PhpMyAdmin қазақ тілді аудармасына үлес қосайық...


Құрметті Қазнеттің дамуына үлес қосқысы келетін әріптестер(коллеги)!
Анықтама бере кетейін:
Phpmyadmin — PHP тілінде жазылған, MySQL мәліметтер қорын басқару үшін арналған, веб интерфейс.
MySQL — орысша (Система управления базами данных)СУБД дейді, Мәліметтер қорын басқаруға арналған жүйе.
Егер осы анықтамадан кейін түсінбеген болсаңыздар онда,
бұл Phpmyadmin, MySQL деген терминдер жай ғана интернет қолданушысына түсініксіз болуы мүмкін, себебі бұл терминдермен сайт жасаумен хабары бар вебшеберлерге(вебмастер) жақсы таныс. Яғни, сайт жасайтын адамдар қолданады.
Әрине мұны істегеннен, сайттарымыз қазақшаланбайды.
Бұл ісіміз, сол қазақша жасайтын қазақтарымызға көмек болады…

Сонымен, не істеу керек? Қалай бастаймын?
Ол үшін мына сілтемеге өтіп, Қазақ тілімізді таңдап, Translate -ті басқаннан, аударуға ыңғайланған интерфейсте аудара береміз.
Кеңес:
Google Chrome браузерімен қолдануға кеңес беремін себебі, өзі сол бетті орысшаға аударуға көмек береді. Ыңғайлы. Ал орысшаға аударылған сөйлемді ары қарай қазақшаға аударамыз.
Күніне 5-10 қатардан аударсаңыздар болғаны.
Орысша қазақша онлайн аудармашылары, қәзіргі интернеттегі ең тәуірі олар,
сөйлем аударуға арналғандар:
audaru.soylem.kz
www.sanasoft.kz/a/node/60
Ал, сөз аударуға ыңғайлы ол: sozdik.kz

Егер сұрақтарыңыз туындап жатса онда, [email protected] (чатта күтемін)
Профтар үшін, арнайы прогалар да бар. Poedit — жүктеу сілтемесі мұнда.
Белсенді атсалысатындар үшін, тіркеліп алуға кеңес беремін. Оның артықшылығы, сіздің қаншалықты үлес қосқаныңыз есептелінетін болады. Тағы екі нұсқада көрсетілетін болады. Яғни түп ағылшын нұсқасы және қасына орысша нұсқасында жарияланатын болады. Ал астыңғысы, өзіміздің қазақ тілді нұсқасының орны.


Көмектеріңіз үшін, алдын-ала үлкен алғысымызды білдіреміз!

71 пікір

Sabions
ой рахмет, ермекке бірдеңе тауып бердің-ау ...іске кірістім
abdurahman
Ия дурыс КазНЕТ тi дамытайык КазНЕТ жанашырлары
yerbol89
Бірігіп көтерген жүк жеңіл!
konvict
ҚазНет деп атайықшы
abdurahman
phpmyAdmin-де «База данных» деген соз «малиметтер коры» деп аударылган
Берикбол мына силтемени карап корши http://office.microsoft.com/kk-kz/access-help/HA010064450.aspx. Бул жерде «база данных» — «Дерекқор» деп аударылган. Жане сол сайтта коптеген создерге аудармасы бар. солар га не дейсин?
beko
Жақсы екен! Осындай терминдерді акылдасуга, арамыздан агенттин конференциясы ашылды. [email protected]
Бірақ, сіздер оған қосылу үшін жоғарыда көрсетілген эл.почтаға не болмаса айтабер арқылы жеке хат ретінде өзіңіздің жеке эл.почтаңызды лақтырсаңыз болғаны. Мынадай тақырыппен: конф…
Барлықтарыңыз мына жерді бір қарап шығуға өтініш жасайынш. Сілтеме мұнда.
AL-ASTER
Конференцияға қосылғандар қосыла берсе де, кейін сөйлесе берілгенімен, аударма туралы ақылдасуды бір уақытқа келіссек қалай болады? Сол кезде көпшілігі отырса жақсы сияқты.
qyrmyzy
Толық келісемін. Бір уақытты белгілейік, келетіндер келеді. Сосын агент емес, скайпқа шықсақ… агенттегі конференция біраз қиындау, адам көп болса, қуып кетеді. Дұрыс оқи да алмайсың.
yerbol89
Жақсы идея. Мен де күніне 3-4 сөйлемнен болса да аударып тұрайын.
beko
АйтаБер танымдық блогына, жаңа нәрсені не болмаса үйренетін жақсы мәлімет ретінде неге бұл постты жарияладыңыз деген сұрағыңыз болса онда
осы сұрағыңызға, 20-50 қатарларды аударғаныңызда жауап берер едім…
Жай ғана аудармай, белсенді қатысып, әртүрлі бағытта қарастырып аудару.
qyrmyzy
Аударып көрейін!
Arhun
«көп түкірсе көл болады» демектей жабылып істесеңдер әрине бұл шаруа жақсы нәтижемен тынбай қоймас
AL-ASTER
Жалпы, осы аудармаға бастама жасаған адамға рахмет. Істеріңіз оңға бассын. Жалпы, компьютерлік программаға алғаш 2008 жылы-ау деймін Audiograbber деген бағдарламаға аударма жасап көрдім. Жәй, қызық болған соң. Жолы қарапайым еді — блокнотты ашып орысша сөздерді қазақшалап ұра беру. Кейін тағы бірнеше бағдарламаны сөйтіп көрдім. Кейін, арнайы компьютерлік программаға аударма жасайтын инструменттердің бар екенін білдім. Мәселен, Lingobit Localizer. Осының интерфейсін разработчиктермен келісіп қазақшалап көрген едім.
Жалпы, осындай аударма барысында қандай қате кетуі мүмкін? Ең бірінші, ол кәсіби төменділік. Егер аудармашы өзі аударып жатқан бағдарламен еркін жұмыс жасай алмаса, немесе бағдарламамен жұмыс жасаған кездегі логикалық амалдарды түсіне алмаса, ол программалалық аудармаға жатпайтын көрінеді.
Екінші, аударма барысы тек қана интерфейсті аудару. Бұл жерде интерфейс аударылғанымен, сол команданы жасаған кезде, әрекет басқалау болып кетуі мүмкін. Яғни сөзбе-сөз аудару да үнемі дұрыс шешім болмаса керек.
Үшінші, әрине терминдер. Қазақша терминдер кейде түсініксіз, себебі нағыз термин ол біраз уақыт бойы кәсіби қолданушылар арасында синтезделіп шыққан сөз болатын көрінеді. Немесе, кей елдерде грамматикада ғылыми техникалық стиль қалыптасқан. Бізде ше, бізде бірнеше жылдың ішінде көптеген техникалық терминді дырылдатып қазақшаға аударып, бірден ойлап шығарыла салған көрінеді.
Төртінші, ол сөйлемдердің аударылу қасиеті. Мәселен, ағылшын тілі мен орыс тілі сөйлемдерінің синтаксистері ұқсастау, ал түркі тілдес елдердің сөйлемдері синтаксисі арсында айырмашылық бар екені айқын. Осы орайда сәл проблема бар. Әрине, егер автоматтандырылған аудару жүйесі болғанда, осы ерекшелік басты назарда болар еді. Менің ойым осы.
AL-ASTER
beko
Хе хе.
Internet — International Network (орысша. Международная сеть. қазақша. Халықаралық желi)
Всемирной паутина (World Wide Web, WWW) — Бүкіл әлемдік тор (яғни Ғаламтор)

Интернет — Халықаралық желi (Осылай болса да жаман болмас еді иа?)
Бәрінен ерекше етіп қойыпты ғой, қай және не себеп болды екен десейші осылай қойылуына…
assetova
Өзіме ғаламтор деген сөз ұнайды. Күлкілі ештеңе көріп тұрған жоқпын.
beko
Кеңесіңе рақмет, басыма құйып алдым.
Jako
Негізі «интернет»-сөзін осы қалпында пайдаланған дұрыс болар еді деп ойлаймын, Бұл ешкімнің төл сөзі емес әлемдік термин, бізде сол әлемнің бір бөлшегі, мүшесіміз.Мына заманда темір перде құрып бөлініп кете алмайтынымыз анық, сондықтан әлемдік терминдерді(космос, интернет, глобаль т.с.с) сөздерді өзгертусіз қабылдаған дұрыс болар еді деп ойлаймывн.
beko
Осындай пікір жазу ішімнен шығара алмадым ғой, қалап тұрып.
әәәбден дұрыс айтасыз аға.
beko
Ал мына «ЗАКЛАДКА» сөзінің аудармасын кім білер екен әә?
Закладка" дегенде, бағдарламаларда мысалы браузерлерде және сайттардың өзінде кездесетін сөз.
Барлық интернеттің онлайн аудармашыларында жоқ екен.
Сол себепті ойдан алу керек болуда, сондықтан кімге қалай тиімді?
Сұрақты арнайы сайтқа тастадым, сонда жауап күтемін.
Jako
«Закладка»- сөзі тура аударғанда "қалап қою"-деген сөз ғой, ал бұл жерде «Сақтау»-деп алса жарасар.
beko
Иә, жаман емес екен! Ал мыналарға қалай қарайсыздар?
Относительная дата —
пункт — тармақ(орны)
Содержимое — Ішіндегісі
клик — шертіс
вкладка — вкладка
Логотип — Логотип
Фильтр — Сүзгі
счётчик — есептеуіш
лента — лента(таспа)
Расширенный поиск — кеңейтілген ізденіс
умный поиск — кеңейтілген ізденіс(ақылды iздестiру, кеңінен ізденіс(іздестіру))
статус — мәртебе
родительскую категорию — бағынышты санатты
каталог — тізбе(каталог)
дочерних категориях — ішкі санаттарында
доступ — рұқсат
AL-ASTER
Относительная дата —
пункт — тармақ(орны)
Содержимое — Ішіндегісі
клик — шертіс
вкладка — вкладка
Логотип — Логотип
Фильтр — Сүзгі
счётчик — есептеуіш
лента — лента(таспа)
Расширенный поиск — кеңейтілген ізденіс
умный поиск — кеңейтілген ізденіс(ақылды iздестiру, кеңінен ізденіс(іздестіру))
статус — мәртебе
родительскую категорию — бағынышты санатты
каталог — тізбе(каталог)
дочерних категориях — ішкі санаттарында
доступ — рұқсат
осындай вариант бар:
Относительная дата — ықтимал уақыт
пункт — белгі (от сл. item)
Содержимое — Мазмұны
клик — түрту, шерту
вкладка — жапсарлау
Логотип — Логотип
Фильтр — Сүзгі
счётчик — есептеуіш
лента — лента(таспа)
Расширенный поиск — кеңінен іздеу
умный поиск — күрделі іздестіру
статус — санаты
родительскую категорию — бағынышты санатты
каталог — тізбе (каталог)
дочерних категориях — ішкі санаттарында
доступ — рұқсат
beko
Дочерняя запись —
родительская запись —
Ал, бұған қалай қарайсыздар?
Тағы қоса кетейін,
родительскую категорию — бағынышты санатты
pari
Дочерняя запись —ішкі жазба, ішкі жазу
родительская запись —аналық жазба
banzaika1990
Дочерная запись — еншілес жазба
Jako
Тамаша аударма.
Jako
родительская запись — Негізгі жазба.
Дочерняя запись — еншілес жазба, болса ше?
beko
Невозможно создать целевой объект
Мақсатты объектті құру мүмкін емес. дегеннің өзінде ыңғайсыз секілді себебі,
орысшаның целевой сөзі, целый (тұтас)сөзінен шыққан ау, сіздер қалай ойлайсыздар?
Бұл сөз joomla да кездеседі.
AL-ASTER
Біртұтас объект жасау мүмкін емес???
beko
жасау? меніңше құру жақсырақ, ал мақсатты дегеннен гөрі біртұтас жақсы сияқты. Ойланып көреміз ғой. Үлкен рақмет!
Jako
Жоқ Беко, бұл жерде «целевой»-сөзі мақсатты мағанасында, ал біртұтас болса «цельносоставленный»-болар еді менімше.
beko
Осы не удалось сөзі көп келеді екен.
мен ол сөзді сәті түсер емес деп аударып жатқаным, қате сияқты. Қалай қарайсыздар?
Мысалы:
***
Не удалось переместить файл!
Файлды ауыстырудың сәті түсер емес!
***
Не удалось зарегистрировать строковый поток
Қатарлық ағынды тіркеудің сәті түспеді
***
Внимание! Не удалось изменить права на файл!
Назар аударыңыз! Файлдың құқығын өзгерту, мүмкін болмады!
Назар аударыңыз! Файлдың құқығын өзгертудің сәті түспеді!
AL-ASTER
«мүмкін емес» ше?
AL-ASTER
Мынадай вариант бар:

Не удалось переместить файл!
Файл орнын ауыстыру мүмкін емес!
***
Не удалось зарегистрировать строковый поток
Жолдық ағымды тіркеу мүмкін болмады!
***
Назар аударыңыз! Файлдық құқықьы өзгерту мүмкін болмады!
Jako
Ал-Астердің жауабы көңілге қонымды, жатық естіледі.
beko
Бірнеше мысалдар:
Не удалось
Не удалось загрузить редактор
Не удалось скопировать файл установки PHP.
Не удалось создать каталог:
Не удалось создать каталог в административном разделе
Не удалось сохранить параметры языка

Невозможно
Невозможно получить или разобрать имя класса.
Невозможно подключиться к серверу
Невозможно использовать пассивный режим
Невозможно открыть локальный файл для записи Локальный путь
Невозможно послать команду:
Невозможно получить IP и порт для передачи данных.

АЛ, НЕ БАЙҚАДЫҢЫЗДАР МЫНА МЫСАЛДАРДАН?

Меніңше,
Не удалось — кіші нәрсенің орындалмағаны.
Невозможно — үлкендеу мәселені (проблема) білдіртіп тұрғандай.
Сондықтан, тікелей
Не удалось — мүмкін болмады.
Невозможно — мүмкін емес.
дұрыс сияқты көрінді, әлде әртүрлі ыңғайына қарай аударған дұрыс деп тұрсыздар ма?
Сосын, Қазақстандағы әр жақтағы қазақтардың сөздері әртүрлі мағына беретіні анық, соған орай бәріне ортақ түсінікті еткені де дұрыс еді иа?
Мысалы қызылордалықтар әпкені тате десе, басқа жақта апа дейді, бірақ біздің салада қалай екенін білмедім.(лағып кеткенім жоқ па осы).
Jako
1.Не удалось загрузить редактор-

2.Не удалось скопировать файл установки PHP — РНР құрылғысының файлын жинақтау мүмкін болмады.
3.Не удалось создать каталог — Тізім құру мүмкін болмады.
4.Не удалось создать каталог в административном разделе — Әкімшілік бөлімінде тізім құру мүмкін болмады.
5.Не удалось сохранить параметры языка — Тіл өлшемдерін сақтау мүмкін болмады.
Jako
1. Невозможно получить или разобрать имя класса — Топ атын талдау немесе алу мүмкін емес.
2. Невозможно подключиться к серверу — Серверге қосылу мүмкін емес.
3. Невозможно использовать пассивный режим
4. Невозможно открыть локальный файл для записи Локальный путь
5. Невозможно послать команду:* — Бұйрық жіберу мүмкін емес.
6. Невозможно получить IP и порт для передачи данных.
beko
Аға? Бұл жай мысал еді. Мен аударуға қоймаған едім.
Не удалось және Невозможно сөздеріне мысал ретінде.
AL-ASTER
Не удалось — мүмкін болмады (интернет байланысы үзіліп кетуі мүмкін, логин/пароль қате жазылуы мүмкін, яғни уақытша)
Невозможно — мүмкін емес (мысалы юзер құқығымен админ панельге кіре алмайды, яғни бір әрекетке шектеу бар)
Jako
Менің де айтайын дегенім сол еді.
beko
Мәссаған, керемет аударма болайын деп тұр құдай қаласа.
sandibek
«Мақсатталған» қалай болады, яғни «Мақсатталған объектті құру мүмкін емес»?
Jako
Содержимое — мазмұны,
пункт — бөлім,
клик — дыбыстау,
вкладка — жанама қою,
Расширенный поиск — кеңейтілген іздеу,
Фильтр — сараптау,
умный поиск-тиянақты іздеу,
статус — мәртебесі,
родительскую категорию — бастапқы санат,
дочерних категориях — туындаған санаттарда,
доступ — жетімділік.
balgalym
кезінде, ойындарды, бағдарламаларды қазақшаға аударғам, қысқасы жалғыз істеу шынымен де қиын, қанша қазақ тілін сүйсең де, бос уақыты көп жастар үлес қосса жақсы болар еді, жақсы бастама.
beko
«Каталог» деген сөзге қандай ыңғайлы аударым жасасақ екен?
Каталог сөздеріне мысалдар:
Каталог уже существует
Невозможно создать каталог
Невозможно открыть исходный каталог
Вы не можете удалить главный каталог
Путь ведёт не к каталогу
Не удалось создать каталог
Невозможно удалить указанный каталог языка
Каталог не существует, не удается удалить файлы
Яғни католог, ол папка(бума, тізбе)
Қазір тізбе деп алудамын, сол ыңғайсыз сияқты. Себебі оқылуында бірденен өзімде түсінбес едім.
Ал, кімде қандай ұсыныс бар?
Кім қалай ойлайды?
Бұл өте маңызды аударым, көңіл бөлген зая кетпес…
AL-ASTER
Catalog — ағылшынша
Catálogo — испанша
Catalogue — французша
Каталог — орысша

«Каталог» сөзі осы күйінде қалуы керек сияқты. Бірақ, халықаралық терминдер сол қалпында қалғанымен, қазақ тіліне бейімделіп енуі керек сияқты. Мысалы: бутылка — бөтелке, ботинка — бәтеңке т.с.с.
beko
халықаралық терминдер сол қалпында қалғанымен, қазақ тіліне бейімделіп енуі керек сияқты.
Енді күтеміз бе? жо жоқ, әзірге егер каталог етіп алынса, несі бар? Әлде бөтелке етіп ыңғайыластырып көреміз бе? ойыма каталог, бума дегеннен келіп тұрған жоқ әзірге.

Ал, басқа тілдерде шыныменде, ағылшынша, орысша және украйнша каталог тұп тура солай алынған, айтылады да. Ал басқа тілдерді түсінбедім жазуларына, түсінгенім кейбіреулері 'ката' сөзінен басталған.
AL-ASTER
Төмендегі «Тізімдер топтамасы» түсінікті аударылған сияқты. «Каталог» сол қалпында кіре берсе, оны қазақшалаймыз деп умаждап қажеті жоқ сияқты?)
beko
Тізімдер топтамасы
аха, дұрыс аударылған сияқты, иә, каталог болғаны дұрыс сияқты. (кірме сөз)
Jako
«Католог»-деген сөзді бір сөзбен мағанасын ашып аудару қиын екен, «Тізбелер жиынтығы», немесе «Тізбелер топтамасы»-десе қалай болар екен.

1.Каталог уже существует — Тізімдер топтамасы орнатылған.
2.Невозможно создать каталог — Тізімдер топтамасын орнату мүмкін емес.
3.Невозможно открыть исходный каталог — Бұл тізімдер топтамасын ашу мүмкін емес.
4.Вы не можете удалить главный каталог — Сіз басты тізімдер топтамасын жоя алмайсыз.
5.Путь ведёт не к каталогу — Әрекет тізімдер топтамасына бастамайды.
6.Не удалось создать каталог — Тізімдер топтамасын жасау мүмкіндігі болмады.
7.Невозможно удалить указанный каталог языка — Көрсетілген тілдер топтамасының тізімін жою мүмкін емес.
8.Каталог не существует, не удается удалить файлы — Тізімдер топтамасы болмағандықтан, файлды жою мүмкіндігі жоқ.

Сонымен 1.КАТОЛОГ- Тізімдер топтамасы.
2.УДАЛИТЬ — Жою.
3.ПУТЬ — Әрекет.
4.СОЗДАТЬ — Жасау.
Осыларды көріңіздерші, жарамаса еш өкпем жоқ.
AL-ASTER
Путь — адрес, сілтеме, жол мағынасында қолданылған сияқты
Jako
Олай да болуы мүмкін,әйтеуір әдеби шығармаларда сөзбе-сөз аударма шығарманың мағанасын аша алмайды, сондықтан мағанасымен аударуды дұрыс дейді.Бірақ бұл енді әдебиет емес қой, таласым жоқ.
beko
2.УДАЛИТЬ — Жою.
3.ПУТЬ — Әрекет.
4.СОЗДАТЬ — Жасау.
жою, жол,құру
AL-ASTER
Егер «тізім» деп аударылса, өзімізден басқа ешкім түсінбейді, яки арнайы осы сөздің мағынасы «каталог» деп түсіндіру керек. Әр сөзді осылай «түсіндіре» берсек, қазақ тілінен суб қазақ тілі шығатын сияқты. Сондықтан, күмәнді терминдерді ортақ талқыға салған жақсы ғой.
Jako
Талқылап жатқан жоқпыз ба, бұлар жай ұсыныс қой, біз қазапқтар үшін аударып жатқан жоқпыз ба, Ағылшындар, орыстар, арабтар біз түсінбей қалады деп жатыр ма? Менің ойымша субқазақшадан қорқатын түгі жоқ, заман ағымына қарай жаңа сөздер қосылуы заңдылық емес пе? Сонан соң «Католог»термин сөз емес, таза орыс тілі.
AL-ASTER
Жоғарыдағы пікір де жәй ұсыныс қой))) оны да оп оңай жоққа шығару оңай)
Jako
Шамамыз келгенше атсалысайық деген ой ғой, байқасам екеуіміз-ақ. пікіріміз қайшы келіп жатса ренжіме.
AL-ASTER
Кейде өзімнен үлкен адамдарға қатты еркелеп кететінім бар :-)
Jako
Нұреке, мен оны көтеремін,әрі сенің жазғандарыңды қызығып оқимын.Массаған да да болдың емес пе?..
AL-ASTER
Иә, мәссағанда логинім дәл осылай)
Jako
Білемін, айтыстардан оқып қалатынмын, менің ондағы логинім«Jakup»
AL-ASTER
Сосын аудармада мынадай қателіктер жібергем бұрын:
Загрузка, Установка, Применение
сөздері берілді делік, оларды былай аударып тастағам:
Жүктеу, Орнату, Қабылдау.
Сөйтсем қате екен, ол болып жатқан әрекеттер үшін қойылған сөздер екен, установка жүріп жатқанда окошкада «Жүктеу», одан кейін, «Орнату», одан кейін "Қабылдау" деген жазулар шықты.
Дұрысы Жүктелуде, Орнатылуда, Қабылдануда болуы керек еді, сөзбе сөз емес, мағынасы осыған келген ед)
pari
иә интернетте өлең жүктеп жатырғанда загрузка деп шығып тұрады сонда жүктеу дегеніңіз қате болған екен, бірақта жарайсыз! қатеңізді біліп дұрыстағаныңызға ризамын!
sandibek
ия, дұрыс айтасың. бірақ «Применение» сөзінің аудармасы "Қолданылуда" немесе «Пайдаланылуда» болмай ма? "Қабылдануда" — «Прием» сөзінің аудармасы болу керек.
beko
«Каталог» секілді ұқсайды екен «Категория» сөзі де. (әлемдік аударымы жағынан, термин.)
Сategory— ағылшынша
Сategoría — испанша
Сatégorie — французша
Категория — орысша

Ал оны мен «санат» деп алудамын.
Былайша санат сөзінің кездесетін жері:
мен оны ойлы адамдар санатында көремін → я его вижу в ряду умных людей
ол санда бар да, санатта жоқ → в числе имеется, но в ряду его нет
санатқа кіру → входить в число
Категория сөзіне мысалдар(аударылып қойылған):
Другой материал из этой категории уже имеет такой алиас
Другая категория с той же родительской категорией уже содержит такой алиас
Невозможно удалить категорию.
Категории родительского уровня не могут быть удалены.
Категория должна иметь заголовок
В поле категории не указан атрибут расширения
Меніңше сол күйінде қалдырылса да жаман болмас еді, категорияның алиасы дегендей санаттың алиасы демей.
ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗДАР?
ҚАЙСЫСЫ ДҰРЫС? (санат? Категория?)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.