LG компаниясы өте мықты Eclipse 4G LTE ұялы телефонын дайындап жатыр!

IT information /
Бұл соңғы мобильді техникалық жабдықтамамен қамтамасыз етілейін деп жатқан смартфон телефон 1,5 ГГц жиілікті 4-ядролық 28-нанометрлі процессор Qualcomm Snapdragon S4 қамтамасыз етіледі. Орнатылғалы жатқан Adreno 320 графикалық жеделдеткіші арқылы дисплейі өте сапалы, әрі анық болмақ.



Жедел жады(Оперативная память) 2 Gb көлемінде болмақ және баса назар аударып кететін жері акумуляторының көлемі 2100 мАч, ал есте сақтау құрылғысы 16 Gb көлемінде.

Басқа да ақпаратпен толықтыратын болсам бұл смартфон ұялы телефон 1280×768 кеңейтілімді 4,67-дюймді сенсорлы TFT-дисплеймен шығады. Салмағы — 142 г.

Смаратфон ұялы телефон 13-мегапикселді артқы камера және 4 буын LTE жылдам байланыс түрімен видеоқоңыраулар шалу үшін алдыңғы 1,3-мегапиксель камерамен жабдықталмақ.

Операциялық жүйесі нақты қандай болатындығы ақпарат жоқ, бірақ қазіргі кездегі Samsung Galaxy S III смартфоны қолданатын Android 4.0 Ice Cream Sandwich Операциялық жүйесін қолдануы мүмкін.

Бұл жаңа өте мықты техникалық жабдықтамана жабдықталып жатқан смартфон Samsung Galaxy S III-мықты бәсекелес болуы мүмкін. Себебі аталған техникалық сипаттамасы таң қаларлықтай. Бұл телефонды біз 2012 жылдың екінші жарты жылдығынан кейін шығарыла бастайды.

Ақпарат ресми нақты қабылданған ақпарат көзі емес, алдағы уақытта техникалық өзгерістері болуы, өзгеруі мүмкін.

5 пікір

Korkem
Сотыбый атаулыға жаман ғашық екесіз))))
MSHERIMBEK
Бәрекелді) ЭлДжи алғаааа:)
Aidar
LG соткалар үнамайтын еді))) Мынаны көріп ыыы)
qyrmyzy
Элджи сотка ұстадым, бір жылдан сон экраны көрсетпей қалды. Жөндеуге апарсам, запчасть жоқ деді. Содан қорқатын болдық қой. Мынауы керемет екен енд!
torpedaip
Самсоныгқ ғалақсиге жетпейді екен )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.