ТҮНГІ МҰҢ
Түн аспаны. Жымыңдайды сан нүкте, Жерге жетіп келер ме еді жан бітсе? Түн-көрпені жамылды да табиғат, Ғұмырымыз кеміді бір тәулікке. Өмір осы-ызғарлы да ақ қарлы, Кейде жұмсақ. Кейде қалың қатпарлы. Соқпақтары соқтықпалы, сан түрлі, Ғұмырымның бір тәулігі арт қалды. Құлазытар, орап алар шексіз мұң, Бос өтетін уақытымыз көп біздің. Кешегі өткен күйбең күннен...