Ерте заманда бір кісі өткен екен. Ол байғұстың әйелі адуынды, нашарлау болған көрінеді. Әйелінен қалай құтылудың жолын білмей жүріп, бір күні әйеліне мынадай ой салыпты: «Жарқыным, пәлен деген жерде, түген деген құдықтың ішінде алтын деген есепсіз таратылып жатыр екен. Жүрсеңші біз де өз үлесімізден алып қалайық» депті. Мұндайды күтпеген әйелі күйеуін сол мезетте-ақ әлгі құдыққа ертіп алып...