычислительной математики

Кея Алана (программист) После службы в армии была учеба в университете штата Колорадо по специальности «математика и молекулярная биология»

Таненбаума Эндрю (программист) Получил учёную степень бакалавра по физике;

Страуструпа Бьёрна (программист) Окончил Орхусский университет (Дания, 1975) по математике и информатике;

және сөз соңында — математика білмейтін программист жоқ деген жоқ едім, мен тек математика білмесең программист болу қиын деп жаздым
Abylai
мүмкін солай да шығар =)
респектіңді асыға күтудемін ) Ақтаудың почтовый индексі — 130000 )
MSHERIMBEK
Қарағым, Айнура, ұйқың келіп жатса кішкене демалсаңшы:) Бір комментті екі-екеуден төңкеріп жатсың ғой:)
MSHERIMBEK
Жарығым-ау! PHP туралы тақырып қой мынау:) Лучше, Абылайдың еңбегі үшін үйінің алдына екеуміз де 2 камаздан рахмет аударып кетейік:) Өзі кіргізіп алар:)
Abylai
әәхәхә иә шынышда ұйықтайық. шамасы сайттың ремонтка жабылғанын күтіп отырған сияқтымын )) респекттеріңді ертең кіргізіп алармын. далада түнгі аязда қатып қала қоймас.
Jako
Абылай, мен мынадан түк қақпаймын.Менің қалған ғұмырыма мұның бір септігі тие де қоймас, бірақ қазақтың білім деп құлшынған жастары үшін бұл еңбектерің теңдассіз деп ойлаймын.Ары қарай дамыта беруіңе тілектеспін.Ризашылығымды қабыл ал.
Jako
Абылай пост жазғанда бас жағына, болмаса бұрышына суретті қалай енгізеді.
Abylai


қызылмен жазып көрсетілген (посттың ішіне сурет қою)
сарғышпен көрсетілген (тақырыптың басты суретін қою)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.