Қазақтың бір мақалы; "Өнер алды бірлік, ырыс алды тірлік" дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтса тату болады, білмейді. Қазақ ойлайды; «Бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса» екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік ақылға бірлік, малға бірлік емес, ешқашанда. Малыңды беріп отырсаң, атасы...