Жиенқұйрық

Жиенқұйрық — жиенге жасалатын жоралғы. Жиен алғаш нағашы жұртына келгенде бәсіре алады. Халық дәстүрі бойынша, жиен нағашыларынан қалаған затын, яғни Жиенқұйрық алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай, үш рет сұрағанын беруге міндетті. Қалағанын бермесе, ол жиендік жасап, басқа жолмен алуға ерікті. Қазақстанның кейбір аймақтары Жиенқұйрықты “жиеннің қырық серкеші”, “қырық шұбар тай” деп...