Абайдың Қара сөздері. Он Үшінші сөзі.
Иман деген Алла табарака уа тағаланың шәриксіз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберілген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Біріншісі, не нәрсеге иман келтірсе,, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат қыларға жараса, мұны якини иман десе...