Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билептейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар; "Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!" деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы; жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың; әуелі; «Түстік өмірің болса,...