Абайдың Қара сөздері. Он Тоғызыншы Сөзі
Адам ата анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам, білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп, жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі ісске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе...