Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы байимын деп жүр. Ұлықтар алып беремін деп, даугерді жеп, құтқарам деп, ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші, ол бұзақылар, біреудің ойында жоқ пәлені салып, бүйтсең...