Айнымалылар, оларға жасалатын амалдар және айнымалылардың негізгі типтері
Сабақ жаңадан бастаушыларға арналғанАйнымалы және оның типтері түсінігіне қысқаша тоқтала кетсек. Мектеп курсынан бұл ұғымдар бізге жақсы таныс. Мысалға, «Асанның жасы Үсенге қарағанда 5 жас кіші, ал екеуінің жастарының қосындысы 25...» деген сияқты есептерде біз ойша Үсеннің жасы х, Асандыкі х-5 деп алып теңдеу құра бастаймыз. Мұндағы х айнымалы, оның орнында қандайда бір сан тұр деп есептейміз. Бағдарламалаудағы айнымалылар да осыған ұқсас, бірақ ол тек сан ғана емес, сөз, символ, т.б. яғни оның түрлі типтері болуы мүмкін. Төменде java тілінде айнымалылардың негізгі типтері:
int — бүтін сандар типі.(int x; int y=37;)
double, float — үтірі бас сандар типі.(float a; double b; float pi=3.14;)
Char — символдық тип (Char q; q='w'; Char t;)
String — сөздер, жолдар типі. (String str; String tost=«Ал, не дейміз енді))»;)
Boolean — логикалық тип.(Бұл типпен кейінірек «очно» танысамыз)
Машиналар сондай ақылсыз, оларда жолай түсініп кету деген жоқ. Айнымалымен жұмыс істеу үшін міндетті түрде алдымен бір рет ЖАРИЯЛАУ керек. Ол үшін оның типін және атын көрсетеміз. Мысалға, int x; (бұдан түсінетінімз x бүтін санды айнымалы, 5 болуы мүмкін, 777 болуы мүмкін, әйтеуір бір бүтін сан).Айнымалыларға қолданылатын амалдар: + — * / =
Енді бір қарапайым есеп, екі санның қосындысын табу. Ал, кеттік! Жаңа проект құруды алдыңғы сабақта көрсеткем.
package esep1;
public class Esep1 {
public static void main(String[] args) {//мына екі қисық сызықшадан басталған жол кодқа әсер
//етпейді, өшіріп тастаса да болады
//бір ақылды кісілер кодта түсіндірмелер қалдырып кету үшін арнайы шығарыпты
int a; //а айнымалысын жариялау
int b;// b айнымалысын жариялау
a=7;// а айнымалысын меншкітеу
b=15;// b айнымалысын меншіктеу
int sum = a+b; // sum айнымалысын бір жолда жариялап, меншіктеп жібердік
//жоғарыда int a=7, b=15; деп жазып кетсек те ештеңе өзгермес еді
System.out.println(sum);//нәтижеге sum айнымалысының мәнін шығарып жатырмыз(қосынды)
}
}
Алдыңғы сабақта «программа денесі мынау» деп суретте көрсетіп кеткен едім, одан басқасын әзірге түсінуге қажет емес. Ендеше, іске сәт! Менде 22 шықты! Сенде ше?)
Сөйлем біткенде нүкте қойсақ, бағдарламалауда; (үтір нүкте) қою керек. Осыған бола нәтиже шықпай қалуы мүмкін. Ақылсыз машина сөйлемнің біткенін түсініп кетпейді.Үйге тапсырма:
1. Барлық амалдарды қолданып көру
2. Жоғарыдағы секілді қарапайым есеп мысалдарын ойлап тауып, комментке қалдырған кісіге + аямаймын
Тағы да мысалдар:
Кодтарды жаңа проект құрғаннан кейін, public static void main(String[] args) дегеннен кейін келетін екі «фигурный» жақшаның арасына орналастырамыз, сосын F6(запустить)1. Үшбұрыштың қабырғалары берілген: a=3; b=4; c=5; Периметр p — ?
Коды:
int a=3, b=4, c=5,p;
p=a+b+c;
System.out.println("p="+p);
Нәтижеде:
p=122. Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені берілген. a = 12.25; b=7.1; Ауданы s-?
Коды:
float a= (float)12.25;
float b=(float) 7.1;
float s = a*b;
System.out.println("Тіктөртбұрыш ауданы s="+s);
Нәтижеде:
Тіктөртбұрыш ауданы s=86,975Әзірше осы! Келесі сабақтарда кездескенше!
18 пікір
Жауабы shesh = 69;