Өмір шіркін құдай-ау, алдамшы ма еді өтпелі,
Сырғып жатыр тоқтамастан, жазы менен көктемі.
Ойға салып, санамды менің сан бөліп,
Осы ма екен, балалықтың, менен алыс кеткені.
Кеше ғана еді ғой, жігіттік нұрын сепкені,
Сан қуанышқа бөледі сол дәуреннің жеткені.
Тұшынбасам дәміңді, түсінбесем сәніңді, сала алмасам әніңді,
Жігіттік маған өкпеле,қарамағын, аямағын, сөк мені....