Рейтинг
+42.68

Асыл сөз

Блогта қазақ тілінде санаға ой тастар, әдемі айтылған әлемдік нақыл сөз, цитата, мақал-мәтел мен афоризмдер жарияланады. Белсенділік таныта отырайық, Ағайын ___ #KZ тілі үшін!

Адам атаның бес өсиеті

1. Ұрпақтарыма өткінші дүиеге сеніп қалмауды айт, өйткені мен «мәңгілік қой» деп жұмаққа сеніп едім. Алайда Алла Тағала мені ол жерден шығарды. 2. Ұрпақтарыма әйелдері құмартқан әр іске бара бермеуін айт, өйткені мен әйелімнің қалауымен тыйым салынған жемісті жегеніме кейін өкіндім. 3. Ұрпақтарыма бір істі бастамай тұрып, бас аяғын толық мөлшерлеп алуын айт, өйткені мен ол істің бас...

Асыл сөздер

Мінсіз сұлу дене көп ақ, ал мінсіз ішкі жан сұлулық өте аз. Негұрлым бейтаныс адам көбірек үндемей отырса, соғұрлым ол ақылдырақ сөйлей бастайды. Егер көмектескін келсе құлшынып отырсаң, керексіз адамға көмек көрсетудің қажеті не? Ақылың мен көмегіңді құлақтың түбінен өткізіп отырса. Б.Франклин. Әйелдің таңдауы;өзге әйелдер ұнататын еркекті; Әйелдің уайымы;өзге әйелдер...

Ақ шаш

Миша мамасының басынан үш тал ақ шаш көрді. -Мама, басыңда үш тал ақ шаш бар екен,-деді. Мамасы езу тартып күлді де қойды. Бірнеше күн өткен соң Миша шешесінің басына төрт тал ақ шаш түскенін байқады. -Мама,-деді Миша таңданып,-басыңда ақ шаш төртеу болыпты… Бұрын үшеу ғана еді ғой. Неге тағы біреуі ағарып кеткен? -Ауырғаннан,-деді шешесі,-ананың жүрегі ауырса, шашы ағарып кетеді....

Он жұмбақ

Төле би тоқсан жасқа келген екен, Қаз дауысты Қазыбек би сәлем бере барып кіріп шығады. Өңкей елдің марқасқалары жақсылары жиналыпты. Әңгіме дүкен құрып отырғанда, қызып отырғанда; Қаз дауысты Қазыбегім келіпті. Рахмет. Бәрің түгел жиналдыңдар, айтарым бар еді. Менің сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар. Соны шешесіңдер ме? деп Төле би жағалай сұрақ қойып, бәріне бір қарап шығады. Айтыңыз,...

Санамай бер!

Бірде қайыр сұрап келген бір мүсәпірді көрген Айша анамыз қызметшісін шақырып, қайыршыға қалағанын беруін бұйырыпты. Қызметшілері жандарына келгенде, бұны бақылап тұрған Пайғамбарымыз (с.ғ.с): Әй, Айша! Береріңді бер, тек санамай бер. Сонда ғана Алла да саған санамай береді декен екен.

Сұрап алған орын

Бірде аялдамада тұрып 29 автобусты күтіп тұрғанмын, такси тоқтайын десем ол жерге бармаймын дейді, жұмысқа асығып едім, мамырдың 12 күні болуы керек. Бір сағаттай болды күтіп тұрғаныма, адамдарда күтіп тұрған лық толы. Әйтеуір келді күткен автобусым. Адамдар жапа тармағай кіріп жатыр, кіріп жатыр. Мен отырдым, менім қасыма зейнеттегі бір атамыз отыр, қарама қарсы бір келіншек отыр кішкентай...

Тойымсыз көз

Бір кедей балықшы теңізге ау салып отырған жерінде, сол жерден өтіп бара жатқан хан балықшыны жарылқап: «Дәл қазір ауыңа не түссе, соның салмағындай саған алтын мен теңгелер беремін»-дейді Біраз уақыт өткен соң, кедейдің ауына ортасы тесік бір үлкен сүйек ілінеді. Хан балықшыға: «Амал қанша, ауыңа жеңіл нәрсе ілінді»-деп кедейді алтын беру үшін сарайына апарады. Қазынашы таразының бір...

Асыл сөздер

Өмірде әйелдермен және төмен адамдармен дұрыс қатынас қалыптастыру қиын. Жақындап кетсең кенедей жабысып алады, алыстап кетсеңіз көре алмай кетеді. Конфуцзы Сүйіп үйлену ғана қызық. Әдемілігіне ғана махаббатсыз қызығып үйлену қара базардан керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанымен бірдей. Ә.Нұршайықов Анық түсініктілік сөйлеудің басты қасиеті. Аристотель. Өз...