Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуінің бірі тілеспейтұғының, рас сөзі аз болатұғының, қызметке таласқыш болатұғының, өздерінің жалқау болатұғының себебі неде? Бүкіл ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған; әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ болады; Әрбір мақтаншақ қорқақ; ақылсыз, надан; әрбір нақылсыз надан, арсыздау;...