Негізі адам баласы анадан алтау туса да бас басына жалғыз екен шынында. Қанша жерден бірге туған бауырым, ағайыным дегеніңмен де Алла алдында бәрі бір жалғыз есеп бересің, жалғыз барасың. Былайынша өмір сүріп жүрген кезде еш нәрсені уайымдамайсың. Проблема ма?
Оны сен іздемесең де өзі тауып алады. Оны ойламасаң да ойыңа түнеп алады. Онан қашқаныңмен ол паразит сияқты көбейіп, ақыр...