↑ Жоғары шығу
01 қараша 2012

Айтабердегі жазу мәдениеті немесе бос әңгіме емес

Достар, баршаңызға сәлем! Ашылғанымызға бүгін 8 айдың көлемі. Аз уақыт емес. Осы уақыттың ішінде біреу келді, біреу кетті. Ең бастысы тұрақты қолданушыларымыз бен сырттай оқып тұратын оқырмандарымызды жинап алдық. Ең бастысы, сайт өшкен жоқ, басқа жаққа көшкен жоқ. Өз ретімен даму үстінде. Тіпті, жазғы маусымдарда адамдар интернеттен алшақтайтын кезде де басқалардан бұрын бұл сайт өте белсенді болып тұрды. Ал, енді бар нәрсені қазіргі жағдаймен өлшелік. Осы уақыт аралығында қаншама жаңа қолданушылар келіп қосылды. Бұл, өз кезегінде бізді қуантатын жайт. Бірақ, көбісі әлі де сайт аудиториясына сіңісе алмай жатыр, бәлкім, тұрақты қолданушылардың кейбір адекватты емес олқылықтары мүмкіндік бермей отыр. Жоғарыдағы факторларды негізге алып, төменде жалпылама қысқаша анықтама беріп өтуді жөн көрдік.
Айтабер! — танымдық блогтұғыры деген не?
Айтабер! дегеніміз, достар, бұл әуелі қазақ интернетіндегі ең тірі орта. Жазуға және оқуға, ой бөлісуге құлшынысы бар жандардың жиналған жері. Техникалық құрылымы жағынан жекеленген және көпше блогтар болады. Біздің сайт көпше блогтың қатарына жатады. Яғни, тіркелген соң, бөлек кетіп емес, қаласаңыз да, қаламасаңыз да осындағылармен бір қазанда қайнауға мәжбүрсіз.
Қосымша: * Блог дегеніміз не?
Айтабердегі қолданушылар кімдер?
Бұл блогтұғырда тек қана Қазақстан емес, шетелде тұрып яки білім алып жатқан қаншама қазақ жастары, жоғары сынып оқушылары, орта жастағы жандар мен егде кісілерге дейін тіркелген. Сондықтан, пост немесе пікіріңізді күніне 1000-нан астам адам оқитынын ұмытпаңыз.
Жалпы не жазамын?
Әрине, барлық нәрсе туралы жаза аласыз. Бірақ, біздің сайт тематикалық блогтардың жиынтығы болғандықтан, осындағы қолданушыларға пайдасы болатын танымдық және техно тақырыптарда сөз қозғағаныңыз дұрыс. Бұл да бір қоғамдық орын болғандықтан өзіндік ережелері бар. Оны мына сілтемеден оқи аласыз. Оқымағандар міндетті түрде оқуын сұраймын. Ертеңгі күні жазылған посттарыңыз өшіп кеткен күнде, себепсіз админнің мекен-жайына қарғыс жіберіп қоймауыңыз үшін өте қажет.
Постты қалай жазамын?
Пост жазудан алдын Сайт ережелерімен жоғарғы мәзірдегі Білім Ал! айдарымен таныс болыңыз. Бұл, болашақта сіз және біздің арамыздағы түсініспеушіліктердің туындамауына өзінің септігін тигізеді.
Қандай тақырыптарда жазсам болады?
Қайта велосипед ойлап таппау үшін Aikonaның мына постын дәйектеп өте салайын. Меніңше өте түсінікті жазылған.
Ең көп қозғалатын және жалықтырмас тақырыптар:
1. Махаббат мәңгілік тақырып, қанша жүрек болса, сонша сезім түрі бар. (бір адам көп жазса жалықтырып жіберуіде мүмкін, сондықтан да түрлендіріп өзгертіп анда-санда жазу керек)
2. Қарым-қатынас (үлкендер әңгімесі, барлық адамдарға тән нәрселер)
3. Жыл мезгілі. (Әр мезгілге байланысты өзіміздің әсеріміз, әдемілігі, суреттері)
4. Сән (мода, мейлі ол шаш үлгісі, киім, тіпті жәй жаңалық болсын)
5. Демалыс орындары (қайда? қашан? қанша кетті? деген үш сұраққа жауап беріп суреттермен көркемделген)
6. Аспаздық (жасалу жолын суретпен көрсетіп жазылған)

Көп жазылып көп талқыға түсетін тақырыптар:
1. Кино және күнделікті бағдарламалар тақырыбы (ойыңыз және нақты "-" мен "+" терін көрсете білу керек)
2. Әлеуметтік тақырыптар (күнделікті өзіңізді мазалап жүрген нәрселер, тек саясат емес)
3. спорт, жарыстар (қандай болмасын, қандай ауқымды болмасын)
4. Жаңа гаджеттер мен техника артықшылықтарын салыстырмалы түрде жазу (бірақ жарнама емес, ол үшін сізге тауар шығарушы ақша төлеу керек .)

Көп жазылып аз талқынатын тақырыптар:
1. Адамның арманы (оқылуы көп, талқылану аз)
2. Мерекелерге байланысты тақырыптар (құттықтаудан аспайды)
3. Сіздің ішкі жан дүниеңіз (көбіне қыздар оқиды)
4. Өлеңдер немесе проза (жазылғаны дұрыс, бірақ шегімен)

Блогта көп жазуға болмайтын тақырыптар:
1. Саясат (барлық тд-лар, газет, ақпараттық сайттарда жазып жатқанды көп ешкім блогта оқығысы келмейді)
2. Жаңалықтар (оларды ешкім ашып қарамайды да)
3. Жарнамалық посттар (арнайы тақырыпты талқыламаса сіздің компанияңыз туралы оқитын адам аз, арнайы сол мамандыққа қатысы болмаса) © Aikona
Есті жинайық достар! Әңгімені қысқа қайырғанда, «шала» Айтаберден, дара да дана Айтаберге жоғарылайық. Бұл бөлек сайт. Ешкімнен енші алған жоқпыз. Нөлден бастап контент және қолданушы жинадық. Мұнда келіп басқа сайттардың прототипін жасаудан ешқандай да пайда жоқ. qyrmyzy тағы да толықтыра кетеді. Ойларыңыз болса, жаза отырыңыздар!
?

Пікірлер:26

avatar
  • Jako
  • 01 қараша 2012, 16:37
  • 0
Ашық, ереже түрінде болмаса осы бағытымыздан таюымыз қиын ау енді.Мына жазғандарыңыз біреуге ескерту сияқты ғой.
avatar
  • Aikona
  • 01 қараша 2012, 16:40
  • +2
Айтаберде дін мен поэзия өте көп қозғалады. Дін туралы — тақырыпты көп жазылмауы тиіс тақырыпқа қосар едім. Себебі, дін жайында өзің аз білесің және аннан- мыннан естіп, өзің дұрыс деп ойлар миыңы сыйдырып алған нәрсенің дұрыс дұрыс еместігіне көз жеткізбей жазу ол қателік. Себебі, дінде белгілі бір форма жоқ, сондықтан да өз қате ұғымыңды біреуге ұсыну ол ақымақтық! 2- поэзия. Поэзия жақсы дүние, оны жазуға болады, ол адамның ішкі жан дүниесінің ішкі баланысына көп көмек етеді, бірақ жазбас бұрын арзан сөздер мен ұйқасқа басқаша көзбен қарап көру керек шығар. Сонан кейін пікір жазғанда адамдардың жеке басына кетіп қалу басым, виртуал болса да бір бірімізді сыйлай білуіміз керек.Айтабер- жастар шоғарлаған керемет орта, жастардың талаптары, ынтасы, ойлары ұнайды.
avatar
  • Jako
  • 01 қараша 2012, 17:18
  • +1
<code>.Айтабер- жастар шоғарланған керемет орта</code>
Мына сөзіңізді жеке өз басым «Айтаберде мен сияқтыларға орын жоқ»-деп түсіне берсем бола ма? Бірақ біз де жас болғанбыз, жастар да біздей болатынын ұмытпасын.
Өзім де маған ескерту ма деп күдіктеніп отыр едім.
Пікір 2021-11-01 17:20:18 күні Jako тарапынан түзетілді
avatar
  • Aikona
  • 01 қараша 2012, 17:26
  • 0
мен арнайы бір адамға қатысты айтқам жоқ және сіздің мен үшін жасыңыздың еш маңызы жоқ (жасыңызды білмейді да екем). Мен жалпы сайт жайында айттым. Керек инфомен салыстырағанда айтаберде жастар шоғырланған (керек инфо орта есеппен 22-35 жастағылар)
avatar
Керекинфо қолданушыларының орташа жасы мен Айтабер қолданушыларының орташа жасын қосып, екіге көбейткенде, Жако екеуміздің жасымыздың қосындысы шығып қалады
avatar
  • Jako
  • 01 қараша 2012, 20:27
  • 0
Бұл есебіңнің жауабы дұрыс шықса сенде менен ұзаққа алыстамайтын сияқтысың.
Пікір 2021-11-01 20:27:45 күні Jako тарапынан түзетілді
avatar
Болды. Пасс. Гүлдендіріп әлдендіре берін. Бәрібір ойымыз бір жерден шықпайды — ұрпақтар кереғарлығы. Сіз виртқа шыдап көңіл аударасыз. Ал мен, бейшара, еріккенде ермек қылам. Енді қайталанбайды. Бас сұқпайм трэдіңізге. Қош болыңыз… © ruben
avatar
Пойдем, khairbek, нам здесь не рады
Пікір 2021-11-01 17:02:40 күні zhurttyn_balasy тарапынан түзетілді
avatar
  • khairbek
  • 01 қараша 2012, 21:24
  • 0
да уж ))))))))))))))))))) надо найти другой сайт нас здесь адамға санамайды,, мы гадкий утенокпызго среди Лебедей деген сияктыго
avatar
«Сезікті бұрын секіреді» демекші, ешкім сендерге ештеңе деп жатқан жоқ қой. Осы посттың мәтіні мен комменттарынан ондай мағынадағы сөйлем кездестірмедім. Әрекетің сайттың ережесіне сай болса болды емес па?
avatar
  • dimash
  • 01 қараша 2012, 17:17
  • 0
Негізі көпшілікке бос әңгіме ұнайды ғой…
Өмір так и так стресс, нервы, депрессии… Енді осы жерден де негатив жазылатын болса неміз қалады? Деп ойлап отырмын :)
у меня информационный голод)) Не болып жатыр өзі, где выход кто знает дегендей ғо
  • Korkem
  • 01 қараша 2012, 22:35
  • 0
avatar
  • khairbek
  • 01 қараша 2012, 22:45
  • 0
жазғасын мен сиякты жазу керекко
avatar
  • aitaber
  • 02 қараша 2012, 04:09
  • 0
Кхайрбек звезданулся? Ооо, Боже!
avatar
  • AKA
  • 02 қараша 2012, 16:30
  • 0
Қазақша шрифттермен жазуыңызды сұраймын.
avatar
Бұл сайтқа да сегіз ай болған ба. Уақыт не деген жылдам
avatar
Толық келісем.
avatar
  • konvict
  • 02 қараша 2012, 10:00
  • 0
Дұрыс, қолдаймын. Қарасақалдың қос аяғын көтеріп тұрып қолдаймын
  • Ais_97
  • 02 қараша 2012, 14:03
  • 0
Иә айтқандарыңызбен толық келісемін, пост жазғанда да дұрыстап жазу керек екенін түсіндік!8-ай да болып қапты, туған күніңмен Айтабер,үлкен белестерде жарқырап көріне бер демекпін!
avatar
  • Jako
  • 02 қараша 2012, 14:54
  • +1
туған күніңмен Айтабер,үлкен белестерде жарқырап көріне бер демекпін!

Сегіз айда туған күн бола бере ме?)))))
avatar
Шала туылған шығар біреулер сияқты
avatar
  • Jako
  • 02 қараша 2012, 15:10
  • 0
Туған күн шала туылса да бір жылда келетін сияқты еді
avatar
Айтабер енді туылатын шығар десем )
Смайлигіңіз жұрттың баласына бірдеңе дегісі келіп тұр ма қалай қалай өзі?
avatar
  • Jako
  • 02 қараша 2012, 15:19
  • 0
Жоқ, ысмайлым көп нәрсені түсінбеймін деп тұр.
  • Ak123
  • 02 қараша 2012, 20:02
  • 0
  • Ademi
  • 02 қараша 2012, 14:07
  • 0
Әрекет етейік енді! (Мына пікірімді минустамайсыздар деп үміттенем)
  • Ais_97
  • 02 қараша 2012, 14:11
  • 0
жоқ минустамаймыз!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.