↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
13 мамыр 2012

Кел, қатыс, бақ сына!


Армысыздар, құрметті Айтабер сайтының қолданушылары!
Мінеки, әп дегенше соңғы қоңырау да келіп қалды. Бұл шыны керек, барлығы үшін қуаныш! Енді ол соңғы қоңырау күні құр кетпесін деп байқау ұйымдастырмақшымыз.
Байқау бұл жолы өлең шығару сайысы болмақ. Сонысымен ерекшеленбек. Өлең тек қана соңғы қоңырауға мектепке байланысты болуы шарт! Айтабер сайтының қолданушыларының көбісі ақындар екен.Сол себептен шабыттарыңызды шыңдап бақтарыңызды сынап көріңіздер.


Байқау шарттары:
1.Өлеңде дөрекі, боқтық сөздер болмауы тиіс.
2.Қалжыңдап шығаруға рұқсат, тек артық емес.
3.Өлең құрығанда екі шумақтан кем болмауы тиіс.
4.Өлең мағыналы болсын.
5.Тақырыбы болсын және мәнді болсын.
6.Тек қазақша сөздер қолданыңыздар.
7.Мұғалімдерге, мектепке тіл тигізуге мүлде рұқсат жоқ!
8.Авторлық құқықты бұзушылыққа тыйым салынады(біреудің жазғанын, кітаптан көшіру).Бұзылған жағдайда сайттан бір жылға қудаланады!


Байқауға қатысу құқығына иелер: Айтабер сайтының барлық қолданушылары!

Байқау ұйымдастырушылары: Қуанышбек Мұқамбетов(kuka097 ) Сағыныш(pari )

Сыйлықтар:
Қатысқандарға: сайттағы профиліне 3 балл;
1 орынға: 400 бірлік + 7 балл;
2 орынға: 300 бірлік + 7 балл;
3 орынға: 200 бірлік + 7 балл.


Демеушіміз әрі қолдаушымыз: Айтабер сайты
Садық Шерімбек (QARASAQAL )

Өлеңдеріңізді мында жіберіңіздер: [email protected] және [email protected] поштасына немесе Айтабер сайтындағы профиліме kuka097 жеке хат ретінде жолдаңыздар!

Өлеңдерді қабылдау уақыты мамырдың 25-і күні сағат 12:00 де аяқталады.


Сарапшылар әрі әділқазылар:
Сағыныш, Садық Шерімбек және мен Мұқамбетов Қуанышбек !

Кереметтей шабыт тілеймін! Сонымен кірісейік!
Рахмет!


Пы.сы: Өлеңдер байқау аяқталғанша құпия сақталады! Байқау қортындысы байқау біткен соң төрт күннен кейін белгілі болады және арнайы постпен марапатталып сыйлық та табыс етіледі!
Жәнеде сурет Сағыныштың қолынан шыққан туынды)
?

Пікірлер:94

  • kuka097
  • 13 мамыр 2012, 02:34
  • 0
ақындарға таудай шабыт тілеймін, әсіресе Бағашардың өлеңдерін күтемін)
Ал, ақындар, шабыңдар)
avatar
  • Korkem
  • 13 мамыр 2012, 13:22
  • 0
Өлеңдер құпия сақтала ма, әлде авторлары құпия сақтала ма? Жіберілген өлеңдерді мында астына пікір ретінде қалдырылмай ма?
  • kuka097
  • 13 мамыр 2012, 13:34
  • 0
Сол жағын ойланып жүрмін, Көркем өзің айтшы авторын атамай өлеңдерді пікірге жаза берген дұрыс па?
avatar
  • Korkem
  • 13 мамыр 2012, 13:56
  • +1
Иә, солай етсең қызығушылық бәрінде де туындайды. Өзің пікір ретінде, авторын құпя ұстап жаз.
  • kuka097
  • 13 мамыр 2012, 13:59
  • 0
солай етем онда, кеңесіңізге рахмет!
  • Argyn
  • 13 мамыр 2012, 13:39
  • +4
6 әріп, екі буын… Ол — МЕКТЕП))

Мектебім, алтын ұям, пәк мекенім
11 жыл еш алаңсыз ойнақтадым
Енді ұқтым сол сәттердің тәтті екенін
Бір қоңырау қалайша жоймақ бәрін?

Бір қоңырау талайды жылатады
Мектеппен мәңгілік қоштастырып
Артынша оқушыны жұбатады
Студенттік өмірмен достастырып

Мұңды үнді соғылды бір қоңырау
Қандырмастан құрышын құлақтардың
Жақпаса да ешкімге бұл қоңырау
Ашушы ол көздерін бұлақтардың

Алтын ұям, жастықтың жасыл гүлі
Мекеніне айналған бек сенімнің
Соңғы естілген қоңырау(дың) асыл үні
Ақ батасы деп білем мектебімнің

13.05.2012/
сағат13:30
ARGYN бір өлең атты))
  • kuka097
  • 13 мамыр 2012, 13:41
  • 0
Арғынау өлеңді құпия түрде жібермеймісің маған жібер жеке хат ретінде өшір мыннан)))
  • Argyn
  • 13 мамыр 2012, 13:43
  • 0
)) жоқ а тұра берсін… қазір ғана келген шабыттың сыйлығы болды бұл өлең… Байқау үшін емес…
  • kuka097
  • 13 мамыр 2012, 13:50
  • 0
сондада байқауға бір өлең арнап жіберіңіз ақынсызғо)
  • Argyn
  • 13 мамыр 2012, 13:55
  • 0
)) шабыт қайтып кетті))) жараса осы өлеңді байқауға алыңдар)))
  • kuka097
  • 13 мамыр 2012, 13:56
  • 0
әрине, керемет өлең шабытыңыз шалқи берсін!
  • Argyn
  • 13 мамыр 2012, 13:57
  • 0
раааааахмет))
  • kozy
  • 13 мамыр 2012, 20:59
  • 0
Арғын ағам мықты...)))
  • kuka097
  • 13 мамыр 2012, 14:27
  • 0
№ 1-інші қатысушы)
Мектебім, алтын ұям, пәк мекенім
11 жыл еш алаңсыз ойнақтадым
Енді ұқтым сол сәттердің тәтті екенін
Бір қоңырау қалайша жоймақ бәрін?

Бір қоңырау талайды жылатады
Мектеппен мәңгілік қоштастырып
Артынша оқушыны жұбатады
Студенттік өмірмен достастырып

Мұңды үнді соғылды бір қоңырау
Қандырмастан құрышын құлақтардың
Жақпаса да ешкімге бұл қоңырау
Ашушы ол көздерін бұлақтардың

Алтын ұям, жастықтың жасыл гүлі
Мекеніне айналған бек сенімнің
Соңғы естілген қоңырау(дың) асыл үні
Ақ батасы деп білем мектебімнің
Пікір 2022-05-13 14:27:52 күні kuka097 тарапынан түзетілді
  • pari
  • 13 мамыр 2012, 16:00
  • 0
охо жаман емес
avatar
  • Korkem
  • 13 мамыр 2012, 18:41
  • 0
5.Тақырыбы болсын және мәнді болсын.
мынаның тақырыбы қайда?
  • kuka097
  • 13 мамыр 2012, 18:44
  • 0
құдоой тақырыбын ұмытыппын Мектеп еді тақырыбы))
  • pari
  • 13 мамыр 2012, 15:59
  • 0
ЕНдеше ақындар шабыттарыңызды шақырып, шын ниетпен қатысыңыздар.Іске Сәт!
  • Manas
  • 13 мамыр 2012, 16:25
  • 0
Бәріңе сәттілік!!!
  • pari
  • 13 мамыр 2012, 16:31
  • 0
Манас бағыңды сенде сынап көр!
  • kuka097
  • 13 мамыр 2012, 16:58
  • +2
Мүмкін 400 бірлік Манасқа бұйырар)
  • pari
  • 13 мамыр 2012, 17:00
  • 0
бәріде мүмкін
  • Manas
  • 13 мамыр 2012, 20:53
  • 0
Ал, жарайды менде бақ сынап көрейін.400 бірлік ұтып кетіп жатсам, Куканың құлағына алтын сырға!
  • pari
  • 13 мамыр 2012, 23:31
  • 0
: жымиған смайлик:
  • kuka097
  • 14 мамыр 2012, 01:08
  • 0
))
  • Ais_97
  • 13 мамыр 2012, 17:34
  • 0
Айтқаныңыз үшін мың рахмет, бақ сынап көрейік!!!
  • pari
  • 13 мамыр 2012, 17:39
  • 0
әрине орын алуға тілектеспін!
  • Ais_97
  • 13 мамыр 2012, 17:56
  • 0
Сонда өлеңдерді осында қалдырсам болама?
  • pari
  • 13 мамыр 2012, 18:19
  • 0
сіз жазбаны оқымаған көрінесіз! Жазбаны толықтай оқсаңыз бәрін түсінесіз!
  • kuka097
  • 14 мамыр 2012, 23:05
  • 0
түсінді түсінді)
  • mairosh
  • 16 мамыр 2012, 01:57
  • +1
Мұны білгенде арнайы өлең шығарып дайындайтын едім ғүәәәә((( бірақ әзіп кеш емес))) Ертеннен бастап бір өленді шығарып тастау керек тәк қандай тақырыптаа....
  • kuka097
  • 16 мамыр 2012, 14:08
  • +1
Мектеп, мектеп))іске сәт Майрош керемет өлең шығарып жібер!
  • kuka097
  • 16 мамыр 2012, 21:18
  • +2
№2-інші қатысушы
Мектебім балғын шағым

Сүйікті аяулы, пәк мектебім,
8 жыл болыппынғой мен сеніменен
11 жыл бірге болып жїрейік біз
Аяулы жарқыным, сен мектебім!

Ұстаздар қуантады бізді әр кез
Білімім тереңдейді сол мектептен
Қоңыраудың сыңғыры мектепті тербеткенде,
Мектеп кезі түрлі сырлы,ғажайып бір әлемдей!!!

Көңіліміз жадырап сол бір кезде
Достарыѕмен жїресіѕ бақытты.
Сыныптастар мен үшін жанұямдай
Құрметтеймін оларды өте-өте!

Ал сабақта бітуге таяп қалды,
Құттықтаймын сіздерді соңғы қоңыраумен!!!
Мектепті әрқашан да ұмытпай-ақ
Есімізге алайық сол бір шақты!!!
  • kuka097
  • 16 мамыр 2012, 23:59
  • 0
жақсы өлең)
  • pari
  • 17 мамыр 2012, 00:00
  • +1
охооо жарайсыңдар!, келіңдер,қатысыңдар, жеңіске ұмтылыңдар, бақтарыңды сынаңдар, достар, асығыңыздар, уақыт шектеулі.
  • AKA
  • 20 мамыр 2012, 09:00
  • +1
Ойбайоооу, не дегГен өлең, құдайым-ау?! Қиқу-қиқу, аридаш-даридаш бопты ғой.
  • kuka097
  • 20 мамыр 2012, 13:04
  • 0
айтпа)
  • Ais_97
  • 18 мамыр 2012, 17:00
  • 0
Менің шығарған өлеңім жарияланыпты қуаныштымын!
  • kuka097
  • 19 мамыр 2012, 04:18
  • +3
№3-інші қатысушы

Нәрім
Ақ үміт, асыл мақсат бойымызда,
Білім алу болды тек ойымызда.
Өмірге қадам бастық жақсы үмітпен,
25 мамыр күні қоштастық та.

Қимадық мектепті біз сол кездері,
Алтын ұя, мектептің түлектері.
Мінеки, енді біздер азаматпыз,
Еліміздің бетке ұстар жүректері.

Мектебімді мен жиі еске аламын,
Балалығымды, еркелігімді арқаладың.
Сонда да, жалықпастан білім беріп,
Қазір де, «шәкіртім!» деп мақтанасың.
  • kuka097
  • 19 мамыр 2012, 14:16
  • 0
мынау керемет өлең екен!
  • kuka097
  • 20 мамыр 2012, 01:46
  • 0
Асығыңыздар алты-ақ күн қалды)
  • pari
  • 20 мамыр 2012, 02:17
  • +1
ақындар қайдасыңдар,, тезздетіңіздер, асыңыңыздаар,,,!!!
мен қатыссам бола ма?:))) ертең жіберейінші егер болатын болса:)
  • pari
  • 20 мамыр 2012, 02:38
  • 0
әрине, болады, жіберіңіз:)
  • kuka097
  • 20 мамыр 2012, 02:42
  • 0
онда әділқазы құқығынан айырыласыз)))
ойбай:)
  • kuka097
  • 20 мамыр 2012, 02:52
  • 0
өзің шеш енді))
  • kuka097
  • 20 мамыр 2012, 03:14
  • 0
қатысамысыз)?
avatar
Мектебім менің мектебім,
Неге өртеніп кетпедің.
Білім бердің сен маған,
Қайдан шықтың оңбаған! )))))))))))))))))))))))))))))
  • kuka097
  • 20 мамыр 2012, 13:26
  • 0
Білім бердің сен маған,
Білім алған адамға ұқсамайсыңғо))
  • pari
  • 20 мамыр 2012, 13:26
  • 0
Мектебім менің мектебім,
Неге өртеніп кетпедің.
Білім бердің сен маған,
Қайдан шықтың оңбаған! )))))))))))))))))))))))))))))

эээ мынауыңыз заңды түрдеее,,,, адамауи, немесе қылмыс,
ЕРЕЖЕДЕ:
1.Өлеңде дөрекі, боқтық сөздер болмауы тиіс.
7.Мұғалімдерге, мектепке тіл тигізуге мүлде рұқсат жоқ!
делінген., сондықтан ережені толықтай оқып шығыңыз! ато банға кетіп қалуыңыз мүмкін:)
  • kuka097
  • 20 мамыр 2012, 13:27
  • 0
жо ол байқауға емес жай пікірге жазып жатыр)оған біздің қатысымыз жоқ админдер қарай жатар
  • pari
  • 20 мамыр 2012, 13:29
  • 0
Кука сондада ол мектепке кір келтірді! Сондықтан бізде оған жәй қарай салсақ болмас, ертең бара-бара өлеңге де жазбасына кім кепіл?!
  • kuka097
  • 20 мамыр 2012, 13:31
  • 0
ондай өлеңдер бірден өшіріледі жәнне автор бір жылға қудаланады!
  • pari
  • 20 мамыр 2012, 13:32
  • 0
дұрыс:)өтее дұрыс)))
avatar
ойбууу((((( бұдан былай тәртіпті Айтаберлік болуға сөз беремін
  • kuka097
  • 20 мамыр 2012, 13:51
  • 0
жәрәйді) соның ақысына байқауға керемет өлең шығарып маған жолдаңыз!
  • pari
  • 20 мамыр 2012, 13:52
  • 0
соның ақысына байқауға керемет өлең шығарып маған жолдаңыз!
меніңде айтарым сол:)
avatar
жай көңіл үшін айтылған сөз еді, Айтабер ақындарына шабыт ретінде.))))))))))))))))))
  • Manas
  • 20 мамыр 2012, 13:32
  • 0
Мектебім менің мектебім,
Неге өртеніп кетпедің.
Білім бердің сен маған,
Қайдан шықтың оңбаған!
Мынау бізде кейбір балалардың сүйікті әнұранығо.Меніңде
Пікір 2022-05-20 13:32:37 күні Manas тарапынан түзетілді
  • kuka097
  • 21 мамыр 2012, 04:01
  • +1
№4-інші қатысушы

Жас түлек
Мектебім менің екінші үйім,
Ұстазым ана әр кезде
Қалықтап әнге шалқыған күйім
Алтын ұямыз бар бізде

Оқыдым менде оқыдың сенде
Балалық шақты өткеріп
Ақын боп мені қостың сен әнге
Ғалым боп тұрсың сен керіп

Қазір сен енді қоштасып тұрсың
Қимастықпен қарайсың
Мектебің сенің әр кез есіңде тұрсың
Жас түлек болдың, жарайсын!
Пікір 2022-05-21 04:02:27 күні kuka097 тарапынан түзетілді
  • qyrmyzy
  • 21 мамыр 2012, 04:12
  • 0
салмақтылау ештеңе көрінбеді ғой дим көзіме
  • kuka097
  • 21 мамыр 2012, 04:22
  • 0
онда өзің бір өлең жазып жіберсеңші байқауға)))
  • qyrmyzy
  • 21 мамыр 2012, 04:25
  • 0
ық ық, алма ағашынан банан сұрадың-ау ©
  • kuka097
  • 21 мамыр 2012, 04:32
  • 0
ыхих ыхих несі бар қиын болмас
  • qyrmyzy
  • 21 мамыр 2012, 04:52
  • 0
жәрәйт, күт! бірақ сыйлық міндетті түрде берілуі тиіс!
  • kuka097
  • 22 мамыр 2012, 00:24
  • 0
иә әрине)
  • pari
  • 22 мамыр 2012, 01:02
  • 0
барлығы сыйлық үшін жүр екенғо
  • kuka097
  • 24 мамыр 2012, 00:29
  • +1
№5-інші қатысушы

Менің Мектебім
Жер көгеріп, мейірім күн көкте күлген,
Құттықтаймын биылғы жыл көктемімен.
Сіздерге сәлем жолдап тұрған бүгін,
М.Әуезов мектебінің шәкірті Мен.
Баршаңызға ыстық сәлем ала келдім,
Шығыстағы Әуезов мектебінен.

Қалада орын тепкен күнгей жақтан,
Шәкірттермен күні батып, таңы атқан.
Білімнің құдығы боп келе жатқан,
Мың сәлем біздің кәрі шаңырақтан.

Мектебім шаңырағым кием еді,
Қадірлеп, мақтан тұтып жүрермін мен.
Қарашаңырақ атанған бұл мектепке,
Мұхтар дана атағы беріліпті.

Осы шаңырақ ішінде,
Біз он едік, он едік
Бәріміз бірге жүргенде
Сарқылмастай көл едік
Айырылмастай дос едік.
Бір сыныпта отырған
Бір жыл туған төл едік
Бір ұядан ұшатын
Балапандай боп едік.

Біз отырған партамыз
Ана тұрған тақтамыз
Бәрі естен кетпейді
Біз кетті де налыма
Оқушылар тағы бар.
Оларды да қабыл ал.
  • pari
  • 24 мамыр 2012, 00:31
  • 0
Кука Атыраудың бір ауданында да Мұхтар Әуезов мектебі бар… Мынау қайжақтың адамы ???
  • kuka097
  • 24 мамыр 2012, 00:33
  • 0
Шымкенттік-ау шамасы!
  • pari
  • 24 мамыр 2012, 00:34
  • 0
аа қызық, сонда мектептерге санына қарамай Әуезов есімін бере беруге болатын-ау шамасы:)
  • kuka097
  • 24 мамыр 2012, 00:40
  • 0
Әр обылыста бола береді біреуден
  • pari
  • 24 мамыр 2012, 00:32
  • 0
Ай, жарайсыңдар! жазығдар, жаза түсіңдер!
  • kuka097
  • 24 мамыр 2012, 00:33
  • 0
мен сол Мұхтар Әуезов мектебінде оқимын
  • pari
  • 24 мамыр 2012, 00:34
  • 0
Не?
  • kuka097
  • 24 мамыр 2012, 00:40
  • 0
мен сол Мұхтар Әуезов мектебінде оқимын атырау обылысындағы
  • pari
  • 24 мамыр 2012, 00:42
  • 0
м))))
  • Ais_97
  • 24 мамыр 2012, 15:07
  • 0
Кука сен де Атырау облысыма Құлсары қаласы менің сол жақта ағайыным бар өзім де Атырау облысы Тұщықұдық селосынанмынғой!
.. .өстіп- өстіп ЗеМаларымызды табамыз деее)
  • kuka097
  • 24 мамыр 2012, 18:35
  • +4
№6-ыншы қатысушы

Қош бол, менің мектебім!
Әл есімде ең алғаш әліппені ашқаным,
Оқуға деген жігермен мектеп табалдырығын басқаным.
Сабақ айтып күн сайын,қол көтеріп отырушы ек,
Сол бір кездер келмейді,өтіп кетті қас-қағым.
Әлі есімде бұзықтықпен, сабақтан талай қашқаным,
Апайларды тыңдамай, парталарды ластадым.
Қателікпен жасаппыз, түсіндік енді бүгін де
Қош бол енді мәңгіге,қош бол менің ұстазым.

Бірге күліп ойнаған, бірге өткізген қыс-жазын,
Бірге бөліп бір нанды, сүттің ішіп қаспағын.
Сол бір кездер келмейді,әр жаққа енді кетеміз,
Қош бол енді мәңгіге,қош бол менің достарым.

Еске алып бәрін,қоштасып жатырмыз міне бүгінде,
Түлектер тұр ғой, соңғы қоңырау төрінде
Көз жасын тыймай, мектеппенен қоштасып,
Соңғы соққан қоңыраудың үніне.
  • kuka097
  • 25 мамыр 2012, 01:08
  • 0
мынау керемет өлең екен!
  • Manas
  • 25 мамыр 2012, 02:00
  • 0
иа,, шынымен керемет екен, осы 1 орын алатын сияқты, ақын екеен өзі аа
  • Ais_97
  • 25 мамыр 2012, 18:25
  • 0
Байқаудың қортындысын бүгін айтасыңдарма? Соны күтіп жүрмін.
  • kuka097
  • 25 мамыр 2012, 21:47
  • 0
4 күннен соң
  • pari
  • 26 мамыр 2012, 00:54
  • 0
ал Кука сараптайтын, мадақтайтын кез келген сияқты, нәтижесін күте тұрыңыздар!:)
Пікір 2022-05-26 00:54:47 күні pari тарапынан түзетілді
  • Ais_97
  • 30 мамыр 2012, 14:45
  • 0
4 күннен соң деп айтқан едіңіздер қорытындысын сіздерден күтем.
  • Manas
  • 01 маусым 2012, 21:54
  • 0
Қортындысы жоқ байқау
  • pari
  • 01 маусым 2012, 22:10
  • 0
Сабыр, сабыр...!
  • Ais_97
  • 03 маусым 2012, 12:04
  • 0
Қорытындысын қашан айтасыздар?
  • pari
  • 03 маусым 2012, 12:27
  • 0
Сабыр түбі-сары алтын:)))
  • Ais_97
  • 03 маусым 2012, 12:43
  • 0
Жарайды күтейік, бірақ шешімін айтуды ұмытпаңдар!
  • pari
  • 03 маусым 2012, 12:53
  • 0
жарайды
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.