↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
07 маусым 2012

Android смартфонын қалай таңдау керек.

Андроид смартфонын қалай таңдау керек.
Бұл постта сізге мыңдаған андройд жүйесінде жасалған смартфондарының арасынан, жақсысын таңдауға көмектесемін. Андроид смартфондары Samsung, HTC, LG, ZTE, Sony, Motorola, Lenovo және т.б. компанияларымен шығарылады. Соңғы кезде андроид смартфондары белгісіз, бренді жоқ қытай құрастушыларымен де шығарылып жатыр. Ондай смартфондардан абай болыңыздар.
1. Смартфонның процессоры аса маңызды рөл ойнайды. Негізінен андроид смартфондары ARM лицензиясы бойынша шығарылған процессорларда жасалған. Қазіргі кезде ARM-ның соңғы ARMv7 архитектурасында негізделген смартфоннан басқасын алғанның мәні жоқ. ARMv6 және оған дейінгілері әлсіз процессор болып саналады. Бұл архитектураға негізделген процессорлардың бірнеше (4еуге дейін) ядролары болады. Ал жұмыс істеу жиілігі 1ГГц-тен 2ГГц-ке дейін барады.
2. Сенсорлы панелдің 2 түрі жиі кездеседі. Олар резестивті және сыйымды (емкостной) болып екіге бөлінеді. Резестивті панельде негізделген телефонды алуға ұсынбас едім. Олар тез сырылып, 1 айдан кейін-ақ бетінде сырылған іздер көріне бастайды. Сыйымды пенльде негізделген телефондарды алғаныңыз дұрыс. Олардың беті шыны секілді, көбісінің бетіне жұқа сырылудан сақтайтын қорғаныс қабаты болады. Ондай қорғаныс қабатының әйгілі түрі Gorilla Glass деп аталады.
3. Дисплейдің ең көп тараған түрі TFT, бірақ қымбат әрі сапалы AMOLED немесе SuperAMOLED дисплейлері де бар. Бұл енді сіздің талабыңызбен қалтаңыздың қатынасына байланысты :). Екі бірдей дисплей болса оны қырынан, жан-жағынан көріңіз. Оның размері де өзіңіздің талабыңызға байланысты. Бірақ тым үлкен де емес әрі кіші де емес 4 дьюймдік дисплейлер жақсы.

4. Оперативті жады 512ден кем болмауы керек. Одан төменінде жаңа ойын бағдарлама, ОЖ жәй істейтін болады. ROM-мен шатастырмаңыздар. ROM ол смартфондағы ойын бағдарламаларды сақтауға арналған орын. Ал RAM сол бағдарламаларды орындауға орналған орын (бағдарламалар ойнайтын орын десек түсініктірек болатын шығар :) ). RAM-ның көп болғаны игі.
5. Сыртқы материалы әрине алюминии болғаны дұрыс, бірақ ондай телефондар тым қымбат тұрады. Көбісінің сырты пластик. Жылтыр пластиктен көрі арнаулы софттач материалы дұрыс. Олар сырылуға төзімдірек және қолға ұстағанда жайлы сезіледі.

6. Смартфоныңызда физикалық пернелер болғаны жөн. Ең болмаса дауыс күшейтіп азайтатын, g-sensor пернесі және өшіру/қосу пернесі. Қазіргі смартфондарды камераға түсіру пернелері де жоқ, оның болғаны өзіңізге ыңғайлы, бірақ оны дауыс пернесіне немесе g-sensor пернесіне ауыстыруға болады.
6. ОЖ нұсқасы немесе Android ОЖ-нің түрлері. Соңғы шыққан нұсқасы ол 4-ші Android Ice Cream Sandwich. Ол әлі де сирек кездеседі, бірақ оны өзіңіз-ақ смартфоныңызға құя аласыз (Cyanodgen Mod 9). Ең көп кездесетін нұсқасы ол 2.3 Gingerbread. Ал оған дейінгі нұсқаларын 2.1, 2.2 еш қиналмай соңғы 2.3 (Cyanogen Mod 7) нұсқасына жаңартуыңызға болады. Cyanogen Mod әзірше android смартфондарына арналған ең ыңғайлы мод. Cyanogen Mod туралы бөлек бір постта жазып берермін.

7. Басқарылу интерфейсі. Әрбір шығарушы өзінің смартфондарын ерекше ету үшін өзгеше интерфейс жасайды. Олардің ішінде ең әйгілісі, ыңғайлысы әрі әдемісі ол HTC компаниясының HTC Sense интерфейсі. Sense интерфейсін толық-қанды тек HTC смартфондарына ғана қоюға болады. Кейін Samsung-тің Touchwiz интерфейсі жақсы.

Смартфондардың қосымша мүмкіндіктері, қалауыңызша.
Жарық сенсоры — қараңғы жерде дисплей жарығын төмендетіп, ал жарық кезде дисплей жарығын арттырады.
Қашықтық сенсоры — сөйлесу кезінде, смартфонды құлаққа жақындатқанда, сенсор мен дисплейді өшіреді, басылып кетпеуі үшін.
Акселерометр — телефонның жерге қандай бұрышпен тұрғанын анықтайды (уровень). Смартфондағы бейне акселерометрдің көмегімен ауысады горизонталды және верикалдыға. Немесе ойын ойнауға болады телефонды рөль секіліді бұрап/айналдырып.
Wi-Fi — интернет үшін :)
Bluetooth — досыңнан немесе құрбыңнан өлең мен әзіл жазу үшін :)
NFC — әзірше қолданылуы аз, бірақ келешекте банктік карточкалардың қызметін атқармақ.
GPS — навигатор мүмкіндігі.
Камера — көбісі мегапиксельдің санына қарап алады, бірақ суреттің сапасы мегапиксельде емес, камерасының сапасын өзіңіз түсіріп көріңіз сатып аларда.
Фронталды камераskype немесе бейнебайланыс үшін.
?

Пікірлер:11

  • qyrmyzy
  • 07 маусым 2012, 02:13
  • 0
кеш…
  • AKA
  • 07 маусым 2012, 08:47
  • 0
Рахмет, жақсы жазылған.
  • Chimaq
  • 07 маусым 2012, 08:59
  • 0
Keregi bar jazba eken…
kitaiski jalghan smartfon alyp qoiudan saqtaidy...Aiphone,Sansang degen syiaqty...hehe…
  • pari
  • 07 маусым 2012, 12:27
  • +1
Жарық сенсоры — қараңғы жерде дисплей жарығын төмендетіп, ал жарық кезде дисплей жарығын арттырады.
Қашықтық сенсоры — сөйлесу кезінде, смартфонды құлаққа жақындатқанда, сенсор мен дисплейді өшіреді, басылып кетпеуі үшін.
Акселерометр — телефонның жерге қандай бұрышпен тұрғанын анықтайды (уровень). Смартфондағы бейне акселерометрдің көмегімен ауысады горизонталды және верикалдыға. Немесе ойын ойнауға болады телефонды рөль секіліді бұрап/айналдырып.
Wi-Fi — интернет үшін :)
Bluetooth — досыңнан немесе құрбыңнан өлең мен әзіл жазу үшін :)
NFC — әзірше қолданылуы аз, бірақ келешекте банктік карточкалардың қызметін атқармақ.
GPS — навигатор мүмкіндігі.
Камера — көбісі мегапиксельга қалап алады, бірақ суреттің сапасы мегапиксельде емес, оны сатып аларда өзіңіз таңдайсыз түсіріп көріп.
Фронталды камера — skype немесе бейнебайланыс үшін.
осы жерін жалпақ тілмен жақсы түсіндіріпсіз, жарайсыз, рахмеет!
Маған сайттың админі Ербол ағамыздың смартфоны ұнайды.Samsung
  • qyrmyzy
  • 07 маусым 2012, 15:34
  • 0
Симбианды кімге сыйласам екен…
avatar
  • beko
  • 07 маусым 2012, 20:04
  • 0
Моделі қандай еді ескіңнің? Ал жаңасында білмейді екенмін ғой ол ше?
  • qyrmyzy
  • 07 маусым 2012, 20:19
  • 0
ой, алғаныма екі ай бомады. Нокиа 5228 ғүә! Жаңасын алғам жоқ әлі, сол андройдқа қызығып жүрмін емес пе, типі біреу маған алып беретіндей, сыйлайтындай, бере салатындай! Арманда, арман тегін, қоян құрлы жоқсың ба?© дегендей, арман ғой біздікі тек…
  • balgalym
  • 07 маусым 2012, 20:30
  • +1
Армандай бермей бір әрекет етси, мысалыға мына жігіттей, скрепканы үйге ауыстырып алды :)
avatar
  • m170785
  • 07 маусым 2012, 20:20
  • 0
армандауға болмай ма дегендей ))
  • qyrmyzy
  • 07 маусым 2012, 20:22
  • 0
армандай білу де өнер ©
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.