Алматы - Басши

AitaberPress /
Жако, осы жұма «Гүлістанға» барамыз, дайындал. Біраз блогшылар барады екен. Таңғы 5те жиналатын болдық.

о_О

Таңғы 5?

Жұма. Таңғы 4. Тәтті ұйқы. Лара Фабиан әлди айтып жатыр, ой, оятып жатыр.

Автобустың 6да жүретінін білсем де, айтылған уақыт 5ке баруды жөн көрдім. Тып-тыныш. Қала ұйқыда. Түнде такси шақырмақшы ем, әдеттегі такси құнынан екі есе көбейтіп айтқан соң, "қоя ғой, қарағым" деп, таңертеңгісінжабайы таксимен жетіп алармын дедім. Қырсыққанда, машина жоқ. Сағатыма қайта-қайта қараймын. Әйтеуір қазақ ағай жеткізіп салды.

Бір топ мұғалім, журналист, блогшылар жиналып қапты. Бас-аяғы 300дей кісі. erke_ky3 ды байқадым алыстан. Қасында Назым бар екен:


Біраздан соң sheber келді:


ООО, мына кісі 5ке шақырып алып, 6дан кете келгенін қарашы:


ZevsKO екеуміздің санағымыз бойынша, 10нан аса блогшы келу керек еді. Бірақ, бірақ…
Айтқандай, көрші автобуста naimankyzi мен Aibar_e болды тағы да…

6дан кете Басши ауылына тарттық.

Онда няғып жүрсіңдер?
«Туған табиғатты аялайық» атты көгалдандыру мәселесіне бағытталған іс-шараның кезекті республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 7-қыркүйек Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылы Райымбек атындағы орта мектептің базасында өтетін болды.
Толығырақ бейнебаянда:



«Гүлістан» журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Басши ауылындағы Райымбек атындағы мектеп ауласы көгалдандырылыпты:



Кактустың түр-түрі мектеп алдына ерекше дизайнмен орналастырылған екен. Безендірілуі де ерекше. Кейбір кактустар гүлдеп үлгеріпті:



Бір қызығы, мектеп ауласындағы бақты, ондағы өсімдік, ағаштармен мектеп оқушылары таныстырды:



Ә Гүлдерді түсіріп жүрсем, гид балақай: «тиіспеңіз, ана гүл улы»
деп, алғашында қорқытып қойды. Экскурсияның соңына дейін ондай сөз үйреншікті сөзге айналды. Дайындықтары мықты, әйтпесе улы гүлді мектеп ауласына отырғыза ма?



Керемет идея:



Мына гүлдің аты — Келіншек екен. Бәріміз Келіншекпен суретке түстік:



Балақайлар не дейді???



Конференцияның қорытындысы айтылып жатқанда ауылдағы мұражайға кіріп шықтық:



Кадр сыртында:



P.S: Сіздердің мектептеріңіз бен балаларыңыз баратын балабақша ауласы қандай?

32 пікір

Manas
Erkekyzі кім)Паридің акаунттарының бірі емес пе)
qyrmyzy
хехе, қателесіп кетіппін. Өзгертіп қойдым, рахмет!
Korkem
Келіншек гүлі біздің үйде тооолып тұр. Қандайда бір пайдасы болса айтсандаршиш, түрівалайық, кептірвалайық, жинавалайық))осы смайлды сүйемін
qyrmyzy
Білмейді екем, «Мынау келіншек, сүттіген деп те атайды, былай етсең һ, су шығады, бірақ улы» деді бізге. Андағы жерде 10 минут отырған шығармын. Хабар Қырмызы гүл иіскеп жатыр екен деп, камерасымен жүгіріп келіп, сасық гүлді иіскетті 10минут
banzaika1990
Таң қалам осы саған. Қалай бәріне үлгеріп жүресің?! Пысықсың-ау, пысықсың. Тағы бір бас имеске шара жоқ, хотя бұны жігіттеріміз жасау керек
banzaika1990
ана шляпанмен өзің де бір гүл сияқты екенсің)))))))))))))))) әдеміііііііі
qyrmyzy
әй, қайдам! Сонда да рахмет!
Негізі, өте қызық болды. Команда қызықтырды бәрін. Барғаннан қайтқанша езуіміз жиналмады. адр сыртында қаншама қызық дүниелер болды, хехе!
Manshukn
сол қызықтарыңды жазшиш)
qyrmyzy
Көпәріп болып кетеді. Мен жүрген жерді білесің ғой:) Автобусқа отырғаннан… ық ық. 4 автобусты менттер неткенде біртүрлі боладкенсің ше… Келуіңмен! Пирог не болды? Саған қарай жақындадым ғой:))) Кешке Азамат үшеуміз қыдырып қайтайық.
Manshukn
Азаматы кім? қай жердесің? мен түнде он жарымды шығамын(
qyrmyzy
Туралиев. Көрші дворда ол. Нархозға прям қарсы:) Ну енд тек бүгін емес қой, алдағы уақыттарда… ошем, бұрынғы номердем. Біраздан соң жекеге шығам, әңгіме бар:)))))
Bagashar
jumyska endi kirip bara almadym Baswige, atten
qyrmyzy
Келесіде, ИНШ, бірге барамыз!
Ak123
Иманғали ағам әкім болған кезде, біздің мектепке келіп: «Мектептің іші айнадай, оқушылары өте тәртіпті екен бояма тәртіп екенін қайдан білсін, тек даласы Құлсарының даласындай екен!» — дегеннен кейін дәл осы сөзді айтқанын теледидардан көрсеткен, ааал кеп бізге гүлдер, ағаштардың неше түрін отырғыздырды. Ошм, Иманғали көкеміздің арқасында жұмысқа қарқ боп, ал мектеп басшылары тегін жұмыс қүшіне қарқ боп мектебіміз жасылданып жетісіп қаған
qyrmyzy
Имекең мықты ғой! Біздің мектепке білім министрі кегенде де лесницаларға коврик, дорожкалар төселіп, акт залынын ширмасы жаңарып, асхананың менюі өзгеріп еді. Бір аптадан соң қойта перловкаға көштік:)
Ak123
ещё ол дорожканы басып кеткеннен өзің өлгенің жақсы:) Кабинеттен шығармай отырғызып қояд, дайындап қойған ашық сабағын көрсететін сыныптың балаларын сықитып қояд((: Кабинеттен басыңды шығарсаң: «Жатсаааай палатаңааааа!» деген завучтың ащы дауысын естисіңощм бір концерт қой келгендерінегізгі темадан ауытқып кеттім да, жай мектебім есіме түсіватр да
qyrmyzy
Біздің сынып жетекші келген комиссияға «Абай жолы» романына ашық сабақ жасайтын. 4 жыл бір сыныптасым — Абай, біреуі — Мұхтар Әуезов боп шаршап еді… Тағы сөздері де өзгермей, төрт жыл жаттап алған сөздерін қайталайтын:) Сол топта болмағаныма қуанатынмын!
Ak123
ОМГ!!! Төрт жыыыыл?базар жоқ сынып жетекшіңізге
Ak123
Мына гүлдің аты — Келіншек екен. Бәріміз Келіншекпен суретке түстік:
дегенді оқып бір әдэээмі майысқаан гүл екен десем… шашы орамалынан шығып дудырап, бала шағасы аяғына оралып, быт шыт боп тұрған «келіншек» қой мынауал өзіңіз сүйкімді боп түсіпсіз
qyrmyzy
рахмет! Фотогеничный емес қой «Келіншек»! Әйтпесе әдемі гүл
qyrmyzy
хехе, Мынау ресми жазба болған соң… былай жазсам қуып кетем ба деп ойладым! Сосын проф фотоаппаратқа неше түрлі немен түсіп ек, әл-Фараби-71ге жолым түспей жүр даЧы.
Manshukn
ооо күшті, Жаңылай! Назира айтқанда, барғым келген. Ауылда болдым(. Бұйыртса келесіде)
qyrmyzy
Рахмет) бір күн бұрын Гүлістанға барғанбыз Рысгүл екеуміз. Керемет екен бақтары. Тағы да баруға қарсы емеспін:)))))))
Manshukn
біз көктемде бардық Айгерім екеуміз, күзде басқаша болатын шығар)
VVVWWW
Бір қызығы, мектеп ауласындағы бақты, ондағы өсімдік, ағаштармен мектеп оқушылары
Ол өте тамаша емес пе
«Келіншек» гүлі біздің жақтағы бір гүлге өте қатты ұқсайды екен, бірақ оған сүйкеніп кетсең гүлдері үстіңе жабысады да қалады, аты қалай ед? ұмтып отырмын
ZevsKO
өртеніп жатыр. өртеніп жатыр ішім өртеніп жатыр. Ауру атты әкеңді нақ кертартпа орнынан тұрғызбай қойып бара алмай қалдым. енді отырм. экранның арғы жағынан тамсанып (((((:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.