↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
08 маусым 2012

Сіз үшін не бақыт?

Сіз үшін не бақыт? Осында бақыт туралы жазғандар бар екен бірақ, әрқайссымыздың бұл туралы айтар өз ойымыз бар ғой. Әркім өзі меңзейтін бақыты туралы жазсса.

P.S.Флуджазғыштар, көш келдіңіздер. Android туралы жазып миларыңды шіріткен шығарм :)
?

Пікірлер:43

  • Ais_97
  • 08 маусым 2012, 19:19
  • +4
Бақыттымын деп жатамыз ғой, ол жай көңілдің қуанышы.Адам бақытты сезіну үшін, бірінші қиындықты тата білуі керек, сонда ғана бақытты бағалай алар еді.Менің ойыммен бақыт деген шын сүйе білу. Отанды, Ата-Ананы, Сүйгеніңді.Мен үшін Бақыт маған қымбат адамдарымның қуанышы! Солардың әр кез көңілді,қабағы жадыраңқы жүруі.Мен үшін бақыт-сүйгенімнің бақытты болуы.Міне мен бақытты осылай түсінемін!

«Бақыт»- деген қандай нәрсе білмедім,
Балалықпа, шаңға аунаған күндерің
«Бақ» туралы білмесеңде ештеңе,
Асыр салып, достарыңмен жүргенің.

Мүмкін «Бақыт» бозбалалық шағың ба?
Кемерге кеп, бой түзеген шағыңда…
Ой тоқтатпай,ұнағанға сөз айтып,
Жас ұландай сезінерлік бабында.

Осы сұрау болатынын білгенмін,
Бақыт бәлкім ғашықтықпа білмедім
Сезінеді бақыттың не екенін,
Біле-білсе ғашық болып кімде-кім!

«Бақыт»-деген қолға түспес әңгүдік,
Сырттап жүрер, айналшықтап паң күліп
Ол тек қана басын иер ардақтап,
Шын сүйгенге, адалдықты aр қылып!




Пікір 2021-06-08 19:21:46 күні Ais_97 тарапынан түзетілді
  • balgalym
  • 08 маусым 2012, 19:22
  • 0
Адам бақытты сезіну үшін, бірінші қиындықты тата білуі керек
тамаша! +1
  • Ais_97
  • 08 маусым 2012, 19:24
  • 0
рахмет, сізге де рахмет!
  • balgalym
  • 08 маусым 2012, 19:27
  • 0
өлеңнің авторы кім екен?
  • Ais_97
  • 08 маусым 2012, 21:19
  • -1
Авторын білмей тұрмын,ұмытып қалдым сірә ренжімессіз.
  • balgalym
  • 09 маусым 2012, 17:29
  • -1
жоқ :)
  • qyrmyzy
  • 08 маусым 2012, 21:43
  • +4
Бақыттың қалай келгенін емес, оның қалай кеткенін сезесің© Бауыржан Момышұлы
Бір бақытқа жету үшін бір бақытты жоғалтасың © авторын ұмыттым.
Мен үшін бақытсыздық: отбасымның, жақындарымның, достарымның, туыстарымның, сүйгенімнің сенімін жоғалту, және оларды жоғалту. Қалғанының бәрі — БАҚЫТ!
Мен үшін бақыт- ол өз-өзімді жеңе білу деп қояйын.
  • qyrmyzy
  • 08 маусым 2012, 23:15
  • 0
Қалай-қалай?©
  • Manas
  • 08 маусым 2012, 23:23
  • +1
Маған әр қалай.Өзімнің жағдайыма байланысты.Мысалы кеше қатты тісім ауырған, терезеден күліп-ойнап жүрген адамдарды көргенде солардан бақытты адам жоқ деп ойладым.Және жалғыз қалсан БАҚЫТСЫЗДЫҚ деген сол.
  • Chimaq
  • 09 маусым 2012, 00:02
  • 0
Ui-ishim,tuys-tughandarym,dos-jarandarym aman esen jurse sol baqyt…
  • saya
  • 09 маусым 2012, 00:05
  • 0
бақытсыздыққа ғана себеп керек, соның себебін айтып бере алам, ал бақытқа себеп керек емес, адамның қалыпты күйі сияқты. іздеу, тосу, тем более сұрау, нееет, мен мұндайды түсінбеймін.
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!

(Менің Мұқағалиым)
avatar
  • Jako
  • 09 маусым 2012, 18:14
  • +1
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!

Сұмдық күшті айтылған сөз екен.
  • dimash
  • 09 маусым 2012, 00:06
  • +1
Мен үшін осы өмір бақыт!
Аллға шүкір, 12 мүшем түгел, ақыл-есім орнында, ата-анам, бауырларым жанымда, өзімнің махаббатымды тапқандаймын, барлығы-барлығы орнында, дәл қазір көңіл-күйім керемет!))
Алға қойған мақсатым бар, болашағыма сенемін!
Алладан тілерім, осы бақытымнан айыра көрмесін
Пікір 2021-06-09 00:07:31 күні dimash тарапынан түзетілді
  • balgalym
  • 09 маусым 2012, 17:40
  • 0
тамаша, осы көңіліңді түсірме ешқашан! :)
  • qyrmyzy
  • 09 маусым 2012, 00:08
  • +1
Андройд алсам, сол да бір бақыт:))))))))
  • Chimaq
  • 09 маусым 2012, 00:09
  • 0
Qytaigha qashan kelgeli jatsyz?bir korsem sizdi solda bir baqyt.....))
  • qyrmyzy
  • 09 маусым 2012, 06:58
  • 0
Бірге баратын біреу болса, барам ғой:) Әрине әпкемен кездессек, ол да бір бақыт
Бұдан да Андроид туралы жазғаның тәуір еді, муахахаха;)
  • balgalym
  • 09 маусым 2012, 17:31
  • 0
жазамғой әлі, әлі ол туралы жазылмаған қызық көп, флудтағым келд та :)
avatar
  • Ademi
  • 09 маусым 2012, 18:52
  • 0
Бақыт жайлы жазып, флудтайық онда
Бақытты іздемеймін. Бақыт менде. Бақыттымын. Өйткені өзімді солай сезінем:)
avatar
  • beko
  • 09 маусым 2012, 06:27
  • 0
Бақыттымын. Өйткені өзімді солай сезінем:)
Өте оңай жауаптың бірі!
avatar
  • beko
  • 09 маусым 2012, 06:25
  • +1
Осы постты соңына дейін оқып болғасын, офистың терезесінен (жаңа атқан таңды) қарап өзіме сұрақ қойдым:
Осы Берікбол, сен үшін бақыт деген не нәрсе?(Жеке адамға қойылған сұрақ)
Жауап:
Арадағы қарым-қатынастың жақсы тату тәтті болғаны (әріптестер, дос жарандар, туыс бауырлар)
Олардың көптілігі…
Олардың мейлінше тура жолда жүргені…
Өнегелі, саналы, иманды, тәрбиелі ұрпақ қалдыру.
Өмірден өтерде Исламдағы бес парызды орындап, өмірлік жұбыммен бірге, мұсылман болып өту.
Өмірде із қалдырып кетсем де артық етпес…
Ата-анамның ақ сүтін ақтау. т.б.

Енді осы жоғары тізімдегілер орындалса (не болмаса айналамда бар болса), онда мен сол кезде бақытты болармын деп қана ойладым ішімнен…
  • qyrmyzy
  • 09 маусым 2012, 06:59
  • 0
Ұйқтасаңдаршиш!
avatar
  • Jolai
  • 09 маусым 2012, 11:18
  • 0
Адамнын адам болып жаратылуы түсінгенге сірә бақыт шығар! Тәні саудың — жаны сау демей ме… Менің ойымша бақыт дегеніміз қанағатшылдықта деп ойлаймын, әрине қанағаттың қадіріне жеткен адамды айтып тұрмын себебі қанағатшыл адам жоққа да сабыр сақтап жүреді. Бақытты материалдық дүниемен өлшеп, соны бақыт деуі мүмкін! «Богатые тоже плачут» Сондықтан достар бақыт туралы менің пікірім осылай! Бақытты іздеп қайтем?! Бақытты іздегеніммен ризығын Жаратқан береді ғой! сондықтан Жаратқан өзі берген нығметтерге шүкіршілік еткеннің өзі бақыт деп ойлаймын! Бақытты іздемеймін! Өзі іздесін бақыт! Ал достарым сендерге Бақыт келіп қонсын!
avatar
  • Jolai
  • 09 маусым 2012, 11:20
  • 0
оны іздеп, келмесе бақытсызбын деп жылап жүрмендер) Бақыт — Тәңірден!
түсінген адамға бір күндік сәуле де бақыт қой, бақытты меніңше болмашы нәрселермен өлшеген дұрыс емес сияқты. Бақыттың қадірін әр нәрсемен өлшеп оның адамдар арасындағы бақыт туралы түсінік-ұғымдардың қадірін кетіріп алмайық достар!
Пікір 2021-06-09 11:23:03 күні Jolai тарапынан түзетілді
avatar
  • Jako
  • 09 маусым 2012, 11:30
  • +1
Жақсы жауап, ал өзім бақыт дегеннің не екенін білмеймін, себебі бақыттымын дегендердің бәрі тағы да бақыт іздеп шауып жүр.
  • balgalym
  • 09 маусым 2012, 17:37
  • 0
Жолай, Жако сіздің ойларыңыз қызық екен, сөздірңіз филисофия ғой жатқан :) бірақ мен бақытты іздеймін, сол кезде бақытты болуыма мүмкіндік бар, ал іздемесем мүмкіндігім одан аз.
avatar
  • Jolai
  • 09 маусым 2012, 21:49
  • 0
Ал керек болса! Балғайым өзің үшін бақыт не? қандай болады? іздейік)))))))
  • balgalym
  • 10 маусым 2012, 08:56
  • 0
Jumsaq ari tatti ))) al qaljynsyz, bilmim, quantatyn tizimde kop, biraq wyn tolyqqandy baqytty bilmim, omrimnin bir kezeninde tusnetn wygarm mini budan artyq ne kerek dep, bolmasa qazir baqytty bolganymdy tusnetn wygarm, ooo jaryq dep men baqyttymyn dep aitalmaim
  • balgalym
  • 10 маусым 2012, 08:57
  • 0
BalGalym
  • alikona
  • 09 маусым 2012, 17:26
  • +2
ақшам көп болса бақытты болар едім дәл қазіргі уақытта!қазір кейбіреулер айтат шығар, минустаааап,«ақшадан бақыт таппайсын деп»бірақ шынына келгенде ақшан болса денсаулық та болат бәрі де болат деп ойлаймын…
avatar
  • Jako
  • 09 маусым 2012, 18:17
  • +1
alikona!
Ақша көп нәрсені шешеді, бірақ ақшаның күші жетпейтін нәрселер де баршылық.
Пікір 2021-06-09 18:17:23 күні Jako тарапынан түзетілді
  • mairosh
  • 10 маусым 2012, 00:25
  • 0
Үлкен сөздің қысқасы осылай жазып өз ойымды білдіріп отырғанның өзі бақыт қой ))
avatar
Қазіргі уақытта мен үшін Бақыт ол — көздері оттай жанып, мені жеп қоярдай боп отырған 6 коммисия мүшелерінің алдына шығып дипломымды сәтті қорғап шыққаным, ал Бақытсыздық ол — осы 6 коммисия мүшелеріне айғайлап доклад оқимын деп тамағымның ауырып қалғаны және үшінші күн бойы сөйлей алмай жүргенім)))))))))))))
  • qyrmyzy
  • 10 маусым 2012, 01:16
  • 0
қорқыттың, соншалықты айғайлап қорғайсың ба жұмысты?? Менің онсыз да тамағым ауырып жүр(((( уаще өшіп қалмасам болғаны…
avatar
негізі қорқатын ештенесі жоқ,қолыңдағы үш бет докладты дауысынды шығарып, анық нақты мәнеріне келтіріп айтып берсең болғаны. Артық қобалжудың қажеті жоқ.
  • Ayala
  • 10 маусым 2012, 01:47
  • 0
Жалғыздықтан құдай сақтасын тек, ауырмай ел қатарлы бірде күліп, бірде жылап, бірде озып, бірде қалып жүргеннің өзіде бақыт қой… Бұл күнге жете алмай жүргендері қаншама… Аман есен танертен оянғаның өзіде бақыт қой…
Пікір 2021-06-10 01:48:43 күні Ayala тарапынан түзетілді
avatar
  • Akmanat
  • 10 маусым 2012, 01:50
  • 0
Бақыт адамның өз қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы. Сондықтанда, бақыттын нақты формуласы жоқ, әр адам үшін әртүрлі деп санаймын. Мысалы, қыз бала үшін әйел бақыты…
  • Ayala
  • 10 маусым 2012, 01:53
  • 0
яяя, әр бақыттың өзінің бір уақыты болары сөзсіз, баріде бұйырғаны, маңдайға жазған боладығооо…
  • qyrmyzy
  • 10 маусым 2012, 02:02
  • 0
жігіттерге әке болғаны…
avatar
  • Akmanat
  • 10 маусым 2012, 02:05
  • 0
ия, «адамның бәрі жолаушы, сарылып бақыт іздеген»- деген сөз барғой, сондықтанда әрқашан бақытқа жетуге ұмтылуымыз керек. Әрине Аллахтың бұйырғаны болады, қарап отырсақ, бақытқа ұмтылудың өзі бақыт сияқты
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.