Абайдың Қара сөздері. Он Тоғызыншы Сөзі

Адам ата анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам, білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп, жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі ісске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе...

Абайдың Қара сөздері. Он екінші сөзі.

Кімде кім жақсы жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар. Соны білсе екен. Әуелі иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші, үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде кім үйреніп...

Абайдың Қара сөздері. Үшінші сөзі

Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуінің бірі тілеспейтұғының, рас сөзі аз болатұғының, қызметке таласқыш болатұғының, өздерінің жалқау болатұғының себебі неде? Бүкіл ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған; әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ болады; Әрбір мақтаншақ қорқақ; ақылсыз, надан; әрбір нақылсыз надан, арсыздау;...