Рейтинг
+42.68

Асыл сөз

Блогта қазақ тілінде санаға ой тастар, әдемі айтылған әлемдік нақыл сөз, цитата, мақал-мәтел мен афоризмдер жарияланады. Белсенділік таныта отырайық, Ағайын ___ #KZ тілі үшін!

Абайдың Қара сөздері. Он Төртінші сөзі.

Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені, ол батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса, игі еді демек, бұлар жүрек ісі. Асықтық та, жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт...

Байдың шұлығы

Бай кісі өлімінің жақындағанын сезіп, баласын жанына шақырып, маңызды өсиетін атыпты; «Балам мені мазарға шұлығыммен бірге көміңдер!» Баласы түсінбегенімен, мақұлдап қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат беріп, оны оқып; «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезінде хатты ашып оқы!» дейді. Күн келіп, ажалы келген әкесі жан тапсырады. Баласын ой мазалап;«Мен енді әкемді шұлығымен бірге қалай...

Соңғы дем

Бір адамның қияметтегі жағдайы соңғы демінде мәлім болады. Пайғамбарлардан және жаннатқа баратындағы білдірілген адамдардан басқа ешкімге жаннаттық деп айтылмайды. Өйткені адамның соңғы демде қалай болатыны белгісіз. Хадисте; «Бір адам, бүкіл өмір бойы, жаһаннам отына апаратын күнәлар жасайды. Бұл адам соңғы күндерінде Жаннатқа апаратын жақсылықтар жасап Жаннатқа кіреді.» Әһли бәйтті жақсы...

  • m170785

Асығыстық жасамаңыз!

Асығыстық жасамау керектігін біле тұра сын сағаттарында соны жадымыздан шығарып алып жатамыз.«Асыққан-шайтанның ісі» деген сөз де бекер айтылмаса керек.Әр ісін байыппен, салмақтап, парасатылыққа...

Абайдың Қара сөздері. Он Үшінші сөзі.

Иман деген Алла табарака уа тағаланың шәриксіз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберілген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Біріншісі, не нәрсеге иман келтірсе,, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат қыларға жараса, мұны якини иман десе...

Абайдың Қара сөздері. Он екінші сөзі.

Кімде кім жақсы жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар. Соны білсе екен. Әуелі иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші, үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде кім үйреніп...

Абайдың Қара сөздері. Он бірінші сөзі.

Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы байимын деп жүр. Ұлықтар алып беремін деп, даугерді жеп, құтқарам деп, ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші, ол бұзақылар, біреудің ойында жоқ пәлені салып, бүйтсең...

Абайдың Қара сөздері.

Біреулер Құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнын бассын дейді, артына құран оқысын дейді, қартайған күнімді асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма? Балам орнымды бассын деген сөз? Өзіңнен қалған дүние иесз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемекпе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың...

  • m170785