Өлеңдер

Ерке қыз…

Жанымды баурап, қылықтым,
Кетіңіз қайда? жоғалып…
Өзіңе ғана… құнықтым,
Жамалына… үнсіз қамалып.

Сағындым сені… ерке қыз,
Көзіңіз, неткен әдемі!
Күйді де менсіз шертесіз,
Шарлайсыз тағы әлемді.

Өзіңсің менің жан дауам,
АУАДАЙ МАҒАН қажетсіз.
Жүрек қой сізді аңсаған,
Тәкаппарсыз да, өжетсіз.

Паңданып күліп қараған,
Іштегі демімді өртетіп…
ЖАНЫМ-ау, сені қалағам,
Қалыпсың сенде бой жетіп.

Апама сыр!

Батыстың үні ме, орасан,
Найзағай бір жырдың сыры мың.
Ақұштап апама қарасам,
Өрлік пен нәзіктік бір ұғым.

Ақұштап апама жетсем бе,
Сөз жиып жаныма асыл кіл.
Жайыққа жол тартып кетсем бе,
Кеудеме симай жүр Қасым жыр.

Апамның жырына қосылып,
Жайықтың толқыны тербесе.
Кеудемде бос қиял, бос үміт,
Қиялдап көрейін еңдеше.

Ғажап қой!
Апам тұр алдымда,
"Қыз" деген «анасы ұрпақтың»
«Сүйгенді сүю» деді.
Бағым ба,
Уақытқа сезімді ұрлатым.

Ақұштап апам — ау, айта түс,
Мен деген қыз едім бүрмелі.
Басыма болады салған іс,
Жүрегім қинап — ақ жүргені.

Жырыңыз жаныма медет деп
Шағала жыр іздеп жүрегім.
Жайықтан жаңа жыр келед(і) деп,
Ертісте елеңдеп жүремін.

Әселхан Торбаеваның 2 — ші өлеңі

2 пікір

Jako
Түк түсінбедім, не өлең, кімдіке? Жариялаушының есіміне қарасам қыз сияқты, өлеңдерге қарасам жігіттің қызға арнағаны сияқты. Көшірме болса сілтемесі қайда?
aselka_214
Cәлеметсізбе Жако мырза өлең менікі, жігіт атынан жазғандарымда бар тапсырыспен. ешқандай көшірме емес. біреудің бір қатар өлеңін ұрламаспын оған арым жібермес. Торбаева Әселхан Қарағанды қаласы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.