↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
Рейтинг
17.92

Блог туралы

АйтаБер сайтының әкімшілігі осы бөлімге сайттағы орын алған өзгерістер мен жаңалықтарды енгізіп отырады.

Администраторлар (1)

Модераторлар (0)

Модераторлар бұл жерде көрінбейді

Оқырмандар (72)

QARASAQAL rauan Abylai qusbegi estetika91 Moldir_96 Korkem sandibek hunter94 Jako m170785 Aknyet99 ardak1996 Togzhan Bek Ais_97 Kipshakkyzy Manas balgalym elzhas-webmaster

Барлық блогты оқушылар
14 маусым 2012

Айтаберге қалай келдім!!!

Ассалаумағалейкум блоггерлер, админ, модераторлар! Мен айтаберге қалай келдім.Мен бұл сайтқа негізі сұрақ-жауаптағы жарнамадан көрдім.Сонда жай кіре салып едім...Үш күн бойы бақыладым.Ақыры керемет сайт екенін анықтадым, жалпы сұрақ-жауап сайтына үлкен алғысымды білдіремін.Мен осылай осы танымдық блогтұғырға осылайша тап болдым.Бұл менің алғашқы постым болғандықтан, пост жазу өте қиындық туғызды.Үйреніп кетемін деп ойлаймын! Тіркелу алдында ескертулер

Толық оқу →
?
07 маусым 2012

Өзім жайлы қысқа да нұсқа 30 факт.

Сәлем бердік.
Неден бастарымды білмей, ары ойланып, бері ойланып, бір парақты шимақтап, басым қатып кетті. Сосын басынан бастайын деп шештім.
1.) Менің атым — Жақсыгүл, Куәлікте — Яхщигул, Үйде — Тоска, СЖС-да — Жәси.
2.) Әжем мені қыстың қарлы күнінде күлге аунап, тауып алдым дейді. Хехе, бәрі солай көбейетін болса, Қытайды баяғыда жаулап алған болар едік ғой.
3.) Нақты қайда туылдың? Жеті атаңды білесің ба? Әке-шешеңнің нақты руы не?

Толық оқу →
?
06 маусым 2012

Шекарашылар отрядын жалғыз адам жоя алмайды

Тірі қалған шекарасы 15 адамды өлтіре алмайды, деп есептейді әскери мамандар.

«Владислав Челах өзінің барлық қызметтестерін және қорықшыны жалғыз өзі өлтіре алмайды. Арнайы дайындығы бар жауынгерлің өзі 14 адамнан тұратын қаруланған шекарашылар отрядына шабуыл жасамайтын еді. Бұған тіпті мол әскери тәжірибесі бар маман да бармайтын еді», — деп есептейді ҚР ҰҚК арнайы бөлімшесінің бұрынғы шабуылдаушысы.

Басқа мамандар басқа болжамдарды жоққа

Толық оқу →
?
05 маусым 2012

5 маусым - Айтаберде азалы күн

Құрметті сайтымыздың қолданушылары!
Өздеріңіз білетіндей «Арқанкерген» шекара бекетінде білдей 15 азаматымыз қайғылы жағдайда қаза тапқан еді. Аталған азаматтардың отбасылары мен туыстарына қолдау ретінде 5-маусымды ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аза тұту күні деп белгілеп отыр:

Толық оқу →
?
03 маусым 2012

Айтабердегі Ең...Ең...Ең... (қызықты мәлімет)

Ассалаумағалейкум Айтаберліктер!
Бүгін Айтабер сайтындағы Ең… Ең… Ең деген қызықты мәліметтерді сіздермен бірге бөліспекшімін.Аллаға шүкір Айтабер сайты аз уақыттың ішінде қарқынды дамып кетті.Айтабер жарайсың! Жазбаны бастамай тұрып Айтабердегі жалпы статистиканы айта кетейін:)
Барлық қолданушы:691
Белсенділер: 131
Жәй тіркеле салғандар: 560

Ер: 174
Қыз: 77
Жынысы белгісіз: 440

Барлық блогтар саны: 138

Енді сайтымыздағы

Толық оқу →
?
01 маусым 2012

Кел, танысайық!

«Айтабер» танымдық-блогтұғыры 4 айлық! 4 айдан бері осында жүргендер, түйіншегін түйіп, көшіп келгендер, тіркелгендеріне 5 күн болған қолданушылар, танысайық! Бір-бірімізді тек пікір, жазбадан ғана біліп келеміз. Тіпті кейбір қолданушылардың қай жылғы, қыз/ұл екенін де білмейміз. Содан түсініспеушілік, ренжісу, ренжу туындап жатыр.
Сонымен, танысайық!

Мына 4 жыл ұстаған студенттік билетіммен бір айдан соң қоштасамын. Бір жағынан өкініш/бір

Толық оқу →
?
30 мамыр 2012

Сурет көлемі жөнінде

Баршаңызға сәлем!
Мен жазбаға суреттер қосайын десем, компьютердегі сурет тым үлкен көлемді деп жүктемей тұр. Ал, сілтеме арқылы pics.kz сайтына салып жүктесем, кіші размері тым кішкентай болып көрінеді. Ал үлкен размері тым үлкен болып тұр. Суреттің 1/4 ғана көрінеді. Енді суретті дұрыс форматын салу үшін не істеуім керек? Немесе суреттің көлемін қандай жағдаймен кішірейтуге

Толық оқу →
?
28 мамыр 2012

4 айлық «Айтабер!»

Құрметті қолданушылар, жақынырақ айтсақ жанашыр достар! Ә, демей жатып сайтымыз 4 айлық болды. Баршаңызды құттықтай отырып кішігірім есеп бере кеткенді жөн көріп отырмыз.

Барлық қолданушы: 661
Барлық жазбалар: 1919
Барлық пікір: 25396

Толық оқу →
?
22 мамыр 2012

Жалған дүние

… Тағдырдың дәме қылып бермесінен,
Тырбаңдап тіршіліктің әуресімен…
Жоғалмай тыным таппас жер бетінен
Тәңірдің не сұрайсың пендесінен?!..

Тұралап таусылса да тағат төзім,
Салатын адам шіркін азапқа өзін…
Қу жалған, соншалықты тәтті ме едің,
Сұм жалған, соншалықты ғажап па

Толық оқу →
?
21 мамыр 2012

Өмір бәйгесі

Ауыздыкпен алысқан көк дөнендей,
Көңіл шіркін шабысқа шөлдегендей…
Мәресі жоқ өмірдің бәйгесіне
Сорлы ма едің ынтыққан сен де мендей?!..

Асығамыз алысқа баратындай,
Сәл кідірсек бәрінен қалатындай…
Кім ойлаған тірліктің күні ертең ақ
Жалт етіп жоғаларын жай отындай!..

Жоғалады бәрі де, жоғалады,
Талай жұлдыз аспаннан ағар әлі…
Күдер үзіп қанша жан үмітінен,
Қанша адамның арманы тоналады?!..

Біле тұра шарқ ұрып

Толық оқу →
?
21 мамыр 2012

Кім тұрар мәңгілік?

Таңдарды ала таңға ұрып,
Жүргенде жоқты дау қылып,
Жолдастың бәрін жау қылып
Қалармыз әлі ақ қаңғырып!..

Қажеті қанша жазғырып,
Келген соң кету заңдылық…
Тұрлаусыз мынау тірлікте
Кім тұрар дейсің мәңгілік?!..
?
14 мамыр 2012

Досым-ау

… Досым-ау, неге осы өзіңді қинайсың?
Қинайсың жаныңды, ғаламға сыймайсың…
Айтшы сен неліктен үзесің күдерді
Өмірден қимайтын?!..

Қой енді, қиындықтарыңды сөз етпе,
Бос қайғы, уайыммен басыңды мезі етпе!..
Ер жігіт едің ғой, шыдап бақ, бауырым,
Дүние кезекке!..

Келдің бе әлемге, ұлы өмір елекке,
Жоқ онда шығар жол қажетсіз кебекке.
Жеңуің үшін де бір мезет, жаным,
Жеңілу керек

Толық оқу →
?