Рейтинг
+42.68

Асыл сөз

Блогта қазақ тілінде санаға ой тастар, әдемі айтылған әлемдік нақыл сөз, цитата, мақал-мәтел мен афоризмдер жарияланады. Белсенділік таныта отырайық, Ағайын ___ #KZ тілі үшін!

Абайдың Қара сөздері. Тоғызыншы сөзі.

Осы мен өзім қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді.Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратпасам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек...

Абайдың Қара сөздері. Сегізінші сөзі.

Осы ақылды кім үйренеді, кім насихаттайды? Біреу болыс, біреу би. Ақыл үйренейін, насихаттыңдайын деген ойы болса, орынға сайланып та жүрмес пе еді. Өздері үздік кісіміз, біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз дейді. Өздері түзеліп жеткен, елді түзелгісі келеді ақ. Тыңдасын не тыңдамасын десе де, қолы тие ма? Өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, бұзақыларымызды бұлдіріп...

Абайдың Қара сөздері. Жетінші сөзі.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі, ішсем, жесем, ұйықтасам деп, бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Ал біреуі; білсем, көрсем, танысам екен деп, не көрсе, соған талпынып, жалтыр жұлтыр етукен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай керней болса, дауысына...

Абайдың Қара сөздері. Алтыншы сөзі.

Қазақтың бір мақалы; "Өнер алды бірлік, ырыс алды тірлік" дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтса тату болады, білмейді. Қазақ ойлайды; «Бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса» екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік ақылға бірлік, малға бірлік емес, ешқашанда. Малыңды беріп отырсаң, атасы...

Абайдың Қара сөздері. Бесінші сөзі.

Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билептейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар; "Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!" деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы; жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың; әуелі; «Түстік өмірің болса,...

  • m170785

Абайдың Қара сөздері. Төртінші сөзі

Әрбір байқаған адам білсе керек; күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалса керек. Әрбір уайым қайғы ойлағыш кісі не дүние...

Абайдың Қара сөздері. Үшінші сөзі

Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуінің бірі тілеспейтұғының, рас сөзі аз болатұғының, қызметке таласқыш болатұғының, өздерінің жалқау болатұғының себебі неде? Бүкіл ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған; әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ болады; Әрбір мақтаншақ қорқақ; ақылсыз, надан; әрбір нақылсыз надан, арсыздау;...

Абайдың қара сөздері. Екінші сөзі

Бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күліп, «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй үтөбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде әке үке деп, шығып кетсе, қызын боқтап, „сарт сұрт“ деген осы деп. Ноғайды көре де боқтасып; түйеден қоыққан Ноғай, атқа мінсе шаршап, жаяу жүрсе демін алып, ноғай дегенше, ноқай деп, түкке қисынға келмей қалады....

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ. Бірінші сөзі

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, бірталай өмірді өткіздік; алыстық, жұлыстық, тартыстық, әурешілікті де көрдік. Енді жер ортасы жасқа келдік;қажыдық, жалықтық, ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі де қоршылық екенін білдік. Қалған өмірді қалай, қайтіп, не істеп өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Тек елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын...

Асыл сөздер

Түрлі түрлі байлық, солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы, бәрінен сенімді байлық. Ғ.Мұстафин. 5 адамның керіскенін көрсең өле қал, ол сенің адамдарың, ал егерде сол 5 адам ертесінде жарасып жүрсе, миығыңнан күл. О.Хаям. Еркек алады да, ұмытады, әйел береді де, кешіреді. Х.Томпсон. Әйелдің әдепсіздігінен еркектің ессіздігі қауіпті. К.Краус....