Әлемдегі ең мықты суперкомпьютер 10 петафлопс шегінен асты

Жапониядағы RIKEN физико-математикалық институтындағы K computer, әлемде бірінші рет операцияларды орындау жылдамдығын 10 петафлопстан асырды.

«Сынақ бүгін Кобе қаласында 7-8 қазанда өткізілген болатын» деп хабарлауда Fujitsu компаниясының сайтында. Естеріңізге сала кетейін K computer-ді жасаған Жапониялық Фуджитсу компаниясы. Компьютерде орындалған Linpack тестілеуі, суперкомпьютерлердің жылдамдығын тексеруде қолданылады. Тест нәтижесі 10,51 петафлопсты құрады. Бұл K computer бір секундта ондық жүйедегі сандармен 10,51 квадриллион операция жасай алады дегенді білдіреді.

Осылай K computer өзінің 2011 жылдың маусым айында қойған рекордын жаңартты. Ол кезде бұл компьютер әлемдегі ең күшті компьютер болып саналған еді, екінші орында қытай суперкомпьютері — Tianhe-1A. Ол 2,6 петафлопс нәтижесін көрсеткен болатын.

K computer қазіргі конфигурациясында 864 есептеуіш бағана мен 88128 процессорды біріктіреді. Теориялық жылдамдығы — 11,28 петафлопс.

Бұл компьютер 2012 жылы жер апаттарын, әсіресе жер сілкіністерін, бағдарлауда және космостық программаларда қолданылмақ.

1 пікір

avatar
  • Erlan
  • 0
Керемет екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.