↑ Жоғары шығу
05 тамыз 2012

Айым. Қалай таныстық?

қалай танысқанымызды [егер оны танысу деп айтуға болатын болса, әрине] ұмытатындай есімнен алжаспадым. әзілдеп қате айтып жүргенімді жақсы білетіндігіңе күмәнім жоқ. сонда да...
ЖЖ-дағы күнделігіңнен бір постыңды көзім шалды. шамасы, бұл сайт ҚЗ-да ашылмайды деген оймен болар, ішіңдегіні аямай төккен боларсың. «была ли любовь?» деген постыңда «мой бывший андай-мындай.… қалай танысқанымызды да толық білмейтін, немқұрай. анау-мынау.… » деп кейіпсің. бір күліп алдым да қояр едім. бірақ, бетіме тіктеп қарауға шамасы жетпейтін құрбыларың [әлі жүр ме, о чикалар(дікі) соңыңнан салпаң-салпаң етіп?))))] зыпырандарын төккені қанымды қайнатты. солардың сазайын беремін деп жүргенімде, о постың да қош боп кетіпті, бәлкім бірдеңкені сезген боларсың… жәә, жарайды. кезек менде. мен де кірлерді ақтарайын. сенің оқып-оқымауың ештеңе өзгертпейді, десееееейЩ. мына сайтта жүргенімді білетініңнен де хабардармын. менен сан мыңдаған шақырым жырақта жүргеніңмен, жансыздарым жақсы жұмыс жасайды. осында жазған айналдырған үш-ақ постымнан мені танып қойғаныңды кімге айтып едің? ((((: айтпақшы, смайлдарды кері қаратып қоятынымды да тастамадым, саған ұнамайтын еді. мә саған тағы да: (((((((((((((((((:
маған бөтен, сен үшін туған, бірақ еліміздің ең а(у)ру қаласындағы халқымыздың тілектерінде басын құмартатын ақынының көшесінде орналасқан бір кітапхананың кіре берісінде, сен үшін шыға берісінде, осыдан бірнеше жыл бұрын алғаш кездескен едік. жұмсартып айттым, соғысқан едік. ия-ия, ұнатпасаң да, кәдуілгідей [бұл сөзге аллергияң бар емес пе еді?] соғысып қалдық. екеуімізде де музыка жанғырып тұрған құлақтық. [құлақшын немесе құлаққап деп дұрыстап әуре болмаШ! бір ретте айтқам: біреуі — бас киім, ал екіншісінің таза жағымсыз естілетінің өзің де білесін.] мен — жүрген жерінен шөп шықпас студент, құр алақан. сосын, ол жерге не үшін барғаным да есімде жоқ. (((((: ал сен, ммм, саған обал болды. байғұс-ай, құшағыңдағы бүкіл кітабыңды түсіріп алдың. ойпырымай, оқымысты-ай, сумкы қайда?! тым болмаса пакет. саны бір кітапханашыға мәлім кітаптарың көп еді. сасқанымнан «сорри» деуге ғана шамам жетті. [өмірімде алғаш] бір қыздың алдында осындай күлкілі жағдайға тап болдым. осы жағдайдың қайталануына Леди Гага беремін десе де [таб.септ. жасырын жалғауы бар, извращенка, әдеттегідей] келіспес едім. мәәә, сасқаным сонша, бірнеше секундыға нокдаунға кеттім. тура идеалымдағы [ық-ық, нәпсі ұнатып, ақыл мақұлдаған] қыз бір қадам жерде. бойы, пошымы, сұлбасы, иісі, дірілі. [бірақ] кітапхана алдында. Кайахан* көрсе, қызғаныштан жарылып өлер еді. ең болмаса, тегін клип түсіріп алар еді. мамммааа, мияяяаааау! тізерлеп джимкеррише ұлып жер тепкілеу, ммм, со кезде ойыма келмеген, негізі. [бірге «масканы» қарағанымызда брекетіңді анығырақ көргім кеп айта салғам] бірақ аузым ашылып қағанын кейін сенен естідім. менің есімде жоқ. [неге ақталам. ұялатындай ашылып қалған — ауыз, етек емес қой. тізесінен қайда алыс микро-юбка киген ұялсын қайта)))] бір «есімді жиып» қарағанымда, күбірлеп жерден кітап-дәптеріңді жинап жатыр екенсің. ішімнен өзімді «сорыңды ұрайын, қоқи» деп сыбап ап, көмектеспек ниетімен отырайын дегенімде, сен тұрып қалдың. [әдейі істедің бә?] сәл болмағанда мұрынмен сүзісе залдадық. [әлі «жаздадық» деген сөзді әдейі шмекси ғып айтатыныңды өткенде брәтішкең айтып қойт. қайдан білсін байғұс, әпкесінің жөндеп қазақша білмейтінін] а-ля холли[боли]вуд прадакшн, уақыт бір сәтке дегдіп, ширек секунды бұрын мен тоқтап үлгердім [шүкірАлла!] көзбе-көз келдік. бұл жерде белгісіз бір күш [қырсыққанда] уақыт атаулыны тапсырыспен тоқтатқандай болды. ұят-ай, пейіштен есік ашылып, жәннатпен сүйіншілесе де, қарауға шама жоқ еді, масқара-а-а. [о кезде де ораза болатын] түсіне бер, сондай [микссенс] халдемін. сен [әдеттегідей] долдана қарадың. менің гримасамда [әдеттегідей] өтірік жымиыс. барлығы [үш жарым адам: 3қыз бен 2 ұл] шаруаларын бір шетке ысырып қойып бізге қарап тұр. бәрі-бәрі түрік-латина-француз-үндіс [қалағаныңды таңда] киноларындағы романтикадан жұрдай банальді ситуация. бір сәтке [сұмдық, сібірский] салқын деміңді бетімнің кедір-бұдырымен сездім. гримаса жайына қалды, езуім екі құлағыма жармасты. [моргтен шыққанбысың, кітапханедан емес?)))]
  — кхым-кхым. осторожно! смотреть надо по сторонам, понаехали тут всякие.… если со зрением проблемы, то купите очки.… — деді, чоколэйд айскримқұмар тамағы қарлыққан «шоколад».
[астмаң қойды ма, аппақ?]
әрі қарай не айтқаның есімде жоқ. өмірімде бір-ақ [алғаш және соңғы] рет бір қыздың аузын жаппауын тіледім сонда. даусың сондай тартымды келді. рахметлік мысығым — Брайннің [бэкстрит бойздың дәурені жүріп тұрғанда тауып алғам] құйрығын басып кеткендегі дыбысына ұқсаттым. тіпті орысша сөйлегеніңді [со кездегі ультра патрик] көңлім елеген де жоқ. аяғыңды басып кеткенім аздай, ыржиып күліп тұрғанымды кейін өзің айтып бергенсің. [тегіннен-тегін марқұм Брайнға ұқсатпаппын] айтпақшы, [бұл қыстырманы да жиі қолданғаным қышымаңды ұстататын еді ғой, айтпақшы)))] кәзір линзаны тастағам, есесіне "әшки" тағамын.
[Газпром, армандар орындалады, арс шэвиңіңдіррайын, арсеналдың фанаткасы!]
бір кезде айтарың таусылды ма, аузың жабылды. [тыныштықты «толтырмақ» ниетпен] әңгімені жалғайын деп, жердегі кәкір-шүкірлерді жинастырып жатып; полу отырыс, полу тұрыс, сондай, қалай десем,… рүкуһ пен сәжденің арасындай [намазға жығылыпсың. космонавт ор ниндзя?)))] положениеде: — «менің атым — Болат», — дедім.
өз атымды айтуға әдемілігіңнен бата алмадым дегенде, қосып айтып жіберіппін. кейін осыны еске түсіріп екі мәрте ырза боп күліп алғаның есімде. со кезде сен қарадың,- пысқыра қарадың. пысқырып та қарауға болатынын сенен үйрендім. сонда қалай жыным келгенің білсең, байқамадың. байқатпадым. шетте жатқан глАмурный [пурпур қапты] студенттік билетіңді алып, женіме білдіртпей тығып жібердім. ішімнен ережесіз ойынды сөрелетіп, басымды изей бердім [әдеттегідей] өтірік күліп. сен не болғанын түсініп те үлгермедің. [әдеттегідей] ол жолы шайқалған басың мен жыбырлаған еріндеріңнен бажайладым. [әлі «придурок» деп айтатын адам кездеспеді ме басқа?)))] мені жер қылдым дегендей ырза боп, өзіңе тән мәнерде жұлқынып [передачасы дұрыс ауыспайтын мәшіне секілді, типтроник куперіңдіррайын] кетіп бараттың «чао!» деп. артыңнан ілесе алмаған адамның кейпін жасап, алыстан айғалаған сынай танытып, телефон нөміріңді сұраған едім сенімсіз үнмен, шректегі мысықтың түрімен. [шрек мфін барып көріп кел, Дракоша))))] пауза ұстап, менсінбей, қарамай, атымды да білмейтін адамға нөміріңді бермейтіндігіңді айттың. «атыңды біліп алсам ше?» дегенімде, «ондай крутой болсаң, зыванда!» деп, мазақтап күліп кете бердің. ал мен, мен, сен көше соңына ғайып болғанша, [өзінше болма, перекрестоктан асқанша] қарап тұрдым болғандарды ой елегінен өткізіп. [уат ы ғиск? болды бар сұрағым] жүрісіңді көргенде дем алу жиілігі артты. [ қарадым ту бэк, елестеттім инфронт] жалпы, өзіңе әуеи болғанымды түсіндім. ыржиып қала бердім. [шамалы тұрдым, көп емес. Усейн Болдының рекордын бір жарым орадым] кітапханадан сыныптасым шығып түрткенде сені ұмытып кеттім. [не үшін келгенімді білгем, негізі] содан Жұмағалидің көшесінде тұратын универден амикаларға тарттық. [әдеттегідей] қызықты кітап іздеуге…

П.С. алғаш кездескеніміз осы еді. қалай танысқанымызды келер жолы жазармын. [мүмкін]

П.П.С. бас әріптен бастамай жазудан да арылған жоқпын, байқасаң. нууу, қазір жалқы есімдерді үлкен әріппен жаза бастадым, Айыыыыыым. Еске салу! қазақ тілінде екпін соңғы буынға түседі, қарааааааақ! ((((((((((((((:

___________________________ *ұмытпасаң, түрік әншісі. «бир ашк хикайеси» деген өлеңі бар. менде звонокта тұратын. сен жақтыртпайтын ше? ((((((((((((((((:
?

Пікірлер:52

avatar
Атуишаю! Мынадай постты бұрын-соңды оқымағанмын! Пост оқи отырып, кино көргендей әсер алу деген осы шығар!
Сізнің һәлді бек ұғып тұрыпмын:) Сан мыңдаған эмоциялар һәм бір сәттің ішінде бірнеше нәрсені сезініп қалу. Меніңше, қызға тән мінез құлықтар дәәәлме-дәәәәл баяндалып өткен:)
«О қай ғыз өзі» деп тыыым баналды кетпей-ақ қояйын. Өмірдің белгілі бір ноқатына жеткенде қуаныш уә сағынышпен еске алатын сәттер болса, өмірдің бекер кешпегені сол шығар...:) Өткенде мен сізді тұңғиыққа батырып едім, бұл жолы сіз мені алдыңыз да тұншықтыра салдыңыз:) Рахметус (((:

p.s. Мына посттан кейін блоггермін деп айтуға ұялып отырмын:)))
  • ruben
  • 05 тамыз 2012, 22:29
  • +1
Түрікше түсінесіз ғой. мына өлеңді тыңдап отырып жаздым, Сәке. Көп детальдарды еске түсіртті.
О қыз, енді, керемет қыз еді. Бірақ жараспадық. Екеуміз де кішіреюді білмедік.
avatar
Сізге Әбу Зәйн Әл Хорасани ибн Тауқымет әл Машайық деген есімді беруге рұқсат етсеңіз:)
  • ruben
  • 06 тамыз 2012, 00:54
  • 0
((((: қайта машақаттан құтылдым ғо, амиго. тауқымет те тастап кеткен мені. бірақ Хорасанға апарып тастағаныңызға мың алғыс!
avatar
  • Mzafar
  • 06 тамыз 2012, 00:46
  • 0
Ссылка істемейді! Случайно Алев-алев деген байырғы бір өлең емес педі?
avatar
Пікір 2021-08-06 01:03:56 күні QARASAQAL тарапынан түзетілді
avatar
  • Mzafar
  • 06 тамыз 2012, 01:03
  • 0
осы жерге шығара салшы, менде көрсетпей жатыр!
  • ruben
  • 06 тамыз 2012, 00:58
  • 0
алев-алев? мә, мені Хорасаннан да әрі апарып тастадың. Мерв қаласында түсіріп тасташы, шөл дала басталып кетті. (((((:
avatar
  • AKA
  • 05 тамыз 2012, 22:28
  • 0
Вай, вай, ваааай браво! Тамсана оқыдым, мықты әсер береді екен.
Оқып отырып көз алдыңа елестейтіндей әңгіме екен. Тамаша!
avatar
  • Mzafar
  • 06 тамыз 2012, 00:38
  • +1
Сөз жоқ, мақала өте жоғарғы дәрежеде жазылған! Бас июден басқа амалым жоқ аға:) Сіздің әңгімелеріңізді шын өмір түгіл, виртта есітсе де адам ұйып тыңдайды екен. Не дегенмен лисан ілімдерінің great мастерісіз ғой!

P.S. Бірнеше жерінде жарылдым күлкіден, аяусыз күлдірдіңіз! Өте асерлі болғаны сонша оқиғаны өзім көріп қайтқандай болдым:) Вот только қайда шындық қайда афсона екенін сортировка эдиб іріктеу, одан соң анализ жасау қиын болып барады! Хронологияны тіктей алмай қойдым!
  • ruben
  • 06 тамыз 2012, 01:01
  • 0
ал «О» менің әзілдерімді келеке ететін «полное отсутствие чувства юмора» деп.
хронология деймісің? бастысы, керек адам түсінеді
avatar
  • Mzafar
  • 06 тамыз 2012, 01:14
  • 0
ал «О» менің әзілдерімді келеке ететін «полное отсутствие чувства юмора» деп.
Maybe ол кімсә humor ілімдерінің greatest мастері болып, сіздің humor-іңізді underestimate ететін шығар?
  • ruben
  • 06 тамыз 2012, 01:22
  • 0
мАй биии. ((((:
мастер болды басқа саладан. енді доқтырлыққа кетіп бара жатыр. [жазғаныңды оқыса, ықылық атады]
avatar
  • AKA
  • 06 тамыз 2012, 09:41
  • 0
avatar
  • Korkem
  • 06 тамыз 2012, 01:06
  • +1
[неге ақталам. ұялатындай ашылып қалған — ауыз, етек емес қой. тізесінен қайда алыс микро-юбка киген ұялсын қайта)))]
сұмдық!

[үш жарым адам: 3қыз бен 2 ұл]
базар жоқ!
[бэкстрит бойздың дәурені жүріп тұрғанда тауып алғам] құйрығын басып кеткендегі дыбысына ұқсаттым. тіпті орысша сөйлегеніңді [со кездегі ультра патрик] көңлім елеген де жоқ. аяғыңды басып кеткенім аздай, ыржиып күліп тұрғанымды кейін өзің айтып бергенсің. [тегіннен-тегін марқұм Брайнға ұқсатпаппын]
өлермін)))

мяяя, кіші әріптен бастауыңыздың да сыры бар екен ғой, мына (((((: белгіңіздің де бір жатқан тарихы барын сезіп едім. Жігіттердің бәрі сіз секілді ашып жазса… мхм, сөзім таусылды
  • ruben
  • 06 тамыз 2012, 01:14
  • 0
Үш жарым адам дегенге ренжіп қалмаңыздар. [осында секем алатын екі-үш қыздың біреуісіз))))]
мен емес ол өлшемді енгізген, шариғаттан алдым. қате болса, мұхтасарларыңызды соны үйреткен марқұм молданың бейітіне барып оқып берерсіздер. біліп жатсың, жарықтық! (((((:
avatar
  • Korkem
  • 06 тамыз 2012, 01:58
  • 0
дәл осы жерде темірдің қызып тұрған жерінде неге жақшаны былай [ ] қоятыныңыздың да тарихын айта кетсеңіз жатқан тарих екесіз
  • ruben
  • 06 тамыз 2012, 02:05
  • 0
болмысым қисық болса да, дүзу нәрселерді ұнатамын, негізі. математика сабағынан ана жақша түрін жақсы көремін. ал «О» математиканы көтере алмайды (((((:
Уәхәхәхәх, ықық, қхах-қхах тамағым кетті постты оқу барысында күлу нәтижесінде! Шерешшур банальный болып, мақтай бермей, біраз жамандап та қояын: «пост құсық екені сөзсіз!» < — ырымын жасадым!
  • ruben
  • 06 тамыз 2012, 02:00
  • 0
(((((:
терезе ашылды да, басында шаң-шаң каскісі бар, керзі етік киіп, қызыл покрывало жамылған біреудің перегарлы даусы естілді. (биік забормен қоршалған сары қабырғалы ғимарат вахтерінің алғаш және соңғы хаттамасынан)
Пікір 2021-08-06 02:05:51 күні ruben тарапынан түзетілді
УА, Дракула әпендінің қарғысы болғыр, менің имиджиме тиіспе!
  • ruben
  • 06 тамыз 2012, 02:22
  • 0
ана графсымағына айтып бар. Мухаммед екінші дауно шейіт боп кеткен, орыстар ыстық теңіздер жағалауына жыл сайын әкесінің үйіне барғандай және ещо шешесінен жаңа туғандай барып демалып қайтатынын. қорқаудай тығылмай шықсын, құр қол келмей, жарқанат деликатесін ала келсін. қарғағаны несс, шиша шарап қарыз ғой ол!!!
Апендім кәз Лондонда олимпиада көріп жүр, келсін айырат! © :)))))))))
  • ruben
  • 06 тамыз 2012, 02:58
  • 0
ондааа, бос келмей, Ромадан екі-үш джинсы ала келсін деші запасқа ((((:
avatar
түк қалмай ағып кетті:)))))))))))))
avatar
  • AKA
  • 06 тамыз 2012, 09:42
  • 0
avatar
Мына постты флудтауға қимап едім, әттең-ай:))) Жарайды, Алтыншы Алтын үшін тіпті, жан құрбан:)))
расында бір индийский кино көргендей боп кеттім ғой.Тіпті көз алдыма қыз бен жігіттің киімдеріне дейін елестеп кетті.Құдай! маған не болған,өзі? Маған соңғы кездері түрлі иллюзия ма, не дейт? сондай бірдеңе көріне бастапты.

Жалпы, жазбаң ұнады!
avatar
  • Uleke
  • 06 тамыз 2012, 12:50
  • 0
Расында, Дракошаның көзге жас алатыны анық!
N.C.
avatar
  • qyrmyzy
  • 06 тамыз 2012, 14:24
  • 0
ық ық, маска шешілватыр ма дедім ше… Не го, мен сіздікпін демей-ақ қояйын, анда-санда миы отключка болып тұратын телефоныма үңіліп, бас алмай оқып шықтым. Қорытынды: бір түзудің бойымен өтіп жатыр екен өмірім. Қызық, әлі нететін сияқтысыз, мне кажется!
  • ruben
  • 07 тамыз 2012, 00:56
  • 0
осы пікірдің иесін кешелі бері күткем. ((((:
нетіп-нетпеуім енді настрға байланысты да.
П.С. бірінші айлықтан адамски телефон алған жөн. (((:
avatar
  • qyrmyzy
  • 07 тамыз 2012, 01:09
  • 0
келдім ал, атаберіңіз:)
нетіп-нетпеу жүрекке байланысты-ау негізі
ПЫСЫ: бірінші айлығымнан алып ем сол телефонды:) елдер ренжіп бітетін болды
avatar
  • VVVWWW
  • 07 тамыз 2012, 03:11
  • +1
Мына жазбаң арқылы талай адамды депрясняк қылыпсың ғой, тіпті біреулерге неше түрлі глюктар елестеп жаткан сықылды ма, қалай өзі
Пікір 2021-08-07 03:13:40 күні VVVWWW тарапынан түзетілді
  • ruben
  • 07 тамыз 2012, 03:51
  • 0
киносында орыстың — «бриллиант қол»:
Не виноватая Я! Он сам пришел.
деген принцип ұстанамын (((((:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.