Қанша ақша керек?

Әлеуметтік сауалнамалар /
Ақша берейін деп жатқам жоқ)) Байқасам, көпшілікке ақша керек екен. Маған да. Нақты қанша керек екені белгісіз. Әйтеуір, көөөп керек. Мына бір постты оқып отырып, "Шынымен, қанша ақшам болса жеткілікті болар еді?" деген сұрақ туып кетті. Әлде өмір бақи «ақша керек, ақша керек» деп соның соңынан еріп кетеді ме екенбіз?! Негізі, ойлануға тұрарлық тақырып.

Ақша оңай келмейді ғой «простой смертныйларға». Табады, жинайды, көбейтеді, одан қалса «біреу тартып алмаса, артым ашылып қалмаса екен» деп қорқып жүреді. Бір кештерде көңіл көтеріп қалмаса көзбояу, былай күндері көз ісіп кеткен, уайымшыл, ештеңеге уақыт жоқ. Жұмыс ауыр, шаршап жүреді. Ай сайынғы кредитті айтшиш — естен кетпес. Міне, мен көрген ауқатты кісілердің сұрқы осындай. Бір жүзі жайнап, тапқанынан ләззат алып жүргендерін көрмедім. Ондайлар жоқ демеймін, бірақ, меніңше көпшілік ақша табам деп жүріп одан да құнды нәрселерден айырылып қалатын секілді.

Бір жылдары, ол кезде өте жаспын, бір психологиялық тренигке түсіп қалған жайым болып еді. Қатысушылар негізінен бір қаланың бизнес мендері мен уамендері еді. Араларында жүргеніме мәзбін, бизнесмен болуды қатты армандаушы едім ғо. Оларға қояр сұрағым таусылмайды. Бәріне Б.Шефердің кітабі кінәлі))) Бірақ, сол «кумирлерімнің» жеке басының мәселелерін естігенде… Қателеспесем, 100 пайызында дерлік жақындарымен қарым-қатынаста мықты конфликт бар. Тағы басқа комплекс, анау-мынау. Отбасында берекет, жүректерінде тыныштық жоқ.

Ауылда бір көршім бар, бұрын 5 балалы тұғын, қазір тағы 1-2 қосылып қалған шығар. Өзі бір қатырып жұмыс жасамайды, анда-мында қарауыл. Әйелі бала-шаға қасында. Үй іші азан-қазан, базар қашан барсаң да. Ағамыз, "әй, әкең, тыныш" деп бір боқтап қойып, әңгімесін жалғастыра береді. Көрген бетте құшақ жайып, жағдай сұрасып жатқаны… Үлкені тұрмысқа шықты, кейінгісі армияда, ақырындап аяққа тұрғызып келеді. Дегенмен, жағдайы нашар, кедейшілік қой, өз қиыншылықтары бар. Алайда, оларды сондай жағдайларымен жоғарыда айтып кеткен байлардан бақытсыз деп айта алмас едім.

1000 теңгелікті ал, 10 000 теңгелікті ал, 100 АҚШ-тікін ал — алдын қара, артын қара — қағаз. Тағы біреуін қос, бумасын қос, бірнеше бумасын, чемоданын қос — ол да қағаз. Жай қағаз. Үстіне сызсаң болады, жыртып тастауға, ұшақ жасап ұшыруға болады. Болмашы бір парақ қағаз үшін адамдар, мемлекеттер қырқысып жатады. Күндіз-түні ақшаны ойлап, бүкіл өмірінің мәнісін байлыққа тіреп қойғандар да жоқ емес.

Ақша — наркотик сияқты. Сатып алудан кайф алмайтын кісі жоқ шығар)) Керек болсын, болмасын ақшаң болса бірдеңке алғың кеп тұрады. Әйтеуір, жұмсап тастайсың. Байқамадыңдар ма? Одан қалса, өзара бақталастық бар. Көрші темірден забор салса, міндетті түрде әйелі күйеуінің миын жеп бастайды. Бір қыз үшін құрбысының әдемі топлиы — бас ауру) Жігіттер де сондай тақырыптар бар. Заманнан қалып кеттім бе, әлде басқа ма, осының бәрін түсіне бермейді екем. Өз басым, елбасымыз айтпақшы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, баста шатыр, жанымда жанұям болса, сүйікті ісіммен айналысып, тұрмыстық қажеттіліктерден артылғанын ағайын-дос, бауырларыма қарайласып жүре беретін сияқтымын. Не керек сонша тырмысып? Оның бәрін жұмсап үлгересің бе бір құдай біледі. Сен өлген соң, әшейін, түбі талан-таражға түсіп, не нәрсеге жұмсалатыны да беймәлім. Өзі таппаған соң, маңдай теріңнің қадірін кім ұқсын. Одан да жұрт қатарлы баспана, мәшне ал, отбасыңа жеткіз. Одан артылса, өзгелерге көмектес, қоғамға пайдалы жобаларға инвестиция жаса. Болды ғой, норма! «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» депті ақылды кісілер.

Әрине, мұның бәрі жеке өз ойым. Егер бір кісі «Жоқ, ақшаны шексіз табу керек, артынан жүгіру керек» деп өзінше дәлелдеп шықса, ырысбек. Жүгіруге байланысты, тағы бір даусыз факт, өз ісінің шебері ақшаның соңынан жүгірмейді, ақша оның артынан жүгіреді.

Сонымен, СІЗГЕ ҚАНША АҚША КЕРЕК? НЕ ІСТЕМЕКШІСІЗ ОНЫ???

P.S: Барлығыңа материалды жағдайларыңның жақсы болуын тілеймін. Қалтаңның қалыңдығы қандай болса да, адамгершілігіңді жоғалтпағайсың.

59 пікір

Ak123
ақшаның «маған мынаншасы керек» дейтіндей шегі бар ма не? қашан, қай жерде, қанша керек екенін көріпкел болсаң да білмейд шығарсың))
ereke_enu
Міне, соны сұрап тұрмын ғо. Вабшым, текстті оқымапсың да?) Ақша шексіз керек екен деп, өмір бақи ақша қуалап жүре бермекпіз бе? Мүмкін, белгілі бір мөлшерде сомасы жетіп қалатын шығар)))
Ak123
оқыдым шын айтам)))шексіз керек деватқан жоқпын, пыросты оның точн қаншас керек екенін біле алмайсың ғой
ereke_enu
))) Енді оны былай есептеп қарауға болады ғой. Қай жерде тұратыныңа байланысты. Менің жағдайымда: үйленуге, үй салу, үй болу т.б. нақты нәрселерге нақты көлемде қаражат керек. Көмек сұрасаң да нақты сомасын айту керексің ғо. Не ғо, суретіңе қарап, бір әжемен сөйлесіп жатқан сияқты болам ше)) безобид) Неге қойып қойғансың? Кім ол???
Ak123
дәл қанша ақша керек екенін өз бетіммен ақша таба бастағанда айтармын))
АнандиАКА мен Жагдишияның Абылай әжесімін ғүә осылай мед?
ereke_enu
Шамалап қо, жобалап) Оқығаныңа рахмет, біраз еңбектенген екенсің)))
Ak123
Бейбіт Ыстыбай "Қазақстан барысы" атанды! деген пост жазылмағанына таңғалып отыырм ше:)) Флудтағаным үшін кешіріп қойыңыз!
ereke_enu
)))Банғаааа!!!
Ak123
жазба жалпы жақсы© демегеніме рақмет деңіз қайта
ereke_enu
)))Әже-ау, сіз не десеңізде реніш жо қой
didi0393
пенде болғаннан кейін әрине қалтада артық бір жапырақ қағаздың болғаны жақсы. ақшаны аз не көп мөлшерде тап, мейлі, главное маңдай тер, адал жолмен тапқанда ғана ақшаның қадірін білесің. ақшаныда ылғи жамандауға болмайдығой))))))
ereke_enu
ақша жаман емес, ақшаның артынан қуалау жаман дегім келген еді
didi0393
ясно(
ereke_enu
дұрыс түсінбей қалдыңыз
didi0393
нееет түсіндімгой, просто акша и акшаны кудалаудың айырмашылығы кандай соны ойланып отырғаным
ereke_enu
Ақша үшін өмір сүру мен өмір сүру үшін ақша табудың айырмасын түсінесіз бе?
didi0393
АҚША үшін ешкім өмір сүрмейд деп ойлайм, тек сол ақшамен өмір сүруін титтей де болса жақсартып алу мүмкіндіктері бар ))))
ereke_enu
Ақшаға өте көп мән беретіндерді, ақша-ақша деп жанталасып қалғандар ақша үшін өмір сүретін сияқты(( Жаман-ақ қой. Шамалы ашық, кеңдеу болып, биігірек ойлап дегендей.
didi0393
уопщем барғо мен саған Алла жазып кездесіп калып жатсақ анығырақ и ашығырақ биігірек түсіндіріп берермін өз ойымды))))))лады?
ereke_enu
лады лады))) мен де
ereke_enu
Тағы бір Дианамен кездесуге қарсы емеспін)))
didi0393
ялватрыммми))))
ereke_enu
Байқаш тек, қазірден бастап ұялып, кезі келгенде таусылып қалып жүрмесін)))
didi0393
поживем, увидем))))))
Delfina
ақшаның артынан қуадағанның несі жаман?
Delfina
бастысы дұрыс жолмен қусан болғаны
ereke_enu
Дұрыс жолмен қудық дейік. Сонда қай уақытқа дейін қуаламақшысыз?
ereke_enu
өздерің біліңдерш вобшым)))
qyrmyzy
ақшам болса, алдымен, ата-анама!
m170785
ақша құрғыр бәріне керек, кімге керек емес.
ereke_enu
Тақырып ақшаның қажет/қажет еместігінде емес. Көлемі, ақша үшін өмір сүру мен өмір сүру үшін ақша табудың арасын ашу жайында
dimash
Бір қызметтегі ағай айтып еді, жұмысқа ең алғаш орналасқанда айлығы 35 мың болған екен, қазір бірнеше есее көбейген, сол 35 мыңмен де қазіргідей киіндім, қазіргідей қыдырдым, қазіргідей жұмсадым деп. Меніңше ақшаны табудан бұрын оның жұмсалуына көңіл бөлу керек.
Маған қанша ақша керек? Қазір бойдақ ойым ғой, болашақта қалай ойларымды білмеймін, қазір астымда тәуір көлігім болса, алдағы жылда өз күшіммен ЖООға түсе алсам түстім, түсе алмасам ақылы бөліміне жетерлік қаржым болса, Үйімді, қора-жайымды күрделі жөндеу жүргізуге жетсе болды)) Аз сұрамаған сияқтымын) Артылса әлемді аралағым келеді, Дубайды, Париж Эйфель башниясын, Бостандық манументің, Египедті тағы көптеген жерлерді өз көзіммен көріп қайтқым да келеді)
Армандау тегін ғой, шіркін)
Осыны бірнеше жылдардан кейін «Сол кезде мүмкін емес болып көрініп еді, деп Вашингтонда жүріп случайно оқым қалсам, қандай керемет сезімде болар едім))
ereke_enu
Меніңше ақшаны табудан бұрын оның жұмсалуына көңіл бөлу керек.
жақсы айтылған
ereke_enu
Айтпақшы, Вашингтоныңа түсіп кет, негізі, мүмкін нәрсе. Еуропаға да бір жетіп алсаң болды, ар жағы бір-біріне жақын ғой, аралап шығарсың))
Delfina
Ал мен оқу бітіріп колледжға жұмысқа тұрғанымда айлығым 8 мың тенге болды. Сол кезде киімге де, тамаққа да, қыдыруғада ақша жететін.
ereke_enu
Айлықтың көлеміне қарағанда біраз жыл өтті ғой дим ол кездерден
pana
ақша өзі ештеме емес, оның әкелетін игіліктерін жақсы көрем, кішкентай кезімде мамаммен базарда тұратын едік, жексенбі күні, қалған күні жұмысында болады, көп нәрсе болды өмірімде, бірақ сол кез мен үшін қатты қымбат, алманың лимиті болатын))) қазір ештемеге сол алмаларға қуанатындай қуанбаймын, еңбектің не екенін, және еңбекпен не келетінін көрсеткені үшін шүкір, соны болдырған күш пен адамдарға рахмет! адам сияқты өмір сүру үшін адамда болу керек нәрселердің бәрі болу керек, ештемеге шек қойғым келмейді, өмір көрсетсін маған қанша ақша керек екенін)
ereke_enu
))) Қыздардың бәрі қанағатсыз па деген жәмән ой кеп жатыр маған
pana
мен қыздардың бәрінің бейнесі емеспін, жақсылары да барғо)
pana
Сiздiнше жаксылары жок па?)))
pana
комплиментке сұранғаннан кейін естіген күшті қандай))
Ak123
жақсы ойласаңыз таң қалар едім да)))
ereke_enu
ммм?? түсінбедім. Бетке былш ете салыңшиш)
Ak123
жәәй жігіттердің жәмән ойларына үйреніп қалдық таа жәмән ойдан арылтамыз деп шаш ағаратын болд
ereke_enu
ааа жоға, ондай емеспін. Сендер жайлы ваще ойламайм))
Jako
Ақша, ыммм, ақша де… Адам өмір сүріп тұрған кезде, ақша қажеттілігі болмау мүмкін емес.Адам не істесе де ақша үшін істейді.Ең аржағы адамдық парыз саналатын өмірге сәби әкеліп,ұрпақ жалғастырудың өзі де ақшамен өтеледі, мысалы(жөргек пұл).Ал дүниедегі еш нәрсені қажет етпеймін деген топтардың(бомж,қайыршы, диуана)өзінің де өмір сүруі сол ақшамен өтеледі, алақанына ақша саласың.Ата-бабаларымыз:«Түстік өмірің болса, кештік мал жина»-дегенді бекер айтпаса керек.Адам тек қана өз қарақан басы үшін ғана емес, келер үрім-бұтағы үшін деп өмір сүреді.Осыған келісерсіңдер.Олай болатын болса шамаңның келгенінше сол ақша үшін қуатыңды жұмсайсың, себебі енді маған ақшаның керегі жоқ,өзіме жетеді десеңде, жалғыз сенімен өмір бітпейтінін білесің, сен өлсеңде артыңда ісіңді жалғастырар үрім-бұтағыңның бар екенін білген соң соларға қалсын дейсің.Ақшаң болмаса сенің білімің де еш жерге өтпейді, себебі сол білімнің өзі де ақшамен келген.Сол сияқты кісілік те солай,қай заманда болса да ақшалылар жоғары болған.Ақшасыз өмір сүру Кеңес одағы кезіндегі коммунизм елесі.Берген нәрсеңнің де, алатын нәрсеңнің де өтемі ақша, одан басқа ешкім әлі ешнәрсе ойлап тапқан емес.Сондықтан да осының бәрін қорытындылай келе, адам қанша өмір сүрсе, соншалықты ақша таба беруі керек деп шештім,әрине сендер қарсы болмасаңдар)))
Jako
Ең бастысы өмір бойы соңынан қуып тапқан ақшам жамандыққа емес,өз игілігіме, одан асып бара жатса ел игілігіне, одан да асып бара жатса адамзат баласының Анасы, асыраушысы Жер игілігіне жұисалса деп ойласаң, өмір бақи ақша соңына түссең де өкінбейсің және одан жаман адам атанбайсың деп ойлаймын.
ereke_enu
Көп көргенсіз ғой, айтқаныңызға еш дауым жоқ. Мммм ойланып қалдым ә)) Бәріміз ақша қуып кететін болсақ, қалай болады екен? Бәлкім, бұл да бір нақты жауабы жоқ сұрақтардың бірі болар.
Jako
Мәселе ақшаны қууда емес, оған тарықпай толық қанды өмір сүруде болар деймін.
ereke_enu
олай болса, сізді толық түсінген болармын
ereke_enu
Мықты жауап болды!!!
AL-ASTER
Ақшаның көлемі маңзды емес. Ақша үнемі айналып тұруы керек, сосын ең бастысы — орынды жұмсалуы керек, өзін ақтайтындай дүниеге кетуі керек, береке болуы керек. Ол болмаса, көп ақша ғайып болады. Оны мен нақты білемін. (((
khairbek
ақша деген қолдын кыры былсеныз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.