Сәлем, достар. Жоғарыдағы браузерлердің қолданыс аясы, жылдамдығы, программаланған вебсайт парақшаларын дұрыс ашуы және ыңғайлылығы бойынша жеке көзқарас тұрғысынан жасалған. Өз варианттарыңыз бен тұжырымды пікірлеріңізді қалдыру өз құзырларыңызға
қалсын дегеннен басқа айтар жоқ.
11 пікір
Мысалы:
1.Мемлекеттік сатып алу (госзакупок) порталы — оған тек Mozilla Firefox арқылы кіруге болады, әрине басқасымен кіруге болатын болар, бірақ көп қиындықтар туғызады (сертификат орнату қиын, файл жүктелмейді т.б.)
2. Салық комитетінің ресми сайты — оған қызық болғанда Internet Explorer мен ғана «жеке кабинетке» кіруге болады (басқасымен қанша қарасам да кіре алғаным жоқ)
3. Негізінен пайдаланатыным Google Chrome, бірақ өте тез ашылатын болғандықтан ба кейбір кино көретін сайттарды ашпай қалады, ондайда баяғы өзіміздің Операны іске қосуға тура келеді.
4. Сафариді де орнатып қойдым, басқаларының кэш жады толып қалғанда оны да анда-санда ашып қоям (ренжіп қалмасын деп)
P.S. Қысқасы осы (барлығымен де дос болып жүрген жайым бар), айтар көмектеріңіз, ақылдарыңыз болса, рахмет айтуға әзірмін
1. Chrome 50.56%
2. Internet Explorer 17.66%
3. Firefox 15.80%
4. Opera 8.18%
5. Android Browser 3.72%
6. Safari 2.23%
7. Safari (in-app) 1.30%
8. Mozilla Compatible Agent 0.37%
9. Android 0.19%
Derekkoz: Google Analytics