Жаным, мен сені сүйемін! Мәңгі сүйем...

Байқау жариялаймын, Байқау!


(Байқау ҚОРЫТЫНДЫСЫ)

~~~ Бұрынғылар айтушы еді: «Шын ғашық бұл дүниеде қосылмайды» деп, мүмкін сол рас шығар. Баяғы зар заманда қосыла алмағаны түсінікті, ал қазір ше, қазіргі жастарға не жетпейді? ~~~
Оралхан Бөкей
followme_alik тің постынан алынды.

Алдыңғы байқауым әлі нақты жауабын таппай келеді. Шынымды айтсам, ол байқауды жариялаған себебім кезінде оқып, енді қайта оқығым келген, бірақ авторын да, тақырыбын да білмейтін бір повестті табуым үшін еді. Өкінішке орай, әлі таба алмай жатырмын. Оқыған кітабымның авторы мен тақырыбына баса назар аудармайтыным жаман әдет)))
Бұйыртса, әлі де үміттімін.

Тақырыптан ауытқымайын. Мына байқауға түрткі болған Димаштың "Жаным менің Ақкенже, сүйемін ғой сені!" атты посты.

Сонымен, бұл байқауға жүрегінде түгі бар кез-келген Айтаберлік қатыса алады.

Байқау шарты:
Димаштың постындай сезімдеріңізді ашық түрде, тамаша жеткізе білу. Өлең құрайсыз ба, басқа қыласыз ба жүдә жұмысым жоқ, өз еркіңізде. Бастысы, шынайы болсын.

Егер сіздің сүйіктіңіз болмаса, онда сырттай ғашық адамыңызға сезіміңізді осында жазсаңыз болады.

Байқау міндеті:
1. Тақырыбы келісті болатын болсын, оған баса назар аударылады.
2. Қатесіз, тиянақты болатын болсын. Мынаны және мынаны да оқып алсаңыздар артықтық етпейді
3. Бірге түскен суреттеріңіз болса, «нұр үстіне нұр, құмшекер үстіне құмшекер» © болар еді.

Байқау сұрағы:
Сүйіктіңіз үшін жасаған ерлігіңіз? толық етіп жазғайсыз

Байқау мерзімі:
Екі апта, егер көп немесе аз көрінсе өтініштеріңіз қабылданады.

Байқау өтініші:
1. Пост жазған кезде өзгенің ар-намысына, ұлттық, діни ерекшелігіне тиіспеуіңізді;
2. Боғауыз, балағат сөздер, жанжал туғызатын ойлар жазбауыңызды;
3. Осы байқауға ұқсас тағы бір байқауды қылтитпауыңызды өтінемін.

Сондай-ақ, сезімдеріңізді мұнда пікір ретінде емес, маған Korkem осында жеке хат ретінде жіберуіңіз керек, мен оны бөлек пост етіп жазамын.

Байқау сыйлығы:
Байқауды әділ қазылар талқылайтын болады. Олар құпия. Және жинаған балл есепке алынады.
"Өте тамаша" деп танылған пост иесі 500 бірлікке ие болады.
"Өте жақсы" деп танылған пост иесіне 400 бірлік;
«Тамаша» деп танылған пост иесіне 300 бірлік;
«Жақсы» деп танылған пост иесіне 200 бірлік;
«Мақтауға тұрарлық» деп танылған пост иесіне 100 бірлік жолданады;

Ат салысыңыздар! Сәттілік тілеймін!

Пы/сы: Алдыңғы байқауымдағы қара тізімге енген зынданда жатқан akil_kalta01 , QARASAQAL , followme_alik , Nurkoke төртеуіне жеңілдік жасалынды.

86 пікір

Korkem
Шын ғашық бұл дүниеде қосылмайды» деп, мүмкін сол рас шығар. Баяғы зар заманда қосыла алмағаны түсінікті, ал қазір ше, қазіргі жастарға не жетпейді? ©
қарап отырғанша, бірлікке ие болуға жарап отырыңыздар)))
qyrmyzy
Байқау сұрағы:
Сүйіктіңіз үшін жасаған ерлігіңіз? толық етіп жазғайсыз
наны түсінбедім
Korkem
Сен сияқтыларға сұрақ:
Сүйіктің үшін қандай ерлік жасар едің?
ерлік дегенде, енді ол үшін жасаған бір жақсылығың дегендей, өзің білесің ғо енД)))
qyrmyzy
Неге мен сияқтыларға?:(
AKA
Муахахахаха :)))))
qyrmyzy
и не?! не істеп қойдым? :(
AKA
Жәнііім, муаа :))
qyrmyzy
ептілер
AKA
Құдооой, сезімімді сізге арнап жазайындеватрм :)) 5-қауымдастық жасасын
qyrmyzy
охх, тошна 500бірлік сенікі болады онда. Не го, басым бос емес
qyrmyzy
Байқау жеңімпазына бәріміз жиналып, кучт сыйлық жасайық!
MSHERIMBEK
Керемет:) Айтаберде Махаббат апталығы;)
akil_kalta01
Көркем, не деген «көркем» едің, жүрегің мейірімділікке тола ма дедім! :) Қара тізімдегілерді зынданда жатқандарды әй-шайға қарамай бәйгеге қосып, анау-мынау емес жүлде қоры «1050» бірлікті құрайтын аламан додаға қатысуға мүмкіндік жасадың! :)

«нұр үстіне нұр, құмшекер үстіне құмшекер» ©
болды деп айтуға да болады! :))
qyrmyzy
Жүлделерге өзгерістер мен толықтырулар жасауға тырысып көрелік өзіміз. Демеуші болайық:)
akil_kalta01
Жүлде болғанда сезімін білдірген жанның жүрегін жаулап, көңілін аулайтын ЫСТЫҚ-ЫСТЫҚ сөздер айтып, көпшіліктің де көңілінен шығып жатса бүткіл АЙТАБЕРЛІКТЕР БОЛЫП екеуінің бірге болуын хормен тілейік :))))) Бұдан артық ешнарсе жоқ шығар!
qyrmyzy
Онсыз да ғой:) Айтаберліктер боп, екеуіне жолдама берейік:)
akil_kalta01
Жолдаманы біздің ауыл жаққа берейік! Енді бір тамаша жер ғой! ШІРКІН LIFE болады ше :))
konvict
Маған қатты ұнаған пост иесіне мың бірлік
Manas
Мынау қиын байқау екен.
Осы апта қызық болайын деп тұр,
qyrmyzy
Жеңімпазға мына яқа жолдама берсеңдер қатысамын. 500бірлік үшін ішімдегіні ақтара алмайтын сияқтымын…
AKA
Бұқақақақақа © :)) Соған да қанағат, шүкір, алдымен алғашқы жазбаларды саралап көрелік :))
dimash
МММ сөздік қор жинайтын кез келген екен ғой))
Маған екінші рет жазуыма болады ма толықтырып?
Басқалардың жазбаларын оқып, жаттаған сөздерімді Ақкенжеме айтайын :))
Уақыты екі аптадан кем болмасыншы, Көркем.
Korkem
болады, болады)))
Димаштың ана постына қарсы боп едім, байқауды көріп ойым өзгерді.Рахмет қатысуға тырысам.Көркем нема кішкене созшайш мерзімін
qyrmyzy
Екі апта болады. Үш апта деген сұмдық енді. Сонда кұніне бір сөзден жазбақшысыз ба?
Димаштың ана постына қарсы боп едім, байқауды көріп ойым өзгерді.Рахмет қатысуға тырысам.Көркем нема кішкене созшайш мерзімін
Әлібекке менде қосылам, енді материал жинап, бұрынғыларды еске түсіріп, неткенше біраз уақыт кетеді))
qyrmyzy
о, ноу, 3аптада кім тірі?"… жоқ сылтау" жасамай-ақ қойыңдаршы
Korkem
екі жарым апта?)))) бола ма?
болады болады)
Aknyet99
Жаным, жаным Жәмила?
Қайда жүрсің Кәмила? деген барама?)))
Korkem
қара тізімге кетесің онда
Korkem
Екі аптаның ішінде оннан астам пост түспесе, күйрейді. Атсалысыңдар!
болмаса оннан астам болғанша мерзімі ұзарып кетет
qyrmyzy
Көркем, жазба жазып, саған жіберсін, сен сол блогқа жариялап отыр, әділетті болады кішкене
Korkem
Жоқ, жеке пост етіп өз аттарынан жазсын. Пілус-минусы да есепке алынады
qyrmyzy
уот, пилус, минуска кегенде әділетсіздік орнайды, андайлар көп екенін ұмыттың ба? Тамыр-таныстық бокетеді
Korkem
ыыы оны да ескеремін. вайымдамаииии
ardak1996
Ал, жігіттер қимылдаңыздар. Асыға күтемін посттарыңызды, біреудің өміріндегі оқиғаларды естіген, оқыған ұнайды. Рахмет)
Korkem
Өзің де қарап қалама)))
AKA
Кенеттен бір айтаберлік жігіт маған немесе басқа осындағы қыздарға сезімін білдірсе иә? Намек ошым, қызық сол кезде болады, жіләйтын шығармын :)) ол кезде өзім-ақ 500 бірлік салатын едім. :))
Korkem
бұқақақақ, енді тілейтін болдым. Жігіттер, әй, жігіттер! Көмек керек!))) Қарап қалмаңдарииии
qyrmyzy
тәәәк, сізге арналған бес-алыт жазба жазылатын шығар онда:)
Korkem
маған емес, АКАға арнайды деп дәметіп отырмын))) сенің күнің де қарап қалмайды деп ойлаймын
m170785
Көркемжан тек махаббат туралы ма, қалай?
Korkem
Димаштың постын оқып жіберіңіз))) Иә, сезіміңізді ашық түрде жеткізе білуіңіз керек
m170785
Солай де, айтабер десеңізші онда )))
Korkem
Айқайлап-ақ айтабер, айтабер шамаң болса,
Сені ұмыта алмадым, қайтейін, амал қанша?!
Қара тастан неліктен, неліктен жаралмаған,
Нәзік еттен жүрегім, жүрегім жаралғанша))) ©
қай жігіт батылдық танытып, бірінші боп бастар екен))) ол да ескерілетін болады
Korkem
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! КӨПШІЛІКТІҢ ӨТІНІШІМЕН, БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНЫМЫ АНОНИМДІ БОЛЫП ӨЗГЕРТІЛДІ. ЕНДІ СІЗДЕР ЖАЗБАЛАРЫҢЫЗДЫ МАҒАН ЖЕКЕ ХАТ АРҚЫЛЫ ЖІБЕРУІҢІЗ КЕРЕК. ОНЫ БӨЛЕК ПОСТ ЕТІП ЖАРИЯЛАЙМЫН. АТСАЛЫСЫҢЫЗ! ЖЕҢІМПАЗ АТАНЫҢЫЗ! БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ СОҢЫНАН ЖАРИЯЛАНАДЫ.
Кім жазғанын айтпайсыңғо ок?
pari
Ал, байқау жәмән емес,қатысып көреліккк,өтірік жазып бірақ шынайы жазуға бола ма? мүмкінқызымжоқболса
Korkem
Жоқ, шынайылық керек! Мүмкін сырттай ұнатып жүргенің бар болар?
pari
болмаса қандай мүмкіншіліктер бар?
Korkem
Өкінішке орай, еш…
pari
у ішем ұжыс
Korkem
Тез арада біреуга ғашық бол! Болмаса, бала махаббатыңа деген сағынышың қылтимады ма не?
pari
кімге ғашық болсам екен а?
Tyerbol94
Тауып берейін ба? Қай жақтыкісің?
pari
рахмеет бауырым
Tyerbol94
Жеке поштаға хабарласпай мына жерге жаза салсам болмай ма?
pari
болмайтын сияқты жасырын болу керек соңында бір жариялайтын шығар…
Korkem
Онда әділдік болмай қалады. Жүлдеге іліне алмайсыз. Сосын келесі байқаудан қағыласыз
Togzhan
Массаған, мынау бір керім дүние ғой)) Қызыыыыыық! Дереу ғашық болу керек болды ғой..
banzaika1990
Байқауға қатысам деп біреуге дереу ғашық боп, артынан сезімің суып жүрегін ауыртып жүрме бір қыздың
Togzhan
Қыздың???
Жо-жоқ)
Қыздарға ғашық болатын әдетім жоқ еді…
banzaika1990
Байқауға қатысам деп біреуге дереу ғашық боп, артынан сезімің суып жүрегін ауыртып жүрме біреудің — демек едім-ау))))))))))))))))))))))
mairosh
не ғо жеке өзімнің емес басқа кісілердің сезімдерің жзуға бола ма? әрине авторлық құқық сақталып. Мысалы Пәленше Түгеншейовтың біреуге жазған хаты или өлені дген сияқты М?
Korkem
Жоқ! Болмайды! Зынданға кетесің!
mairosh
ой онда жазбайм ұят қой бүртүрлі, жігіт болсам екен жаза беретін (((
Zhassiko
Авторы да бірге жарияланбақ па кейін жүлдеге іліксе?
Егер, апторы белгіленіп, кейін Жарқ етіп кімнің жазғаны көрінетін болса, жабулы қазан жабулы қала берсе, соңынан шұбыртып сөз ермесе жақсы болар еді.
qyrmyzy
қосыламын! авторын білмей кеткеніміз дұрыс
erke_ky3
Жақсы байқау екен. Бірақ жазбаймын, оқып қойса ұялып қаламын ғооооой :)
Korkem
)))) сізді құпия ұстайын онда?
erke_ky3
Вдруг ұтып кетсем бәрі біліп қояды ғой :))
hacker
Сәлем сөздің атасы. Алдымен Ассалаумағалейкум жамағат! Мына жерде өтіп жатқан байқауларыңызға қатысқым келіп тұрғаны.
Байқау сұрағы:
Сүйіктіңіз үшін жасаған ерлігіңіз?
Осы сұраққа толық, әсерлі етіп жауап жазып жатсақ жеткілікті болады ма?
Korkem
Сәлеметсіңбе! Болады, содай-ақ, сезіміңізді ашық жазуға не кедергі болуда?
Бір құпия айтайын, қыздар жігіттердің батылдығын ұнатады.
Ендеше, сәттілік! Маған жекеге пихать етжжіверіңіз. Құпия ұстаймын))
Zhanat
Сүйіктіңіз үшін жасаған ерлігіңіз? деген сұраққа ерлікті жазу міндет пе, мақтанғандай болмаймыз ба есине салып, сезимди билдирип турып мен саган осындай жасадым деп мақтанғандай болып калмаймыз ба
Jolai
жақында Алла қаласа пихать етжжіверем онда сізге)))
Korkem
БАЙҚАУҒА ПОСТ ҚАБЫЛДАУ 1 ШІЛДЕ КҮНІ АЯҚТАЛАДЫ. ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗДАР!
qyrmyzy
Айтсаңыз болды:)
Korkem
эх, бір жылға жақындап қалыпты ғой))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.