Жава оқулық

Жасалатын жава оқулық шамамен жава оқи алатын сөткелердің барлығына келеді деп шамалайық. Бірақ, өзім барлық сөткелерге тексеріп көрген жоқпын, сондықтан бір проблемі байқасаңыз, толығырақ жеке хатқа жаза салуыңызға ешкім кедергі емес. Ал неге java емес, жава кітап деп жазып отыр деп ойлайсыз ба? Себебі әр реті келген сайын тілді ағылшыншаға ауыстыруға қатты ерініп отырмын. Бірден (1) Shasoft eBook бағдарламасын жүктеп алыңыз, тегін таратылатын бағдарлама. Кейін (2) кітап болатын материалдың текстін .txt форматымен utf-8 кодировкасында сақтап қоямыз.
Егер шпора жасау кк болса, материалдағы әріптерді былай өзгерту керек:
ә -> а
і -> i (ағылшынша і ғой)
ң -> н
ғ -> г
ү, ұ -> у
қ -> к
ө -> о
һ -> х

Бұларды бір-бірден өзгертуге уақытыңыз болмаса, дайын «Правка -> Заменить (заменить все)» деген мүмкіндікті қолдануға ешкім кедергі емес. MS Word бағдарламасымен жасаған тез көрінеді.
Shasoft eBook іске қосамыз. Материалымызды ашамыз, utf-8 деп белгілеп қоямыз да, келесі қадамға өтеміз. Очм, далее, далее деп отыра береміз. Аффтырды, материал атауын жазу-жазбау өз еркіңіз, тілді руссианға қоя салу керек. Кітап сақталатын орынды көрсеткен жер есте қалсын, кейін жылдам тауып алу үшін. Готово. Жасалған файлды сөткеге лақтыра салып, ашып қызығын көру ғана қалып тұр.

3 пікір

ereke_enu
Ияяя, бүкіл шпораны(қазақша аудармасы қалай?) осы бағдарлама арқылы жасадық қой)
qyrmyzy
жекеде түсіндірші а? Лолик түсінбеді))
Manas
Рахмет) пайдасы тиді)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.