Бастаушыларға PHP-ден 7 функция
PHP тілінде қанша функция бар екенін санағансың ба? PHP-дің арнайы бетінен мен 5025 данасын санап шықтым. Мен бұл функциялардың барлығын саған көрсетіп бере алмаймын әрине. Бірақ, сен PHP-ге жаңа келген болсаң, мен саған қолданыстағы 7 функциясын көрсетіп бергелі отырмын.
функцияларын қолданатын шығарсың. Бірақ бұған array_rand функциясы арқылы одан да оңай жолмен қол жеткізуге болады. Мысалмен көрсетейік:
Егер массивтің кездейсоқ бір ғана кілтін емес, бірнеше кілтін алу керек болса, ол былай болады:
деп жазып жіберсе, біз бұл мәтінді мәліметтер қорына сақтамай тұрып, сыртындағы html тегтерін тазалауымыз керек қой. Осындай мәселеде бізге strip_tags функциясы көмекші болады. Бұл функция былай қолданылады:
Әрине, кейде html тегтердің барлығын қырқа бермей, кейбіреулерін өткізуге тура келеді. Мысалы,
сияқты тегтерді қырқпай, қалған тегтерді қырқып көрейік:
Форматтау туралы қосымша мәліметті мына жерден алуға болады strfti.me
Мысал:
Егер қадамын 1-ден бөлек қылу керек болса:
Мақаланың алынған жері net.tutsplus.com/tutorials/php/quick-tip-7-super-handy-php-functions-for-beginners/
Осы сілтемемен барсаңдар, астындағы пікірлерді оқуға кеңес беремін
1-Функция array_rand
Қарапaйым біреуінен бастайық. Егер белгілі бір массивтің кесдейсоқ кілтін табу керек болса, кездейсоқ санды шығару үшін rand немесе mt_rand
<?php
$input = array("first","second","third","fourth");
$k = array_rand($input);
echo $input[$k];
?>
Егер массивтің кездейсоқ бір ғана кілтін емес, бірнеше кілтін алу керек болса, ол былай болады:
<?php
$input = array("first","second","third","fourth");
$keys = array_rand($input,2); //кездейсоқ екі элементін аламыз
echo $input[$k[0]].' '.$input[$k[1]];
?>
2-Функция strip_tags
Мәтіннің html тегтерін "қырқып" тастауға тура келетін кездер болады. Мысалы, пікір жазатын ұяшыққа қолданушы
<script>alert('Hello')</script>
деп жазып жіберсе, біз бұл мәтінді мәліметтер қорына сақтамай тұрып, сыртындағы html тегтерін тазалауымыз керек қой. Осындай мәселеде бізге strip_tags функциясы көмекші болады. Бұл функция былай қолданылады:
<?php
$message = "<script> alert('Hello') </script>";
echo strip_tags($message); // Нәтиже alert('Hello') болып шығады
?>
Әрине, кейде html тегтердің барлығын қырқа бермей, кейбіреулерін өткізуге тура келеді. Мысалы,
<strong>,<em>
сияқты тегтерді қырқпай, қалған тегтерді қырқып көрейік:
<?php
$message = "<div>Бұл пікірді <strong>қалың әріппен</strong> жазамын</div>";
echo strip_tags($message, "<strong><em>");
// Нәтиже "Бұл пікірді <strong>қалың әріппен</strong> жазамын" болып шығады
?>
3- функция strftime
Кез келген веб приложенияда уақыт үлкен рөл атқарады. Бұл мәселеде, уақытты форматтау үшін бізге strftime функциясы көмекші болады. Мысал:
<?php
strftime("%B %d, %Y", time()); // July 28, 2021
?>
Форматтау туралы қосымша мәліметті мына жерден алуға болады strfti.me
4- функция basename
Егер бізде бір файлдың жолы (path) болса, егер ол файл туралы мәліметті қолданушыға көрсеткіміз келсе, файлдың жолын емес тек атын ғана көрсетеміз ғой. Осындай кезде basename функциясын қолдануға болады. Мысал:
<?
$path = "D:/www/sites/files/examp.txt";
$filename1 = basename($path); // Нәтижесі examp.txt
$filename2 = basename($path, ".txt"); // Нәтижесі examp, яғни txt кеңейтуінсіз
?>
5- функция list
Егер бізде массив болып, сол массивтың элементтерін жіктеу керек болса, list функиясы көмекші болады. Мысалы:
<?php
$array = array('first','second','third','fourth','fifth');
list($first,$second) = $array;
echo $first.' '.$second;
?>
6- функция range
Егер біздің белгілі бір элементтердің диапазонынан массив жасағымыз келсе, range функциясы көмекші болады.Мысал:
<?php
$array = range(0,10);//$array = array(0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10), қадамы 1 болады
print_r($array);
?>
Егер қадамын 1-ден бөлек қылу керек болса:
<?php
$array = range(0,10,3);//$array = array(0,3,6,9), қадамы 3 болады
print_r($array);
?>
7- функция isset
Егер бір айнымалының бар немесе жоқ екенін тексеру үшін isset функциясын қолданамыз. Мысалы:
<?php
$name = "My name";
isset($name); // true
isset($age); // false
?>
<?php
if(isset($_GET['query'])) {
// get results and display them
} else {
// show some default content
}
?>
<?php
$x = '';
isset($x) //true
?>
Мақаланың алынған жері net.tutsplus.com/tutorials/php/quick-tip-7-super-handy-php-functions-for-beginners/
Осы сілтемемен барсаңдар, астындағы пікірлерді оқуға кеңес беремін
2 пікір